4.2 Тыңайтқыш жүйесіне байланысты топырақ құрамындағы азот пен фосфордың сіңімді мөлшерінің өзгеруі.
4.2.1 Топырақтың азот режимі.
Елімізде, атап айтар болсақ мақта егілетін оңтүстік өңірлерде нитрификациялық процестердің жүруі тым жылдам болып келеді. Сонымен қатар ашық-боз топырақтардағы карбонаттар мөлшерінің жоғары болуынан тыңайтқыш түрінде ұсынылған фосфоттардың байланысу дәрежесі жоғары болып келеді.
Академик,ғалым Н.М.Лазарев суғармалы боз топырақтар мен басқа да топырақтардың нитрификациялық қасиеттерін бір-бірімен салыстыра отырып, боз топырақтарда нитраттардың жиналу қасиеті жоғары екендігін анықтаған болатын. Оның пікірінше нитраттардың ең көп мөлшері жаз айларының ортасында келеді. Алайда, мақта дақылдарының нитраттарды өте көп дозада пайдалануына қарай, оның жоғары дозалары мамыр мен маусым, тамыз мен қыркүйек айларында көрінеді.Топырақ құрамында көптеген нитраттардың болуы мақта дақылдарын өсіру үшін өте маңызды.
Өсімдіктерді қоректендіруге қажетті нитрат пен азоттың негізгі қоры органикалық заттарды азот тыңайтқышы мен микроорганизмдермен ыдыратқанда пайда болған азот болып табылады. Табиғи қалыпта топырақ құрамындағы нитрат пен аммиак мөлшері топырақтағы гумус мен микробиологиялық процестердің әрекетіне тікелей байланысты. Танапқа жасалынатын агротехникалық шара мен қолданыстағы тыңайтқыш нитраттың жиналуы мен мөлшеріне байланысты.
Боз топырақ жағдайында дақылдың вегетациялық өсу кезеңінде азоттың кез-келген түрі нитратқа () ауысады. Нитраттар топыраққа мүлдем сіңірілмейді, сол себепті ылғалдылықпен бірге еркін күйде қозғалады. Жаздағы уақытта температураның жоғары болуынан күшті буланып нитраттар топырақтың беткі қабатына жиналып өсімдіктердің сіңімсіз жағдайына өтеді.
Капиллярлы түтіктердің көмегімен жер бетіне көтерілген нитраттардың құрамы жалпы санының 60-90%-ға жетеді.
Күз және қыс мезгілдеріндегі жауын-шашынның көптігі нитраттардың төменгі қабаттарға еніп жер асты суына қосылады я болмаса іс жүзінде жоғалып кетеді. Мұндай жағдайлар тұздарды шаю кезінде де байқалады. Сол себепті аммоний селитрасындағы азоттың жартысы нитрат болғандықтан, оны вегетациялық өсу кезеңінде қолану керек.
Мақта дақылын бір егістік жағдайында тыңайтқышсыз өсіру кезінде қорекке деген қолайсыздылық туындады. Топырақ құрамында болатын нитраттардың аз мөлшері мақта дақылын жыл сайын бір жерге еккенде байқалды.
Зерттеу жұмыстарынан шыққан нәтижелерге қарасақ, боз топырақ жамылғысында азот тыңайтқыштарын қолдану топырақ құрамындағы нитратты азоттың мөлшерін көтерген. Сондай ақ топырақтағы нитрат азот тыңайтқышына тікелей байланысты.
Мақта дақылы нитратты азотты көп мөлшерде вегетациялық кезеңнің көктеу мен гүлдеу сатыларында көп мөлшерде бойына сіңірген.
Мақта дақылы егілген танаптың 0-40 см қабатында егін егілмес бұрын нитратты азоттың мөлшері 3,5мг/кг көрсетсе, көктеп өсу кезінде нитрат мөлшері төмендеген. Көктеу уақытына нитраттың мөлшері 2,6-2,9мг/кг шамасында болған. Тәжірбие барысында минералды тыңайтқыш пен сұйық кешенді тыңайтқышты қолданған егістік алқаптарында топырақтағы азотты нитрат мөлшері 3,91-4,31мг/кг арасында болған. Мақта дақылын жинау барысында топырақтағы нитрат мөлшері төмендеп, небәрі 2,0-2,3мг/кг шамасында болды.
Кесте 6 - Мақта егісіне енгізуге ұсынылатын тыңайтқыштың жылдық үлгі нормасы:
Жоспар бойынша 1 га жерден алынатын өнім,ц
|
1 га жерге енгізілетін тыңайтқыштың жылдық нормасы, кг
|
Жоңышқа егілген жерлерді жыртқаннан кейінгі алғашқы және 2-ші жылы
|
|
Сүр жер
|
азот
|
фосфор
|
Калий
|
|
азот
|
фосфор
|
Калий
|
Сұрғылт -қоңыр топырақ
|
20-25
|
0-20
|
20-50
|
30
|
50-70
|
30-60
|
20
|
25-30
|
20-40
|
50-70
|
40
|
70-100
|
60-80
|
30
|
30-40
|
40-60
|
70-100
|
50
|
100-120
|
80-100
|
40
|
Кәдімгі сұр топырақ
|
20-25
|
0-25
|
60-80
|
30
|
65-100
|
50-75
|
20
|
25-30
|
25-50
|
80-100
|
40
|
100-130
|
75-100
|
30
|
30-40
|
50-80
|
100-130
|
50
|
130-150
|
100-125
|
40
|
Бозғылт-сұр топырақ
|
20-25
|
0-30
|
50-20
|
|
70-100
|
50-70
|
-
|
25-30
|
35-55
|
120-50
|
|
100-125
|
70-90
|
-
|
30-40
|
55-100
|
120-100
|
|
125-150
|
90-110
|
-
|
40-50
|
100-135
|
150-120
|
|
150-175
|
120-150
|
-
|
.
Суару жұмыстары жүргізілмеген танаптарда азотты нитрит мөлшері өте төмен деңгейде болған. Минералды тыңайтқыштарды беру кезінде міндетті түрде ылғалмен де қамтамасыз етуді ұмытпау керек. Минералды тыңайтқыш ылғалға тәуелді. Мақта дақылының азотты тыңайтқышқа деген талабы жоғары. Өсімдіктің тек жеміс түзу сатысында ғана азотты тыңайтқышқа деген талабы төмендейді, басқа барлық вегетациялық кезеңде қажеттілігі жоғары. Сондықтан да гүлденуге топырақ ылғалдылығын дала су сыйымын 70% (ДСС) шамасында болғаны дұрыс.
Кесте 6 - Топырақтағы нитрат мөлшері (мг/кг)
Нұсқа
|
Қабат,см
|
2016
|
2017
|
2018
|
Мақта дара егістігі
|
0-20
20-40
40-60
|
6,9
5,2
4,4
|
5,9
4,6
3,1
|
5,3
3,2
2,8
|
Мақта дара егістігі +
|
0-20
20-40
40-60
|
8,8
6,8
4,3
|
12,1
8,9
5,6
|
10,6
9,0
7,3
|
2:1 сұлба: +
|
0-20
20-40
40-60
|
7,2
6,3
5,4
|
8,6
6,7
4,6
|
16,3
12,1
8,2
|
Достарыңызбен бөлісу: |