Қазақстан республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді


Іштегі нәресте дамуының ауытқулары мен



бет14/24
Дата29.12.2021
өлшемі99,22 Kb.
#106273
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Акушерия тесттер..
№33, 11 сын№2 БЖБ дайын
Іштегі нәресте дамуының ауытқулары мен

аурулары

1.Көпіршікті тығынның толық түрі кездеседі:

а) жүктіліктің ерте мерзімінде

б) жүктіліктің кеш мерзімінде

в) жүктіліктің соңында

г) босанудың бірінші кезеңінде

д) босануда

2.Көпіршікті тығынның қауіптілігі:

а)қан кетеді

б) гестоз дамиды

в) қатерсіз ісік дамиды

г)аналық бездің кистасы дамиды

д) іштің ауруы

3. Жүктілік кезіндегі көпіршікті тығында:

а) баланың жүрек соғысы анықталмайды

б)жатыр кішірейеді

в)жатырдың көлемі жүктілік мерзіміне сәйкес келеді

г)баланың ірі бөліктері анықталады

д) АҚҚ жоғарлайды

4. Жүктілік кезіндегі көпіршікті тығынның толық түрінде:

а)хорион түктері түгелдей көпіршікке айналады

б)хорион түктері жартылай көпіршікке айналады

в)көпіршік болмайды

г)ұрық дамиды

д) тахикардия

5. Қалыпты жағдайдағы кіндіктің ұзындығы:

а) 50 см

б) 10 см


в) 25 см

г) 12 см


д) 1м

6.Ұрық қабаттарының аурулары:

а) көпіршікті тығын

б) эклампсия

в) преэклампсия

г) вирусты гепатит

д) эндометрит

7.Қағанақ суының көптігінде кездеседі:

а) кіндіктің бала мойнына оралуы

б) ұрықтың гипотрофиясы

в)ұрықтың гипоксиясы

г)ұрықтың асфиксиясы

д) ұрықтың гипертрофиясы

8.Қысқа кіндіктің тигізер әсері:

а)ұрықтың гипотрофиясы

б)ұрықтың гипоксиясы

в)кіндіктің бала мойнына оралуы

г) плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы

д) ұрықтың гипертрофиясы

9.Құрсақ ішіндегі баланың өлу себептері:

а) әйелдің жүктілік кезінде әр түрлі жұқпалы аурулармен ауыруы

б) бала жолдасының мезгілінде ажырауы

в) гипотониялық жатырдан қан кету

г) толғақтың басталуы

д) қағанақ судың кетуі

10.Қағанақ суының көптігінің даму себептері:

а)амнионды қабаттың қызметінің бұзылуы

б) плацентаның дұрыс орналаспауы

в) плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы

г)көпіршікті тығынның пайда болуы

д) толғақтың басталуы

11.Көпіршікті тығын жағдайындағы емі:

а)саусақпен көпіршікті түсіреді, сосын өткір емес кюреткамен жатыр қуысын

қырады

б) жатырды өткір кюреткамен қырады

в)жатырды жиыратын дәрілер салады

г)жатырдың керілуіне қарсы дәрілер салады

д) жатыр қуысын қыру

12.Қағанақ суының аздығының ұрыққа тигізетін әсері:

а)ірі бала туылады

б)гигант бала туылады

в)мүшелердің жабысып қалу ақаулықтары дамиды

г)туа біткен мерезбен туылады

д) ерте босану

13.Микроцефалия -

а) бас миының ісінуі

б)бас өлшемінің кішіреюі

в) бас өлшемінің ұлғаю

г) ми жарығы

д) су жиналу

14.Гидроцефалия кезінде босану процесінде байқалатын асқыну:

а) бала орнының мезгілінен бұрын ажырауы

б) коагулопатиялық қан кету

в)жатырдың жыртылу қаупі

г) босану қызметінің әлсіздігі

д) қан кету

15.Құрсақішілік өлімнің белгілері:

а) анасы ұрық қозғалысын сезеді

б) жатырдың өсуі байқалады

в)ұрықтың қимылы болмайды

г) жүктілікке тән белгілер болады

д) қан кету
16.Ұрықтың құрсақ ішілік өлуін анықтау үшін қолданылады:

а) кольпоскопия

б)кульдоскопия

в)ультрадыбысты зерттеу, кардиотокография

г)лапороскопия

д) КТГ


17. Абсолютті қысқа кіндіктің ұзындығы:

а) 50см


б) 70см

в) 80см


г)40см – ден төмен

д) 60 см


18. Көпіршікті тығынның жартылай түрі кездеседі:

а) жүктіліктің ерте мерзімінде

б)жүктіліктің кеш мерзімінде

в) жүктіліктің соңында

г) босанудың бірінші кезеңінде

д) босанудың екінші кезеңінде

19.Ұрық көпіршігінен дамиды:

а) жатырдан тыс жүктілік

б) жатырдың қабынуы

в) аналық бездің қатерлі ісігі

г)жатырдың қатерлі ісігі-хорионэпителиома

д) қан кету


20.Кіндіктің аурулары:

а) түйінсіз кіндік

б) қалыпты жағдайдағы кіндік

в) кіндіктің шын және жалған түйіні

г) ұзармаған кіндік

д) қысқарған кіндік

21 Құрсақ ішіндегі баланың дұрыс жетілмеу себептері:

а) қоршаған ортаның зиянды әсерлері

б) кеш гестоздар

в) плацентаның аурулары

г)барлық жауабы дұрыс

д) азсулы жүктілік

22.Қағанақ суының көптігінде босану кезінде жиі байқалатын асқыну:

а)қан қысымының төмендеуі

б)қан қысымының жоғарылауы

в)баланың майда бөліктерінің, кіндіктің қынапқа түсуі

г) босанудан кейінгі септикалық аурудың дамуы

д) плацентаның аурулары

23.Көпіршікті тығында жатырды қыру қауіпті:

а)мезгілінен бұрын босану қаупімен

б)қағанақ суының ерте кетуімен

в) эндометрит дамуымен

г)жұқарған жатыр қабырғасының тесіліп, көп қан кетумен

д) қан кетумен

24.Қағанақ суының аздығының даму себептері:

а)амнионды қабат эпителий қызметінің төмендеуі

б) плацентаның дұрыс орналаспауы

в) плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы

г) көпіршікті тығынның дамуы

д) ерте босану

25.Гидроцефалия-

а)бас миының қарыншаларында сұйықтықтың көп жиналуы

б) бас өлшемінің кішірейуі

в)бас сүйегі күмбезінің болмауы

г) ми жарығы

д) бас өлшемінің үлкеюі

26.Анэнцефалия-

а) бас миының ісінуі

б) бас өлшемінің кішірейуі

в)үлкен ми мен бас сүйегі күмбезінің болмауы

г) ми жарығы

д) бас өлшемінің үлкеюі


27.Перинаталдық скрининг әдісі не үшін жасалады?

а) жүктіліктің мерзімін анықтау үшін

б) босану мерзімін анықтау үшін

в)іштегі ұрықтың туа біткен ақауларын және хромосомдық аномалияларын анықтау



үшін

г) нәрестенің позициясын анықтау үшін

д) босандыру үшін

28.Перинаталдық скрининг әдісінде:

а) жүктіліктің 10-14, 20-24, апталығында ультрадыбысты зерттеу жүргізіледі

б )туа біткен ақаулар мен хромосомдық аномалияларға маркерлерге тексеру жүргізіледі

в) инвазивті зерттеу жүргізіледі

г) барлық жауабы дұрыс

д) 30-34 апталығында ультрадыбысты зерттеу жүргізіледі

30.Ұзын кіндіктің тигізер әсері:

а) кіндіктің бала мойнына оралуы

б) ұрық гипотрофиясы

в) кері әсері болмайды

г) жүктілік қалыпты жағдайда өтеді

д) ұрық гипертрофиясы

31. Салыстырмалы қысқа кіндік : а)кіндіктің ұзындығы қалыптағыдай, бірақ бала мойнына оралуына байланысты қысқарған

б) кіндік ұзындығы 70 см және бала мойнына оралған

в) кіндік ұзындығы 80 см, бірақ бала мойнына ораалуына байланысты қысқарған

г) кіндік ұзындығы 40 см – деп төмен, бала мойнына оралмаған

д) кіндік ұзындығы 30 см – деп төмен, бала мойнына оралмаған


32.Қағанақ суының көптігінде жүкті әйелдерде байқалатын белгілер:

а)қан қысымының төмендеуі

б)қан қысымының жоғарылауы

в)ішінің ауырлығын және ауыруын сезіну

г) босанудан кейінгі септикалық аурудың дамуы

д) тахикардия

33.Фетопатия ұрықтың қай апталығында дамиды? а.ұрықтың 5 аптасында. б.ұрықтың 7 аптасында. в.ұрықтың 11 аптасынан туылуына дейін. г.ұрықтың 9 аптасында.

д. ұрықтың 10 аптасында.

33.Эмбриопатия ұрықтың қай апталығында дамиды? а.16 күннен-10 шы аптасына дейін б.ұрықтың 20 аптасында в.ұрықтың 11 аптасынан туылуына дейнін г.ұрықтың 30 аптасында

д. ұрықтың 7 аптасында.

34.Фетопатияға тән ерекшеліктер,біреуінен басқа: а. ұрықтың ұзындығы менсалмағының өзгереді б.ұрық мүшелерінің жетілуі баяулайды в.дәнекер тіндер басқа тіндерге қарағанда көбірек дамиды г.ұрық қалыпты дамиды

д. ұрықтың 11 аптасынан туылуына дейін.

35.Фетопатияның қандай түрлерін ажыратады? а.инфекциялық және инфекциялық емес б.арнамалы в.бейарнамалы г.барлығы дұрыс

д. ұрықтың 11 аптасында дамиды.

36.Нерв түтікшелерінің ақауларына жатады, біреуінен басқа: а.анэнцефалия б. цефалоцеле в.омыртқа жарығы г.гидроцефалия



д. микроцефалия

37.Орталық нерв жүйесінің ақауларына жатады, біреуінен басқа: а.гидроцефалия б.микроцефалия в.жоғарғы ерін жарығы г.анэнцефалия

д. цефалоцеле

38. Орталық нерв жүйесінің ақауларына жатады, біреуінен басқа: а.гидроцефалия б.микроцефалия в.таңдай тілігі г.анэнцефалия

д. цефалоцеле




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет