Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі


-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Өз ісіңізді қаржыландырудың негізгі көздері



бет2/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Өз ісіңізді қаржыландырудың негізгі көздері


Өз ісіңізді қаржыландырудың екі варианты бар: ішкі, сыртқы. Осылардың қайсысы жақсы. Бірінші қаржы құралдарының негізгі көздерін талқылап алайық.

  1. Меншікті (собственный) қаржы. Өз ісіңізге өзіңіздің қаржыңызды салуға болады. Ұтылсаңыз да, ұтылмасаңыз да өз қаржыңыз, тәуекелге (риск) барасыз. Бұл - абсолютті вариант.

  2. Сіздің ісіңізге, сізге сеніп өз қаржысын салатын инвестор табуыңызға болады. Бірақ бұл өте салмақты дәлелдемелерді керек етеді. Нәтижесі екіталай.

  3. Несие (қаржыландырудың көп таралған түрі). Несие мемлекеттік те, жеке меншіктік те болуы мүмкін. Көп нәрсе несиенің көлеміне, қайтаратын мерзіміне, үстеме процентіне байланысты.

  4. Шетелдік әріптес табуға болады.

6-тапсырма. Несиені қалай алуға болады?

Банк мына ақпараттарды білуге тиіс:

а) Сізге қанша қаржы керек?

ә) Сіз қаржыны қалай пайдаланбақсыз?

б) Сіздің бизнесіңіз табыс әкелуге қабілетті ме?

в) Сіздің банк өз ақшасын қайтарып ала ала ма?

г) Бұл қашан болады?



Несие алу үшін банкке мынадай құжат түрлерін жинауыңыз керек:

а) кәсіпорынның жарғысы және мемлекеттік тіркелуі туралы көшірмесі;

ә) несие алушының дебиторлық қарыздары туралы анықтамасы (шот есебі ашылған банк береді);

б) несие алу үшін өтініші (фирманың директоры және бас бухгалтері атынан);

в) кепілдемелік міндеттемесі.

Сіз үшін кепілдеме бере алатын сақтандыру компаниясы, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме кепіл бола алады, кепілдік заттар:

а) директордың және бас бухгалтердің тағайындалуы туралы бұйрық;

ә) несие алу үшін бизнес жоспар.

7-тапсырма. Бизнес жоспарды қалай жасауға болады?

Үлгі:


  • Титулдық бет:

а) кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, қызметінің түрі;

ә) кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайы;

б) құрылтайшылардың аты, мекен-жайы;

в) кәсіпорын ұсынып отырған жобаның мазмұны;

г) кәсіпорынды құруға қажетті сома, жобаның құны;

ғ) шот есебінің нөмірі;

д) титулдық бетке мемлекеттік тіркелу куәлігінің көшірмесі қосылады.


  • Ұсынылған жобаның мазмұны, мәні:

а) өнім – белгіленген, жоспарланған өндіру, таралу көлемі;

ә) қызметі – жоспарланған көлемі;

б) жұмыс орнының саны, ұйымдастырылған жұмыс орны;

в) енгізілген жұмыс орындарының мерзімі.



  • Өндірістік жоспар:

а) өндірістік сипаттамасы;

ә) өндіріс орны;

б) станок, құралдар;

в) шикізат материалдарын жеткізуші.



  • Өткізу жоспары (тауарды кімге, қалай сату):

а) бағасы – ұсынылған баға деңгейі, болашақта өзгеруі;

ә) тауарды өткізу арналары;

б) маркетинг – тауардың өтімділігі қалай анықталған, түсіндіру.


  • Ұйымдастыру жоспары:

а) меншік түрі – өнеркәсіпті басқару түрі;

ә) әріптестері туралы мәліметтер;

б) әріптестерінің жауапкершілігі.


  • Қауіптілік (риск) жақтары, бағасы:

а) өнеркәсіптің әлсіз жақтары неде;

ә) бәсекелестік қабілеттері.



  • Қаржылық жоспары:

а) қаржы құралдарының көздері (жеке жинағы, банк несиесі, субсидия және т.б.) және оны өнеркәсіпті ұйымдастыруға пайдалану;

ә) кіріс және шығыс жоспары;

б) қаржы түсімдері мен төлемдер жоспары;

в) өзін-өзі өтеуі (самоокупаемость) және рентабельділігі;

г) өзіңізге қандай жалақы белгілейсіз.

Бизнес жоспардың маңызды бөлігі – жобаны ресуртық қамтамасыз ету (ресурсное обеспечение) болып табылады. Кең түрде айтатын болсақ, ресурстық қамтамасыз етуге мыналар жатады: материалдық ресурстар (транспорт, байланыс материалдары, құралдары), еңбек ресурстары (барлық категория жұмысшылары, қызметкерлері), қаржылық ресурстар (ағымдағы қаржылық құралдар, несиелер, валюта, құнды қағаздар), ақпараттық ресурстар (статистика, ғылыми-техникалық және басқа ақпараттар).

Бизнес жоспардың мазмұны тауар рыноктарына, бәсекелестердің көптігіне және құратын өнеркәсіптің болашағына байланысты. (Как организовать свой малый бизнес//”Қаржы-қаражат”, 1998)

8-тапсырма. Лексикалық тапсырма.

а) Мына сөздердің антонимін табыңыз:

жақсы ............. жеке меншік ..........

ішкі ........... кіріс ..........

ә) Мына сөздердің синонимін табыңыз:

несие ........... табыс ............

қаржы ............ мерзім ............

ұмтылу ............ нәтиже ............



9-тапсырма. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Іс, іскер, іскерлік, іс ашу, іс жүргізу, өз ісім, іскер адам, қаржы, қаржыландыру, қаржы құралдары, қаржыландыру көзі, кепілдемелік міндеттеме, бұйрық, бизнес, жоспар, техникалық-экономикалық негіздеме, кәспорынның жарғысы, шот есебі, құрылтайшылар, қаржы-экономикалық жағдайы, ұйымдастыру жоспары, қаржылық жоспары, өндірістік жоспар.



10-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Өз ісіңізді ашасыз ба?

ә) Қаржыны қайдан аласыз?

б) Банк қандай ақпараттарды білуге тиіс?

в) Несие алу үшін қандай құжат түрлері керек?

11-тапсырма. Мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.


  • Источники финансирования –

  • Организация и ведение бизнеса –

  • Выбор профессии –

  • Технико-экономическое обоснование –

  • Тесно связано –

  • Финансово-экономическое положение –

  • Инициатива –

  • Ответственность коллег по бизнесу –

  • Уделять особое внимание –

  • Гарантийное обязательство –

  • Реквизиты учредителей –

  • Самоокупаемость –

  • Информационные технологии в управлении –

  • Конкурентоспособность –

  • Финансовые и материальные ресурсы -



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет