ә) ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
б) ҚР-ның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы
в) “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы
“Мемлекеттік бағдарламалар” терминінінің мағыналық ауқымы кең,ол мемлекет бюджетінің мүмкіндіктерін ескере отырып,түрлі шараларды қаржыландыру кезінде де қолданылады.
Мемлекеттік бағдарлама - ресурстар орындаушылар ғылыми-зерттеу,өндірістік,әлеуметтік-экономикалық,ұйымдық және басқа шаралар.Мемлекеттік бағдарламалар экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады.Мемлекетті басқарудың бағдарламасы мақсатты әдістерін пайдаланудың тиімділігі бірнеше жағдайларға байланысты.
Оларға шешілетін мәселенің уақытша сипаты,түпкі мақсатқа белгіленген мерзімде жету мүмкіндігі,міндеттердің кешенді сипаты жатады.Мемлекеттік бағдарламаларда орындалатын жұмыстар мен міндеттердің барысын танытатын көрсеткіштерге баса назар аударылады.
2016 жылдың 29 желтоқсанында “Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.Бұл бағдарламаның басты міндеті жұмыссыз,өзін-өзі жұмыспен қамтымағандар және біліктілігі жоқ азаматтарды,сонымен қатар аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан азаматтарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту болып табылады.Аталған бағдарлама 3 бағытта іске асырылатын болады: 1)Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Аталған бағыт бойынша жұмыссыз азаматтардың ішінен 1500 жұмыссызды және өнімсіз жұмыспен қамтығандарды оқыту жоспарлануда,оның ішінде: -кәсіптік оқыту (ұзақ оқыту) – 965 адам -қайта даярлау (қысқа мерзімде) – 535 адам Қазіргі таңда 355 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша қаладағы арнайы орта оқу орындарында жолдама алып,оқуға жіберілді;
2) Жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бағыт бойынша жұмыссыз азаматтарды микрокредиттер алуға және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарға өз ісін ашуға қолдау көрсетеді.Қызылорда қаласында 153 адамға республикалық бюджеттен 210 млн теңге шағын несие тарату жоспарланып отыр.Бүгінгі күнге 219 адам өз кәсібін ашуға ниет білдірді. 3)Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығын дамыту. Осы бағытта жұмыссыз азаматтарды жастар практикасы,қоғамдық жұмыстар,әлеуметтік жұмыс орындары бойынша міндеттерді іске асыруды көздейді.
Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 118 жарлығымен бекітілді.
30 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін экономикалық ынтымақтастық және дамуы ұйымы елдері мен Қазақстанның дамуы арасындағы аймақтарды құру қажет.
Осыған орай мемлекет ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға,денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға,сондай-ақ қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етуге тиіс. Осы бағдарлама қол жеткізілген нәтижелерді бекіту мен дамытуға және денсаулық сақтау мәселесіндегі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталады,сондай-ақ салалық 2050 жылға дейінгі жоспарлы дамуы үшін негіз болады.
“Денсаулық-2020” бағдарламасы
Бағдарламаны іске асыру Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының “Денсаулық-2020” саясатының түйінді қағидаттарына сәйкес халықты жаппай қамту,әлеуметтік әділеттілік,сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету және денсаулық үшін ортақ жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып,әлеуметтік бағдарлама ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығы мен серпінді дамуына ықпал ететін болады. Бағдарламаның мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы тарихи естеліктерді құрметтеу,қадірлеу,қорғау бағдарламасы.Әлеуметтік және экономикалық дамуымыздың,негізгі бір бөлшегі. Бұл бағдарлама: Өскелең ұрпақтың ежелгі тарихпен,яғни,ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен,салт-санасымен байланысуын зерттейді.Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қасатын жолды құрап,уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп тек тарихты ғана емес,сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды.Сондықтан да,Елбасымыз осыдан 14 жыл бұрын,яғни,2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы “Мәдени мұра” бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып,қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті: бағдарлама аясында “Мәңгілік сарын:қазақтың 1000 күй,1000 әні” қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды,және кітаптар басып шығарды. Барлығы 11 елден 51 мұрағат пен 31735-ке жуық құжат қазақ елінің тарихының XVI-XX ғ.ғ. Аралығын қамтиды.