Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі


Далалық тәжірбие жұмыстарында жасалынған агротехникалық шаралар



бет11/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
ТЕСТЫ для ГЕК 2019, Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
3.2 Далалық тәжірбие жұмыстарында жасалынған агротехникалық шаралар

Тұзданған топырақтарда мақта дақылынан сапалы және мол өнім алуға әсер ететін ең үлкен фактор агротехникалық шараларды уақытылы және сапалы түрде жүргізу. Мұндай жағдайларда әрбір жылдың күз айларында міндетті түрде тұздарды шаю жұмыстарын жасау қажет.

Барлық агротехникалық шаралардың ішіндегі ең маңыздысы топырақты сапалы түрде өңдеу яғни күзгі жырту (зябь) 30-40 см қос сатылы соқамен (ПЯ - 3-35) өңдеу топырақта ылғал қорын жинауға, тамыр мен басқа да қалдықтарды жоюға, арамшөптердің санын азайтуға мүмкіндік береді [27].

Сонымен қатар егін егу жұмыстары алдында топырақты 3-5 см тереңдікте наурыз мен сәуір айлар арасында 2 немесе 3 рет ЗБТС - 2,0 агрегатымен өңдеу және де сәуір айында 12-16 см тереңдікте ҚРУ - 3,6 агрегатымен чизельдеу жұмыстары атқарылуы тиіс.Топырақты жоғары да көрсетілгендей өңдеу топырақтың құрылымын жақсаруына, арамшөптердің санының азаюына, ылғал мен ауа режимінің жақсаруына, микроорганизмдердің белсенділігінің артуына себеп болады.

Тәжірбие алаңында зерттеу жұмыстары кезінде осы аймаққа бекітілген агротехникалық шаралар жасалынды.

Қыс мезгілінде (қаңтар-ақпан) зябьке жырту, топырақты 3000/га сумен тұздарды шаю. Жерді зябьке жырту күз мезгілінің соңында немесе желтоқсан айының 3 декадасында ПЯ-3-35 соқамен 30-40 см тереңдікте жыртылды.

Жерді терең зябьке жырту тұзданған топырақ үшін ең қажетті атқарылатын шара яғни зябьке жырту арқылы тұздардың жақсы шайылуына көмегін тигізеді. Көктем мезгілінде жүргізілетін топырақты өңдеу жүйесі осы зябьке жыртуға тікелей байланысты.

Көктем айларында топырақта ылғал қорын сақтау мақсатында тырмалау жұмыстары жүргізілді. Дақылды сеппес бұрын топырақты 2 рет чизельдеп алынды.

Мақта дақылы ауа райының қолайсыздығына байланысты сәуір айының соңы мен мамыр айының бірінші жартысына дейін егілді.

Дақылдың өсіп-өну кезеңінде 2 рет тыңайтқышсыз және 2 рет тәжірбие сұлбасына минералды тыңайтқыштармен үстеме қоректендірілген болатын. Арамшөптерге қарсы 2 рет қатар аралықтарын өңдеп, зиянкестерге қарсы 20-30 мамырда Неорон (50%) 2,0-2,5л/га, мақта көбелегіне қарсы Каратэ 0,4-0,8л/га препаратарымен өңделді. Тәжірбие барысында жоңышқа дақылын 2 рет, мақта дақылын 1 рет суғару жұмысы жүргізілді. Мақта дақылына арнайы машина көмегімен дефолациялау жұмысы жасалынды.

Мақтаның өнімі қыркүйек және қазан айларында жиналып алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет