ҚОРЫТЫНДЫ
1. Мақтаның дара дақыл егістігіне минералды тыңайтқыштарды қолданған кезде, топырақ құрамындағы органикалық тыңайтқыштардың төмендеу дәрежесі баялаған болатын. Ауыспалы егістің мақта - жоңышқа (2:1) сұлбасын қолданған кезде топырақта болатын қарашіріктің мөлшері жоғарлаған болатын (20,3%).
2. Минералдық тыңайтқыштар нитраттардың мөлшері арқылы топырақтағы азот режимін бір қалыпқа келтірді. Азот элементінің ең қолайлы режимі ауыспалы егістің (2:1) сұлбасында өсірілген мақта дақылына қолданғанда анықталды, осы нұсқада нитраттың орташа мөлшері топырақтың 0-20см қабатында 7,2-16,3мг/кг аралығында болды, ал дара мақта егістігінде бұл көрсеткіш 5,3-6,9мг/кг аспаған болатын.
3. Тыңайтқыштарды ұзақ жылдар (3 жыл бойы) үздіксіз қолданған кезде, топырақтың жыртылатын және төменгі қабаттарында фосфордың тұрақталуы мен жиналуы байқалған болатын. Мақтаның дара дақыл егістігенде фосфор көрсеткіші 11,3мг/кг шамасында болса, 2:1 сұлбалы ауыспалы егісте 19,1-25,0мг/кг көрсетті.
4. Ауыспалы егістің мақта - жоңышқа (2:1) сұлбасына тыңайтқыштарды қолданған кезде, мақта дақылының өніп - өсу мен сабақтарының түзілу жылдамдығы артып, соның нәтижесінде мақта дақылының өнімділігі (33,4ц/га) арта түседі. Минералды тыңайтқыштардың нормасын дара дақыл егістігіне қолданған кезде 20,2ц/га артса, ал тыңайтқыш қолданбаған дара дақыл егістігінің өнімділігі 14,8ц/га шамасында.
Талшықтың ең жақсы сапалық көрсеткіштері мақта – жоңышқа ауыспалы егістігіне (2:1) тыңайтқыштардың N120P80 нормаларын бергенде қамтамасыз етілді. Талшықты барлық сапалық көрсеткіштері бойынша іріктелген сортқа жатқызуға болады.
Тыңайтқыштар дара дақыл егістігіндегі мақта – дақылының рентабельділігін екі есе жоғарылатып, 47150 теңге/га шамасында таза табысты қамтамасыз етті. Экономикалық тиімділіктің жоғары көрссеткіштері, мақтаны ауыспалы егістікте (2:1) екінші жылдық жоңышқа тыңынан кейін өсіргенде 125600 теңге/га шамасында таза табыс алынып, рентабельділігі 179,9% құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |