Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі


Қоршаған ортаны қорғау мәселелері



бет18/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.

6. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеруде тыңайтқыштардың атқаратын рөлі маңызды. Қарапайым мысал, тыңайтқыш пайдаланған кезде кез-келген дақылдың өнімі орта есеппен 50-70 пайызға дейін көтерілетіні сөзсіз. Демек, тыңайтқышты қолданудан толық бас тарту, өнімділікті төмендетеді.Бірақ, тыңайтқыш қолдану ережесін сақтамау, тыңайтқыш құрамында дақылға зиянды әсер етеін улы заттардың болуы, сапасы жағынан төмен тыңайтқыштарды қолдану ең алдымен топырақтың, атмосфераның, жер асты суының және тағы да басқа бізді қоршаған түрлі обьектілердің ластануына әкеліп соғады.

Сол себепті, тыңайтқышты қолдану барысында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше мән беру қажет.

Қоршаған ортаның тыңайтқыштардыі әсерінен ластануына төменде көрсетілген жағдайлар себепші болады:

1. Тыңайтқыштарды сақтау, тасымалдау, дайындау және топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Арнайы заводта жасалған тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 15-20 пайызы төгіліп, мөлшерінің азаюына әкеп соғады. Жоғары концентрлі тыңайтқышты пайдалану барысында егістікке біркелкі шашпас өнімділік төмендейді.

2. Ғылыми тұрғыдан көрсетілген тыңайтқыш қолданудың агрономиялық технологиясының бұзылуы. Сол себепті, тыңайтқыштардың беру кезеңін, мөлшерін, әдісін дұрыс атқаруға аса мұқият болу, дақылдың қоректенуін жақсартады, топырақ құнарлығын көтереді және қоршаған ортаның ластануын төмендетеді.

3. Бізді қоршаған ортаның ластануына эрозияның да тигізетін әсері зор. Елімізде эрозияға ұшырау басым қауіпті жерлер көлемі 75 млн/га астам. Соның ішінде 5,21 млн/га астамы жел эрозиясы, 18 млн/га астамы су эрозиясына бейім. Статистика бойынша дүние жүзінің 150-200 мың га жер көлемі күніне жер эрозиясына ұшырайды. Эрозияның қоршаған ортаға тигізетін зиянды жағын есептеп жеткізу өте қиын. Мысалы, 1 га егістік алқабы жел эрозиясына ұшыраған кезде 650 кг азот, 110 кг фосфор және 100 кг алмаспалы калий жоғалтады. Су эрозиясына ұшыраған кезде әрбір 1 га егістіктен 2 тоннаға дейін азот, 250 кг фосфор және 210 кг калийден айырылады. Ресейдің атақта профессоры Д.Я.Михайловтың айтқан мәліметтері бойынша, жер бетінің көлбеуі 1,5- болған кезде, су эрозиясына ұшыраған әрбір 1 гектар жер 500-800 кг азоттан, 130-160 кг фосфордан, 4-5 тонна калийден, 9-11 тонна органикалық заттардан айырылады.

Тыңайтқыш қолданған кезде эрозия қаупі төмендеп, дақылдың жақсы өсуінен топырақ құрамындағы қоректік заттардың шайылуы азаяды.

Бұл кезде тыңайтқыш берілген танаптың өсімдігінің тамыр жүйесі жақсы жетіліп, топырақтың физика-химиялық қаситтері жақсарып, топырақтың эрозияға ұгырау қаупінен қорғап қалады.

4. Тыңайтқыштың құрамында кездесетің леспе қосылыстар мен кейбір элементтер қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Кейбір минералдық тыңайтқыштар құрамында хлор, фтор, натрий немесе улы металдар ( қорғасын, кадмий сынап) кездеседі. Бұл элементтердің кішкене ғана мөлшері дақылға пайдалы. Ал тыңайтқыштарды әрдайым қолданған кезде топыраққа улы заттармен қатар басқа қоспаларда да көп мөлшерде жиналады. Бұл қоспа мен элементтер топырақ қасиеті мен құнарлығына, дақылдың өнімі мен сапасына теріс әсерін беріп, жер асты суының нашарлауына әкеп соғады.

Қарапайым мысал: фосфорит ұнының құрамында 3-4% фтор мен 1,1-1,5% стронций кездессе, суперфосфат құрамында 1,3-2,5% фтор және 1,2% стронций болады. Тыңайтқыштардың құрамында көптеп кездесетін улы заттар оларды өндіру кезінде ішкі заттардан (апатит, фосфорит) ауысады, мысалы фосфатты руда құрамындағы фтордың 50-70% тыңайтқышта қалады. Сол себепті егістік алқабына 1т фосфор берген кезде, фосформен бірге 150 кг фтор түседі. Бұл элемент топырақтың химиялық қасиеті мен құнарлығының нашарлауына, биологиялық процестердің баяу болып, бұзылуына себепкер болады. Фтор элементі фотосинтез бен белоктің синтезделуін баяулатады. Ауыл шаруашылығындағы барлық дақылдар ауыр металдармен араласқан топырақ құрамындағы қоректік заттарды бойына сіңіреді. Өсімдік кадьмий, мырыш сияқты металдарды бойына тез сіңіріп алады. Мыс және никель элементтері де ауыл шаруашылық дақылдарына зиянды болып саналады.

Көң немесе түрлі өндіріс қалдықтарын ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне әрдайым жоғары мөлшерде беру, топырақ құрамында болатын микроэлементтердің, соның ішінде ауыр металдардың шамадан тыс көп жинақталуына әкеп соғады.

Топырақ жамылғысы мен жасыл өсімдіктердің ауыр металдармен ластанып араласуын, сондай- ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамында кездесетін улы заттардың мөлшерін реттеудің дұрыс жолы - органикалық және минералдық тыңайтқыштардың ғылыми дәлелденген нормаларын қолдану.

Азотты тыңайтқыштардың жоғары мөлшерін қолданған кезде фульво мен гумин қышқылдары және кальций, магний катиондарының топырақ жамылғысының төменгі қабатына жылжуы күшейеді, сонымен қатар дақылдың калиймен қоректенуі нашарлайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерінің құрамында болатын нитраттардың шамадан тыс артуы адамдар мен жануарлардың организіміне зиянды. Мал азығы үшін жасыл өсімдікте нитраттың мөлшері 0,3% аспауы тиіс. Егер де құрамындағы нитраттың мөлшері 0,3% артық болатын болса, малға беруге болмайды. Ал адам баласы өзінің салмағының әрбір 1 кг 5 мг көлемінде нитрат пайдалануына болады.

Өсімдік құрамында болатын нитраттардың мөлшерін азотты тыңайтқыштардың көп мөлшерін 1-2 рет бөліп беру, оргнаикалық және минералды тыңайтқыштарды бірге пайдалану, тұқым себу мерзімін сақтау немесе тағы да басқа бекітілген агротехникалық шараларды қатаң түрде сақтау арқылы реттеуге болады.


Кесте 12 - Эрозия әсерінен топырақ құрамындағы қоректік заттардың шайылуы, кг / га


Коректік заттар

Тыңайтқыш берілмеген танап

берілген танап

Топырақ массасы

4730

3500

Қара шірінді

260

128

Азот

17,1

12,0

Фосфор

14,1

10,8

Калий

93,0

69,0

Фосфорлы тыңайтқыштардан келетін көптеген зардап, оның құрамында кездесетін ауыр металдарға байланысты.Фосфор тыңайтқыштарын өндіру технологияларын жетілдіру және эрозияға қарсы жасалынатын шараларды тыңғылықты орындау арқылы бізді қоршаған ортаның фосфор элементтерімен ластануын төмендетуге болады.

Калий тыңайтқыштарын келетін болсақ, калий қоршаған ортаны аз дәрежеде ластайды. Топыраққа енгізілген калий тыңайтқыштарының құрамында кездесетен хлор элементінен көбінесе картоп, темекі, жүзім көп зардап шегеді. Жасыл шөп құрамында да калий көбейіп кетсе, жануардың улануына әкеп соғады.

Әрбір жыл сайын 1 га егістік жерден орташа есеппен 25-30 кг калий шайылады.

Органикалық тыңайтқыш түрі мен ағын суларды пайдалану, шөгінділерді пайдалану топырақтағы ауыр металдардың мөлшерін жоғарлатады. Қоршаған ортаның улы, ауыр заттармен ластануын азайту мақсатында міндетті түрде төменде көрсетілген шараларды жүзеге асыру тиіс:

1. Өсімдіктердің биологиялық, топырақ - климатқа деген талаптарын ескере отырып тыңайтқыштардың қолайлы түрін, мөлшерін, топыраққа енгізу әдісін дұрыс таңдай білу.

2. Қышқыл және кебір топырақтарды химиялық әдіспен мелиорациялау үшін әк, гипс тыңайтқыштарын қолдану.

3. Органикалық тыңайтқыштарды сақтау, жинау, пайдалану баырысында агрономияда негізделіп көрсетілген ережелерді сақтай отырып, минералды тыңайтқыштармен ұтымды ұштастыра қолдану.

4. Ғылымға негізделіп жасалған ауыспалы егіс жүйесін меңгеру.

5. Топырақты жел және су эрозиясын сақтауға арналған агрономилық шараларды орындау.

6. Әртүрлі ауру мен зиянкестерге бейім, төзімді ауыл шаруашылық дақылдардың сорттарын егу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет