Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі


Сөздің қисындылығы. Әдеп-ережелермен қисындылығы .Стильдік қисындылығы



бет6/15
Дата22.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#38163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Сөздің қисындылығы. Әдеп-ережелермен қисындылығы .Стильдік қисындылығы


«Он жеті мен он сегіз жас аралығындағы төбе көрсетіп үлгермеген талант – сазгерлердің республикалық «Үкілі үміт» байқауы үкісін желбіретіп өтті».

Мұндағы асты сызылған салтанатты мазмұнды сөздер қысқаша хабарлама мәтінінде орынсыз болады.



Өтіңіз», «кешіріңіз», «кіріңіз» деген сөздерді қатаң дауыспен, ашумен және тым баяу, сосын тез айтып, мағынасын ажыратып көріңіз. Сол сияқты үстелдің басында әдепсіздік танытып, адамның тамаққа деген тәбетін қашыратын сөздерді, әңгімелерді айту, келіссөзде немесе іскерлік тамақасыда дастарқан иелерінің көңіліне тиетін сөздер айту үлкен әбестік, орынсыз болады.

Контекстің қисынына сай қолданылуы


«Осы жағдайды пайдала отырып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіруге рұқсат етіңіз». Бұл сөздерді күнелікті тұрмыста айту ерсі, бірақ дипломатиялық қарым-қатынас жағдайында орынды болып есептеледі. Осы сияқты іскерлік келіссөз жүргізу барысында «Өлә!», «Масқара!», «неғып», «шіли» сияқты сөздерді айту орынсыз әрі артық болады.

Сөздің стильдік қисындылығы

Сөздің стильдік қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына тікелей байланысты болып келеді. Айталық, студенттерге арналған лекцияны балабақшада оқу ақылға сыйымсыз. Сол сияқты келіссөзде қарсы тарап түсінбейтін тілде, тым ғылыми тілде немесе тым жабайы тілде сөйлеу қисынсыз. Ол екі тараптың өзара келісімге келуіне кедергі болады. Олай болса, сіздің кездесуіңіз құрдымға кетті дей беріңіз. Сол сияқты шетелдіктермен іскерлік кездесуде халықаралық іскерлік мәдениетін, ресми стиль мәдениетін білмесеңіз, ол сіздің ісіңізге бөгет болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөтен ортада өзіңізді және өзіңіздің халқыңыздың данышпандығын көрсететін орынды айтылған ой мен сөз, сый-құрмет сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Ол сіздің көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді, сіз арқылы халқыңыздың мерейі үстем болады. Әр істің қисынын келтіру сіздің қисынды айтылған сөзіңіз бен орындаған әрекетіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз. Сөзді терең талғаммен таңдап, мағынасын ақылмен салмақтап барып жұмсаңыз. Сөзге сақ болыңыз, сөз өшіреді де, өсіреді де.



Сөздің контекстегі жағдаятпен қисындылығы

Сөзді қарым-қатынас жағдайына сай бұрмалап қолданып жатамыз. Кейде ол сәтті, ал кейде сәтсіз шығып жатады. Бұл жағдайда сөздің қарым-қатынас мақсаты мен міндетіне қызмет етуі басты талап. Сөздің контекстік қисындылығының болуы стильдік қисындылықпен тығыз байланысты. Кейде контексті, стильді ескермей, сөздің қисынын кетіріп жататын кездеріміз де болады.



Әдеп-ережелермен қисындылығы

Сөзді қиыстырып, орнымен қолдана білу тек лингвистикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мәнге ие. Сөз тек ақпаратты жеткізіп қана қоймайды, сөйлеушінің қоршаған ортаға, өзге адамдарға деген қарым-қатынасын да білдіреді. Сол себепті де сөйлеуші өз сөзінің адамдарға қалайша әсер ететіні туралы ойлануы керек. Кей кезде орынсыз ойланбай айтқан сөзімізбен біреудің жанын жаралап, байқаусызда ар-намысына тиіп, кейін бармағымызды тістеп жатамыз. Кейде сөзіміздің тым дөрекі әрі жасанды шыққанын байқап, өзімізден-өзіміз қуыстанып жатамыз. Сондықтан сөздің тұлғалық-психологиялық орнықтылығы дегенде адамның ішкі мәдениеті мен парасатын, өзге адамдармен қарым-қатынасын, сыпайылығын, тіл табыса білу қабілетін, өзге адамдармен қарым-қатынас орната алу қабілетін айтамыз.

Дұрыс айтылған сөз сізге сәттілік әкеліп қана қоймайды, моральдық және физикалық саулығыңыздың да кепілі болады.

1-тапсырма. Мәтіннің сөз қисындылығы талаптарына сай немесе қайшы жазылғанын дәлелдеңіз.

«Мен әулие емеспін. Сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу ұшса, туы желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген білек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өскен, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да игі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не білесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны білеймін және Олардың болашағына кәміл сенемін, айрықша үмітпен қараймын. Оған күн сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салып, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!» (Д.Қонаев. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы: Санат, 1994. 507-508бб.).



Сөздік қорымызға сөз қосайық!

-Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді тауып, жазыңыз.



  1. Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес _________________

  2. «Әулиелік ету», білгірсу _____________________

  3. Бірігу, тату болу _______________________

  4. Сый-құрметке ие болу _________________________

  5. Күмәнсіз, айқын ________________________

  6. Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады ____________________

  7. Ыңғайы, реті, сәті түспеу ______________________

  8. Ауыртпалық зардабы, азап, қиыншылық __________________________

  9. Берік, мықты, мығым болу ___________________________

2-тапсырма. Келесі сөздердің тыныс белгілерін қойып, 3 түрлі тонмен айту мүмкін/мүмкін еместігін анықтаңыз. Және олардың қандай жағдайда, контексте қолданылатынын жазыңыз.

Мысал

Контекстік мағынасы

Өтінемін отырыңыз

Сабырға шақыру мағынасында

Сыпайылық білдіру мақсатында

Бұйыру мағынасында

Сәкен Сәрсенұлы мен бұған келісе алмаймын










Келіссөздер қашан басталды










Бізге біраз уақыт беріңіз










Қолдаса жақсы










Мен келісе алмаймын










Сенімдеріңізге көп рахмет










Біз сіздерден күтпеп едік










Бір-екі күн күте тұруыңызды сұраймын.










Иә мен сізді тыңдап тұрмын.










3-тапсырма. Келесі сөздерді түрлі тонмен қандай контексте және қандай мақсатта қолданатыныңызды айтыңыз.

1) Маған сеніңіз (өтініп, сеніммен, кекесінмен, сұрап)

2) Серіктестігіміз жемісті болатынына сенемін! (қуанып, қуланып, сызданып айтыңыз)

3) Сөзіңізге қалай сенуге болады (ашумен, ренжіп)

4) Құттықтаймын! (қуанып, ұстамдылықпен, кекесінмен)

5) Сіздердің компанияларыңызды білеміз (білгішсініп, сенімсіздікпен, сеніммен).

6) Бұл біздің кінәміз емес (ашумен, сабырмен, ақталып)

7) Иә, айыптымыз (кешіріммен, ашумен, өкінішпен).

8) Сене алар емеспін (таң қалып, ашумен, өкінішпен).

9) Бәке, сабыр етіңіз (сабырмен, бұйырып, жанашырлықпен)

10) Сәке (ескертіп, қаратып, ашумен, сұрап, қуланып, кекесінмен)

11) Сәкен Сәрсенұлы (таң қалып, сұрап, сүйсініп, кекесінмен, бұйырып, қаратып, қуланып)

4-тапсырма. Мәтінді рөлге бөлініп, мәнеріне келтіре оқыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет