Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі


Ауыспалы егістегі мақта дақылына тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі



бет17/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.

5.3 Ауыспалы егістегі мақта дақылына тыңайтқыш қолданудың экономикалық тиімділігі.
Қолданылған тыңайтқыш түрлері мен ауыспалы егіс жүйесінің егістікке тиімділігін анықтау кезінде ең басты көрсеткіш 1га аумақтан алынатын таза пайданың шамасы болып есептеледі. Сондай-ақ, олардың әсерлері бойынша алынған мақта талшығының сапасы мен мөлшері және оның өзінік құны мен шығындарыны есепке алынды.

Мақта шаруашылығында, алынған таза өнімнің шамасын, қосымша өнім мөлшері және оны алуға кеткен барлық шығындардың мөлшерін салыстыра отырып анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген зерттеу нәтижелеріне қарасақ, мақта дақылына әртүрлі тыңайтқыштар мен ауыспалы егістіктер түрлі өнімділіктер шамасын көрсетіп, экономикалық тиімділіктері де әртүрлі деңгейде өзгерді. Бұл жайлы мағлұматтар төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте де көрстілген мәліметтерге қарасақ, мақтаны дара дақыл ретінде тыңайтқыш қолданбай өсіргенде бар болғаны 15,4ц/га өнімділікті көрсетіп, 1 га егістіктен алынған таза табыс 240000 теңгені көрсетті.

Мақта дақылына минералдық тыңайтқыштарды қолданған кезде мақта өнімділігі 19,5ц/га артып, 1га егістіктен алынған таза табыс 48200 тенге немесе 2,2 есеге жоғарылады.

Тәжірибеде мақтаның ең жоғарғы 32,6ц/га өнімділігін және 125600 теңге/га таза табысты ауыспалы егістік жағдайында өсіргенде қамтамасыз етілді. Мақта дақылын екінші жылдық жоңышқа тыңынан кейін, минералдық тыңайтқыштардың N120P80 мөлшерін қолданып өсіргенде, гектарынан ең жоғарғы 125600 теңге шамасында таза табыс алуға қол жеткізуге болады.

Мақтаны тыңайтқышсыз дара дақыл ретінде өсіргенде, рентабельділік деңгейі төмен 36,6% болса, дара дақыл егістігіне тыңайтқыштың N150P80 нормасын қолданғанда оның деңгейі 70,5% өсті, ал мақта дақылын ауыспалы

егістікте өсіріп, N120P80 мөлшерінде тыңайтқыштарды қолданғанда рентабельділік деңгейі күрт жоғарылап 179,4% құрады

Кесте 12 - Мақта-жоңышқа және мақта дара дақылы егістіктерінің салыстырмалы экономикалық тиімділіктері:


N

Ауыспалы егісмтік

Жылдық норма, кг/га

Жалпы өнімділік

ц/га


Сатылу бағасы, теңге

Өнімнің жалпы құны, теңге/гп

Өнімге жұмсалған шығын, теңге/га

Таза табыс, теңге

Рентабельділік деңгейі,

%


N

P2O5

1

Мақтаның дара егістігі, тыңайтқышсыз

-

-

14,7

60000

82000

60000

22000

36,6

2

Мақтаның дара егістігі + N150P80

150

80

19,0

60000

114000

66850

47150

70,5

3

Схема 2:1

2 жыл жоңышқа: 1жыл мақта + N120P80



120

80

32,6

60000

195600

70000

125600

179,4

Тыңайтқышты қолданудың тиімділігін өнімнің қосымша деңгейімен ғана өлшеу оның нәтижелігін шынайы бағалау мүмкіндігін бермейді. Өнімнің өтелімділігінен басқа тыңайтқыштарға салынған құралдардың қаржылай түрде орнын толтыру қажеттігі маңызды мәнге ие. Бұл нарықтық экономиканың қазіргі жағдайларында аса маңызды мәселелердің бірі. Минералдық тыңайтқыштар өте қымбат тұрады, ал оларды тасымалдау, сақтау және енгізуде біршама шығындарды қажет етеді. Минералдық тыңайтқыштарды енгізуге тасымалдауға айтарлықтай қаржы жұмсалып жатыр. Сол себепті, жұмсалған қаржының толық жабылған жағдайында және таза табыстың белгілі бір деңгейін алғанда ғана енгізілген тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігі туралы айтуға болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет