Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Ұрық көпіршігінің клиникалық белгілері



бет26/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Ұрық көпіршігінің клиникалық белгілері:
1.Жүктіліктің мерзімі мен жатыр көлемінің сәйкес келмеуі. Жатыр көлемі әдеттегі жүктілік кезіндегі көлемін артық жатыр жұмсақ болады.
2.Жүктіліктің анықталынған белгілері болмайды, бала бөліктері анықталынбайды, жүрек соғысы және қозғалысы болмайды.
3. Жатырдан қан кету. Қан кету алғашқы айларда басталып бір қойып, бір күшейіп көпіршіктер туылғанға дейін созылады. Қан сұйық, қоңыр қан мен аралас көпіршіктермен бөлінеді. Көпіршік туылған кезде қан кету күшейеді.
4. Ұрық көпіршігінің өтуі жүктілік кезіндегі токсикоз ауруларының пайда болуымен асқынады.
5. Қан аздық байқалады.
Ұрық көпіршігі жүктіліктің 5-6шы айларында өздігінен туылады, одан да ұзақ созылуы мүмкін. Туылатын көпіршік жатыр қабырғасынан ажырап, толғақ күшінің әсерінен сыртқа шығады. Тесіп өтетін түрінде әйел өміріне қауіпті қан кету байқалады. Кей жағдайларда ұрық көпіршігінен кейін қатерлі ісік – хорион эпителиома дамиды. Ол тез өседі, алыс жатқан мүшелерге гематогенді жолмен метастаз береді. Диагноз қою клиникалық белгілеріне, УДЗ әдістеріне сүйенеді. Диагноз қойылғаннан кейін әйелді жедел түрде емзанаға жібереді. Жатыр қабырғасынан көпіршік ажырауын және жатыр жиырылуын күшейту үшін дәрі – дәрмек салады. Қан кеткенде және жатыр ернеуі жеткілікті ашылғанда көпіршікті саусақпен алып тастайды. Егер жатыр ернеуі жабық болса, оны кеңейткіштермен ашады. Жатыр ішін қыру өте қауіпті, жұқарған жатыр тесіліп қалуы мүмкін. Көпіршік туылғаннан кейін жатыр жиырылады, жатыр ішін құралмен тексеріп щығарады, әйел бір- бір жарым жыл ішінде дәрігер қадағалауында болады.

Жаңа туған нәрестенің гемолиз ауруы
85% - адамдардың қанының құрамында резус фактор деп аталатын антиген болады. 15% адамдардың қанында резус фактор болмайды. Егер анасының қанында резус фактор болмаса, ал әкесінің қанында резус фактор болса, көп жағдайда резус фактор бала қанына плацент арқылы ана қанына өтеді. Бұған жауап ретінде ана қанынды резус антитела пайда болады, ол плацента арқылы бала қанына өтеді. Эритроциттің гемолизін туғызады. Гемолиз ауруы пайда болады.Резус факторы жоқ әйелдерде алғашқы жүктілігінде антитела пайда болуы сирек.Көбіне бұрын босанған әйелдерде жиі кездеседі. Оның пайда болуына бұрынғы қан құю, аборт сияқты факторлар әсер етеді. Бала гемолиз ауруымен туылады. Оның негізгі белгілеріне: қаназдық, терінің сарғыштануы және тілдердің ісінуі жатады. Аурудың ауыр емес түрінде қан аздық пен сөл дамыған терінің сарғаюы байқалады. Аурудың ауыр түрінде барлық клиникалық белгілері дамыған. Сонымен қатар бауыр мен талақтың үлкеюі, ми қабығының ісінуі, асцит байқалады. Көп жағдайда аурудың ауыр түрінде сөл дамығанда ем қолданбаса баланың өліп кетуі мүмкін, өйткені гемолизге байланысты қан аздық, терінің сарғыштануы ұлғая түседі.нәрестенің гемолиз ауруын емдеу алмастырып қан құюдан тұрады, көрсетулеріне байланысты плазма, белокты препараттар құйылады. Қажет болғанда преднизалон, В тобының витаминдері, бауыр препараттары беріледі. Гемолиз ауруының алдын алу мақсатында резус антигені жоқ әйелдерге бірінші баласын туғаннан кейін арнайы гамма глобулин салаады. Жүктілік кезіндң резус антитела мөлшері анықталады. Резус антигені жоқ жүкті әйелдерді босану үйінің патология бөлімінде жатқызып қадағалайды, арнайы бақылауға алынады.
Кіндік анамолиясы
Жетілген бала кіндігінің ұзындығы 50см, кейбір жағдайларда кіндіктің ұзаруы немесе қысқаруы байқалады. Ұзын кіндікте босану процесі асқынусыз өтуі мүмкін. Көбіне ұзынкіндік баланың мойнына, денесіне, немесе аяқ қолдарына оралады. Мұндай жағдайда баланың туылуы кезінде кіндік тарылады, кіндік тамырларының тарылуына әкеледі. Баланың тұншығуы немесе өлі туылуы мүмкін. Баланың суы кеткенде бала басы қозғалатын жағдайда ұзые кіндіктің түсіп кетуі мүмкін. Қынапқа түскен бала басы мен жамбас сүйектерінің арасында қысылып қалады. Жедел түрде көмек көрсетілмесе баланың тұншығуы мүмкін. Абсолюттік түрінде кіндіктің баланың басы немесе денесіне оралу нәтижесінде қысқаруын салыстырмалы қысқару деп атайды.
Өте қатты қысқарған кіндік бала қимылына кедергі жасайды. Баланың дұрыс орналаспауына әкеп соқтырады. Күшену кезінде қысқа кіндік тарылады. Ол босану жолдарынан өтетін бала қозғалысын төмендетеді немесе бала орнының мезгілінен бұрын ажырауын туғызады.
Кіндіктің шын мәніндегі түйіні сирек кездеседі. Жүктіліктің ерте мерзімінде онша үлкен емс бала кіндік арасымен өтіп кетіп кіндік түйінінің пайда болуына әкеп соқтырады .Егер түйін қатты байланбаса бала туылады. Түйін жүктілік босану кезеңдерінде байланып қалуы мүмкін. Бұл кезде тұншығып өлуі мүмкін. Жалған кіндік түйіні кіндік бойының белгілі бір бөлімдері жеклкген түйін, ол кіндік көк қан тамырының варикозды кеңеюінен пайда болады. Жалған түйіннің балаға тигізер көп әсері жоқ.
Кіндік плацентке ортасын немесе бүйір жағына бекиді. Шетінен бекіну сирек кездеседі.Кейде кіндік плаценттің шетіне қарай оның қаьаттарына бекінеді. Мұндай бекінуді кіндіктің тамырлары плацентке су және түкті қабаттар арасымен өтеді. Егер қабаттың бұл бөлігі жатырдың төменгі сегменттерәнде орналасса босану процесінде оның жыртылуы мүмкін.бұзылған кіндік тамырларынан қан кетеді.Ол іштегі бала өміріне қауіпті.
Баланың ңште өліп қалуы
Баланың іште өліп қалу себептері:
1.Жүкті әйел аурулары: кеш токсикоз, жүрек, бүйрек аурулары
2. Жүкті әйелдің жұқпалы аурулары
3. улану
4. Ұрық патологиясы
5. Ана мен бала қанының резус фактор бойынша сәйкес келмеуі
6. Кіндіктің шын мәніндегі түйіндері
7. Бала жолдасының мезгілінен бұрын ажырауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет