5.Қоректену режиміне байланысты дара және ауыспалы егістікте өсірілген мақта дақылының өнімділігі.
5.1. Қоректену жағдайы мен ауыспалы егісте өсірілуіне байланысты мақта дақылының өніп - өсуі мен өнімділігі.
Көптеген еліміздің немесе шет ел ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен жоғары да көрсетілгендей тәжірбие жұмыстары, кез келген ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін топырақ пен климат әсеріне қарамастан, тыңайтқыш пен ауыспалы егісті қолдану арқылы көтеруге болатынын айқын дәлелдеп берген болатын.
Кез-келген ауылшаруашылық дақылдың өнімділік мөлшері артқан сайын топырақ жамылғысынан алынатын қоректік заттар мөлшері көбейетіні айқын, сол себепті әрдайым шығын болған қоректік заттарды тыңайтқыштар арқылы қалпына келтіріп, толтырып отыру қажет.
Сол себепті, қазіргі таңда еліміздің ауылшаруашылық дақылдарынан, соның ішінде арнайы мақта дақылынан сапалы, мол өнім алуға негіз болатын фактор - ауыспалы егіс жүйесі мен тыңайтқыштарды қолдану.
Кесте 9 - Әрдайым мақта егілген егістен тыңайтуылына қарай алынған мақта өнімі:
Тәжірбие түрлері
|
Бір гектар жерден алынған мақта өнімі, ц есебімен
|
2016
|
2017
|
2018
|
Тыңатқыш қолданған егістік
|
27,6
|
31,3
|
34,5
|
Тыңайтқыш қолданбаған егістік
|
15,6
|
14,2
|
15,1
|
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей ауыспалы егістегі алғы дақылдар және дара мақта дақылы танабы, сондай-ақ тыңайту жүйесі қолданған мақта егістігі тек топырақтың құнарлығына ғана емес, ең басты дақыл - мақтаның өніп-өсуі мен өнім мөлшеріне әртүрлі жағдайлар туғызды. Бұл жайлы мәліметтер төмендегі суретте толық қанды баяндалған (7-сурет).
Ауыспалы егіс жүйесінде мақта дақылының өніп-өсуі үшін бірқатар қолайлы жайттар пайда болатыны зерттеу жұмыстарында анықталды. Мысалы, тыңайтқышсыз өсірілген мақта танабында, үш жыл ішінде орташа есеппен мақтаның сабағының ұзындығы небәрі 75,6см көрсетсе, тыңайту жүйесінің нopмaсын қолданған кезде, дақылдың сабағының өсуі байқалып, ұзындығы 86,7см жеткен (7-кесте)
Сурет 7 - 2:1 ауыспалы егіс жүйесі мен дара дақыл тәжірбиелік егістіктеріндегі мақтаның өніп-өсуі мен өнімділігі,ц/га
Көріп тұрғандарыңыздай мақта егістігіне тыңайтқыш үнемі енгізу мақта егісінің өнімділігін молайтып қана қоймайды, сонымен бірге топырақтың құнарлығын да арттырады. Бұның өзі алдағы уақытта тыңайтқыштарды аз жұмсай отырып, мақта егістігінен мол, әрі тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді.
Кесте 10 - Ауыспалы (2:1) және дара дақыл егістіктеріндегі мақтаның өсіп-дамуы мен өнімділігі:
Ауыспалы егіс сұлбасы
|
Көрсеткіштер
|
2016
|
2017
|
2018
|
Орташа көрсеткіш
|
Мақта дара танабы,тыңайтқышсыз
|
Өсімдік биіктігі,см
|
70,3
|
76,9
|
77,8
|
75
|
Жеміс салатын сабақтар саны,дана
|
6,9
|
7,3
|
7,6
|
7,2
|
Қауашақтар саны
|
4,8
|
4,3
|
4,0
|
4,3
|
Өнім,ц/га
|
14,9
|
15,3
|
14,4
|
14,8
|
Мақта дара танабы+
|
Өсімдік биіктігі,см
|
89,3
|
83,2
|
88,0
|
86,8
|
Жеміс салатын сабақтар саны,дана
|
10,9
|
9,6
|
9,1
|
9,8
|
Қауашақтар саны
|
8,1
|
8,7
|
7,8
|
8,2
|
Өнім,ц/га
|
18,9
|
20,7
|
21,1
|
20,2
|
2:1 Сұлба
2 жыл жоңышқа:1 жыл мақта+
|
Өсімдік биіктігі,см
|
1-ші жылдық жоңышқа
|
2-ші жылдық жоңышқа
|
97,1
|
|
Жеміс салатын сабақтар саны,дана
|
13,8
|
|
Қауашақтар саны
|
12,1
|
|
Өнім,ц/га
|
50,3
|
80,1
|
33,4
|
|
Мақта - жоңышқа ауыспалы егістігінде мақта дақылының сабағының ұзындығы 97,1см жеткен болатын.
Мақта дақылының вегетациялық кезеңдерін бақылау кезінде, дақылдың сабақтары мен қауашақтарының түзілуіне ауыспалы егіс жүйесі мен тыңайтқыштар әсері жоғары болды. Тыңайту шарасы жүрмеген, дара дақыл егістігінде орташа есеппен мақта сабақтарының саны 7,2 дана болса, тыңайтқыштарды қолданған кезде сабақтың саны 9,8 данаға жетуіне әсерін тигізді.
Жеміс түзетін сабақтарының көп мөлшері де ауыспалы егіс танабында түзілген болатын.
Ауыспалы егіс жүйесі мен тыңайтқыштарды дер кезінде қолдану, дақылдың гүлдеу кезеңі мен пісіп-жетілу мерзімінің аз да болса қысқаратыны зерттеу нәтижелері көрсетті. Бір өсімдікте болатын қауашақтардың ең көп саны- 12,1 дана ауыспалы егіс танабында көрінген болатын.
Дақылдың қауашақтарының түзілу жылдамдығы мақта дара дақыл танабында өте төмен деңгейде болып, бір өсімдіктегі саны небәрі 4,3 данадан аса алмады. Тыңайту жүйесі қолданған мақта дара дақыл танабында қауашақтар саны 8,2 данаға көбейіп, дара дақылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты.
Мақта дақылын ауыспалы егіс жүйесімен өсіру, тыңайтқыштарды қолдану, сондай - ақ агротехникалық шараларды дер кезінде сапалы жүргізу мақта дақылының өсіп-өну кезеңдеріне айрықша әсерін тигізіп, өнімділігін көтереді.
Мақта - жоңышқа ауыспалы егіс танабында жоңышқа тыңынан кейнгі өсірілген мақта дақылының өнімділігі 33,4ц/га құрады.
Мақта дақылының ең төмен өнімділік көрсеткіші - тыңайтқыш қолданбаған дара дақыл танабында болды. Орташа есеппен дара дақыл өнімділігі небәрі 14,8ц/га көрсеткен болатын. Мақта дақылына жыл сайын тыңайтқыш берілген кездегі қосымша өнімділік 2,0-7,0 ц/га аралығында болды.
Достарыңызбен бөлісу: |