Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет25/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Көтен ішектің бітеліп қалуы - бұл аномaлия бала өміріне қауіпті. Жаңа туылған баланы қарау, көтен ішек қызметін қадағалау арқылы анықталады.
Саусақ көптігі - аяқ және қол саусақ санының көбеюі.Қосымша саусақ көп жағдайда дұрыс жетілмеген болады.
Бір біріне жабысып калған егіздер - егіздің бірігіп өсуі егіздің жартылай ажырауы бір ұрықты егіздікте байқалады. Бас, кеуде, іш, жамбас тұстарында жабысады. Кейбір дене бөліктерінің қосарлануымен сипатталатын кемтар бала туылады. Босану процесі кезінде қиыншылық туғызады. Жабысудың кейбір түрлерінде көз, құлақ, аяқ – қол, жыныс мүшелер, жүрек тамырлар жүйесінің кемтарлықтары кезінде босану процесі өздігінен аяқталуы мүмкін.
Алып бала – туылған бала 5000г асады. Мұндай бала мезгілінен кеш, кейде мезгілінде туылады. Баланың алып болуына анасының қант диабеті және басқа аурулары әсер етеді. Босану процесі кезінде асқынулар байқалады. Босану процесі кезінде бала басы, кеудесі, денесі кедергі болуы мүмкін.

Ұрық қабаттарының аурулары


Ұрықтың көпіршік тығыны – бұл ұрық қабаттарының ауруы, хорион түктер іші ашық сұйықтықта толы көпіршікке айналады. Көлемі әр түрлі болады, сұлы тұқымынан шие сүйегінің көлеміне дейін. Түк эпителиі өсіп ісінеді, көпіршіктегі децедуальді қабатқа өсе бастайды, көпіршік маңайында қан құйылған бөртпелер пайда болады, кей жағдайда көпіршіктер децедуальді қабаттан жатыр бұлшық ет қабатына өсіп, жатыр қабырғасын бұзып іш қуысына түседі. Бұл жатыр қабырғасын тесіп өтетін түрі сирек кездеседі. Ұрықтың көпіршік тығыны толық және жартылай болады. Толық түрінде барлық хорион түктері көпіршікке айналады, жүктіліктің алғашқы бірінші айларында кездеседі. Жартылай түрі жүктіліктің кеш мерзімінде байқалады, бала орны түктерінің көп не аз бөлігі көпіршікке айналады.
Толық түрінде бала өледі, ыдырап, сіңеді.жартылай түрінде де көп жағдайда бала өледі. Бала өлгеннен кейін көпіршіктер өсе береді, жатыр өлшемі де тез өсе бастайды. Аналық бездерде сары денеден киста пайда болады, ол көпіршіктерді алып тастағанда жойылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет