Қазақстан Республикасында «Армиялық халықаралық ойындар 2016» барысында



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі1,59 Mb.
#36454
түріКонкурс
  1   2
Қазақстан Республикасында

«Армиялық халықаралық ойындар - 2016» барысында

«Артиллериялық оқ ату шебері» конкурсын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

Астана қ. – 2016



Жалпы ережелер

Конкурсты өткізу туралы Ережеге сәйкес ең үздік миноатқыш есептобының дала дағдысына бағытталған «Артиллериялық оқ ату шебері» халықаралық конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) «Армия халықаралық ойындары-2016» шеңберінде өткізіледі (бұдан әрі – Ереже).

Ережеге кіреді:


  1. Конкурстың мақсаттары.

  2. Конкурсты ұйымдастыру.

  3. Конкурсты өткізу тәртібі.

  4. Кезеңдерде орындарды және Конкурстың қорытынды орындарын анықтау тәртібі.

  5. Конкурсты өткізу сызбасы (қосымша № 1).

  6. Нысана үлгілері (қосымша № 2).

  7. Кедергілер элементтері (қосымша № 3)

  8. Қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамалары (қосымша № 4).

Конкурсты ұйымдастырушылар, қазылар алқасы және қатысушылар бұл Ереженің талаптарын білуге және оны басшылыққа алуға міндетті.
1. Конкурс мақсаттары

    1. Мемлекеттер арасында халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайту.

    2. Үздік миноатқыш есептобын және команданы анықтау.

    3. Миноатқыш есептоптарының даярлық деңгейін жоғарылату.

    4. Үздік тәжірибені жинақтау, миноатқыш бөлімшелерінің даярлық әдістемесі және оны әскерлерге енгізу.

    5. Қару-жарақ және әскери техниканы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

    6. Әскери қызметте тәжірибемен алмасу.

    7. Әскери қызмет мәртебесін жоғарылату.


2. Конкурсты ұйымдастыру

Конкурс 2016 жылы 2-9 тамыз кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында «Гвардейский» оқу-жаттығу полигонының базасында 40-шы әскери базада (Жамбыл обылысы, Қордай ауданы, Гвардейский кенті) өткізіледі.

Конкурсқа дайындалуға жалпы басшылық ету және өткізу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысына жүктеледі.

Әрбір мемлекеттен Конкурсқа үш есептоп қатысады на ЖБКС 2Б11 120 мм миноатқыш (екі – негізгі, бір – қосалқы).

Команда құрамы – 21 адам:

– команда жетекшісі – 1 адам;

– команда жетекшісінің орынбасары (алқа) – 1 адам;

– жаттықтырушы топ – 2 адам;

– техникалық топ – 2 адам (оның ішінде қажеттілігі бойынша аудармашы);

– миноатқыш есептобы – 15 адам (5 адамнан 3 есептоп).

Миноатқыш есептобы:

– есептоп командирі – 1 адам;

– көздеуші – 1 адам;

– оқ-дәрі беруші – 1 адам;

– снаряд беруші – 1 адам;

– механик-жүргізуші – 1 адам.

Қару-жарақ және әскери техника:

– ЖБКС көп мақсатты жеңіл брондалған сүйретпе;

– 120 мм 2Б11миноатқыш;

–7,62 мм ПКТ зеңбірегі;

–РПГ-7В қолмен танкіге қарсы гранатоатқыш;

–5,45 мм АК-74 автоматына.

Миноатқыш есептобының киім-кешекпен жабдықталуы:

– жеке бронды қорғау құралы;

– жеке қару-жарақ;

– командирде: дүрбі, командирлік сөмке, жалаушалар.

Командалар Конкурс басталардан 3 күн бұрын келеді, мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады: қатысушы командаларды орналастыру; командалар құрамын анықтау; жеребе салу; қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама; жолды және Конкурс шарттарын пысықтау; техника, қару-жарақ, әскери киім-кешек және басқа да материалдық құралдарды қабылдау, акті жасап олардың жинақтылығын және жарамдылығын тексеру, қару-жарақты салыстыру және атып көру; медициналық байқау.

Конкурстың жұмыс тілдері орыс және ағылшын тілдері болып табылады.


Конкурсты ұйымдастырушыларға жүктеледі:

  1. Конкурс өтетін орынды дайындау, тылдық және техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

  2. Кездесуді және кетуді, орналастыруды, тамақтануды, көліктік және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

  3. Қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрілер, барлау және бақылау аспаптары, байланыс құралдары және басқа да мүліктермен қамтамасыз ету.

  4. Конкурсты өткізу.

  5. Мәдени-демалыс жұмыстарын және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

  6. Конкурсты өткізу барысында қауіпсіздік шараларының талаптарымен қамтамасыз ету.


Қару-жарақ, әскери және арнайы техника,

оқ-дәрілерге қойылатын талаптар:

Конкурс 2С12 (120 мм миноатқыш – 2 Б11, сүйретпе - МТЛБ) миноатқыш кешендерінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін өзінің тактикалық-техникалық сипаттамасының (бұдан әрі – ТТС) талаптарына сәйкес шетелде өндірілген қару-жарақ, әскери және арнайы техника үлгілері бар командалар жіберіледі, олардың ішінде мыналар негізгісі болып табылады:

а) 2С12Б кешенінің 2Б11 миноатқышы үшін (немесе оның аналогы):

калибр – 120 мм;

тасымалдау түрі – сүйретпенің шанағында (сүйретілетін). Өздігінен жүретін миноатқыштар (артиллериялық құралдар) Конкурсқа қатыстырылмайды;

уақыт көрсеткіштеріне сәйкес миноатқышты жауынгерлік жағдайға келтіру, атып көру және атыс тапсырмаларын орындағаннан кейін атыс позициясын қалдыру;

атыс үшін көздеу жүйесі және атуға арналған қондырғыны анықтауға сәйкестігі (атыс және көздеу үшін автоматтандырылған қондырғыны анықтау құралдары рұқсат етілмейді).

б) ЖБКС сүйретпесі үшін (немесе оның аналогы):

шынжыр табанды жүрісімен;

тегістелген жол және қиылысқан елді мекен бойынша қозғалыс жылдамдығына сәйкес;

қозғалтқыштың қуатты үлесіне сәйкес.

в) оқ-дәрілер үшін (мина):

жанасқан жарғышы бар 120 мм жарқыншақты-фугасты басқарылмайтын мина.

г) РПГ-7В танкіге қарсы қол гранатоатқышы үшін (немесе оның аналогы):

көздеу – оптикалық;

граната – ПГ-7В кумулятивтік;

дайындау және атып көру уақытына сәйкес.

Белгіленген талаптарға негізгі ТТС бойынша ВВСТ командасы сәйкес келмеген жағдайда осы команда жалпы есептен тыс Конкурстың жеке номинациясына қатысуға жіберіледі.


Қазылар алқасының құрамы:

– бас төреші;

– практикалық іс қимыл бойынша бас төрешінің орынбасары;

– төрешілер (қатысушы мемлекеттерден бір өкілден);

– арбитр;

– техникалық персонал;

– хатшы.

Конкурстың бас төрешісі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен тағайындалады.

Қазылар алқасына ережеге сәйкес Конкурсты дайындау және өткізу, Конкурстың нәтижесін анықтау және қорытындысын шығару жүктеледі.

Кезеңдерде жеребе салу нәтижесі қазылар алқасы хатшысының хаттамасымен рәсімделеді және қатысушы мемлекеттердің төрешілерімен қол қойылады және бас төрешімен бекітіледі.

Конкурстың бас төрешісі қазылар алқасының қарауымен ережелердің шартына өзгеріс енгізуге құқылы. Қатысушы мемлекеттер төрешілерінің дауыстарымен оң шешім қабылдаған жағдайда енгізілген өзгерістер қазылар алқасы хатшысының хаттамасымен рәсімделеді, қатысушы мемлекеттер төрешілерымен қол қойылады, бас төрешімен бекітіледі және Конкурс қатысушыларына жеткізіледі.

Конкурстың міндеттемелері және қатысушылар құқығы

Команда жетекшісі әскери тәртіпке, команда мүшелерінің бекітілген ережелерді сақтауға, осы Ереженің талаптарына, киім үлгісіне, қауіпсіздік шараларына, күн тәртібінің орындалуына, техника, қару-жарақ және басқа да материалдық құралдардың сақталуына және олардың техникалық жай-күйіне жауап береді.

Оның міндеттері:



  • Ереженің мазмұнын және талабын білу және оны қатаң орындау;

  • бекітілген мерзімде Конкурс хатшысына қажетті құжаттарды ұсын;

  • үнемі Конкурс өтетін жерде болуға, тек бас төрешінің рұқсатымен сұрану;

  • қазылар алқасының Конкурстың күн тәртібін және бағдарламасын өзгерткені туралы шешімді командаларға хабарлау;

  • өз уақытында дәрігердің ұйғарымымен және басқа да себептермен Конкурстан шығып қалғандар туралы қазылар алқасына (хатшыға) хабарлау;

  • команда көрсеткен нәтижені, күнде команданың қойылымна қорытынды шығару және келесі күнге тапсырма қою;

  • кеңесші дауысы және жеребеге қатысу құқығымен қазылар алқасының отырысына қатысу;

  • техникадағы, қару-жарақтағы ақауларды және командада болып жатқан жағдайды бас төрешіге хабарлау;

  • барлық туындаған мәселелерді және проблемаларды бас төрешімен шешу;

– Конкурс аяқталғаннан кейін техниканы, қару-жарақ, әскери киім-кешек және басқа да материалдық құралдарға қызмет көрсетуге және тапсыруды, олардың жасақталуын және жарамдылығын акті жасап тексеруді ұйымдастыру.

Команда жетекшісі қазылар алқасына жазбаша және ауызша түрде арыз және шағымымен жүгінуге құқылы.

Команда жетекшісіне тыйым салынады:


  • төрешілер және арбитрлер жұмысына араласуға;

  • қазылар алқасының рұқсатынсыз жеке қатысушыларды Конкурстан алып тастау туралы өздігінен шешім қабылдауға;

  • Конкурс барысында қатысушыларға ережеде қарастырылмаған көмек көрсетуге.

Конкурсқа қатысушылары міндетті:

  • Ереженің мазмұнын және талаптарын білуге және олардың қатаң орындауға;

  • Конкурсқа көрсетілген мерзімде келуге, өзімен бірге төлқұжат (жеке куәлік), әскери билет және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама әкелуге;

  • қатысушылар үшін арналған арнайы орындарда болуға, Конкурс үшін бекітілген күн тәртібін және жүріп-тұру ережелерін сақтауға;

  • төрешілер және арбитрдің нұсқауын мүлтіксіз орындауға, қауіпсізддік шараларын қатаң сақтауға, қаруды және оқ-дәрілерді қолдану ережелерін білуге;

  • команда жетекшісіне барлық болып жатқан жағдайлар және бекітілген техника және қару-жарақтың жарамсыздығы туралы баяндауға.

Конкурсқа қатысушылар құқылы:

  • сеніп тапсырылған техниканы және қару-жарақтың жай-күйін тексеруге, бас төрешімен анықталған сағатта бекітілген орында жаттығуға;

  • арбитрға жаттығуды орындауға қатысты шұғыл мәселе бойынша жүгінуге, қалған жағдайда команда жетекшісі арқылы қазылар алқасына жазбаша және ауызша түрде арызбен жүгінуге.


Наразылықты қарастыру

Қазылар алқасына наразылық тек жазбаша түрде команда жетекшісі арқылы беріледі. Ол негізділген және осы кезең аяқталғаннан кейін және қатысушыларға жеткізілгеннен кейін бір сағат ішінде ұсынылуы керек.

Қазылар алқасы наразылықты қарау, арбитрды тыңдау, техникалық топтың ұйғарымын қарау керек, қажет болған жағдайда фото материал қолдану керек және сол бойынша ашық дауыспен беру арқылы шешім қабылдау керек. Шешім дұрыс деп есептелінеді, егер ол үшін қатысушы мемлекеттер қазылар алқасының барлығы дауыс берсе (бас алқа, практикалық іс қимыл бойынша орынбасары, арбитр, техникалық жұмысшылар және қазылар алқасының хатшысы дауыс беруге құқылы емес). Егер дауыстар тең бөлінсе нақты шешім Конкурстың бас төрешісімен қабылданады. Шешім арыз берушіге қысқа мерзімде жеткізіледі, бас төрешімен Конкурс нәтижесін бекіткенге дейін міндетті түрде.
3. Конкурсты өткізу тәртібі

Конкурс 4 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – «Жеке жарыс».

Екінші кезең – «Түнгі спринт».

Үшінші кезең – «Эстафета».

Төртінші кезең – «Эстафета. Финал».

Нысананы көздеу нәтижесі көзбен бақылау және видеокамера арқылы анықталады, айрықша жағдайда – алаңдағы нысандарға қарау жолымен.

Атыс учаскесінен шығатын сүйретпе бастапқы жолда келе жатқан сүйретпе алдында басымдылығы бар, айып шеңберінен шыққан сүйретпе бастапқы жолда келе жатқан сүйретпеге жол беруге міндетті.

Конкурс өткізу барысында тыйым салынады:


  • Миноатқыш есептобының жеке құрамы кезеңге медициналық байқаусыз және сауалнамасыз рұқсат беруге;

  • жарамсыз қару-жарақтан және жарамсыз оқ-дәріден атыс жүргізуге;

  • атысты атыс алаңынан тыс жүргізуге.

Миноатқыш есептоп мынадай жағдайларда кезеңнен шығарылып, соңғы орынға қойылады:

  • төрешілер мен арбитрлердің тапсырмаларын (талаптарын) орындамау;

  • байланыстың миноатқыш есептобының кесірінен болмауы;

  • миноатқыш есептобының сүйретпедегі штаттық орынында бекітілмеген миноатқышпен қозғалысы;

  • бағдар бойынша миноатқыш есептобының кез-келген оқ-дәрімен бірге қозғалысы;

  • 45 градустан кем емес жоғарылау бұрышында атыс жүргізу;

  • «Тоқта» командасынан кейін атыс жүргізу;

  • миноатқыш есептобы кесірінен миноатқыш және сүйретпе қатардан шығуы (техникалық топтың қорытындысы бойынша);

  • қаруды мінберлерге және адамдарға дәлдеу;

  • жолда сүйретпелердің қозғалысы кезінде басымдылық талаптарын бұзу, кедергі туғызу;

  • жолда сүйретпемен қақтығысқан үшін кінәлі болғанда.

Қауіпсіздік шараларын өрескел бұзған кезде, жеке құрамды жарақаттағанда команда Конкурсқа бұдан әрі қатысудан шектетіледі.

Ережеге сәйкес жаттығудың орындалу шартын бұзған кезінде арбитр оның орындалуына қол жеткізуге міндетті.

Миноатқыш және сүйретпе қатардан шыққан жағдайда қосалқыға ауыстыруға жіберіледі. Ауысым бас төрешінің командасы бойынша іске асады. Сүйретпедегі қосалқы миноатқыш есептоп миноатқышпен негізгі миноатқыш немесе сүйретпе қатарынан шығу орынына дейін мәреден Конкурсты өткізу бағдары бойынша қозғалады.

Кезеңді өткізу барысында қауіпсіздік талаптарының бұзылуын болдырмау мақсатында бас төреші санаулы уақытпен бір мезгіл бағдарындағы миноатқыш есептобын тоқтауға команда беруге құқылы:



  • ату алаңында адамдар, жануарлар және ұшатын аппараттар пайда болғанда;

  • апат және оқиғалар кезінде;

  • миноатқыш есептобының кінәсінен емес миноатқыш немесе сүйретпе қатардан шыққан кезде оның ақауын қалпына келтіргенге немесе қосалқыға ауыстырғанға дейін;

  • өрт болған жағдайда;

  • нысана жабдығы сынған кезде;

  • басқа жағдайлар кезінде.

Жаттығуды әрі қарай орындау есептоп командирінің және бас төреші алқасының командасы бойынша уақытты санауды жалғастыру бойынша қайтадан жүзеге асады.

Оқ ату кезінде кідіріс болған жаңдайда:



  • уақыт санауды тоқтату;

  • техникалық топ кідіріс себебін анықтайды, ол туралы бас төрешіге баяндайды, төреші шешім қабылдайды. Егер кідіріс миноатқыш есептобының кесірінен болса сонда нысаныға тигізілмеген болып есептелінеді. Егер кідіріс оқ-дәрінің немесе миноатқыштың техникалық ақаулығы садарынан болған жағдайда онда миноатқыш есептобына қосымша мина беріледі, уақытты санау бұл ретте миноатқышты қосымша минамен оқтағаннан кейін қайта жүзеге асырылады.

Көздеу ауданында мина жарылмаса есептоп командирі арбитрға «жарылма» деп баяндайды. Арбитр бас төрешіге баяндайды және уақыт санауды тоқтатады. Миноатқыш есептобына қосымша мина беріледі. қосымша минаны жарғаннан кейін уақыт санау жалғасады.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ. «ДЕРБЕС ДОДА»

Бағдардың ұзақтығы 6 км (3 шеңбер 2 км):



  • 1-ші айналымда– ПКТ зеңбірегінен атыс;

  • 2-ші айналымда – 2Б11 миноатқыштан оқ ату тапсырмаларын анықтау;

  • 3-ші айналымда– РПГ-7В гранатоатқыш және АК-74 автоматынан атыс.

Әрбір айналымда миноатқыш есептобы кедергілерді бағындырады.

Мәре бір мезгілде емес. (аралық 1,5 – 2 мин).

Миноатқыш есептобы асыққан кезде 2 метр қашықтықта сүйретпенің артына бір сапқа тұрады.
1-ші айналым: ПКТ зеңбірегінен атыс.

Орындалу тәрітбі.

Миноатқыш есептобы мәре сызығында бірқатарлы сапта сүйретпенің алдыңғы жағында 2 метр-дей жердей тұрады.

Арбитр мәре сызығында есептоп командиріне миноатқыштан атыс тапсырмаларын орынау үшін мақсат нөмірін көрсетеді.

Арбитрдің нұсқауы бойынша миноатқыш есептоп сүйретпеде «жауынгерлік бойынша» өз орынын алады, механик-жүргізуші сүйретпені оталдырады және есептоп командирі радиостанция бойынша қозғалысқа әзірлігі туралы бас төрешіге баяндайды (практикалық іс қимыл бойынша бас төрешінің орынбасары). Бас төреші уақытты бір мезгілде санап жаттығуды орындауға команда береді. Миноатқыш есептобы қозғалысты бастайды.

Бағдарда "Жылан" кедергісін жеңгеннен кейін және "МАБ жолтабанынан өту" кедергілерін бағдар бойынша бағындырып есептоп командирі сүйретпені
№ 1 учаскенің ашық атыс алаңында белгіленген орында тоқтатады. Миноатқыш есептобы жаяулатып, есептоп командирі оқ-дәрілерді алады (таспаға оқталған қорапта), есептоп сүйретпеде өз орынын алады. Есептоп командирі зеңбіректі оқтайды және бас төрешіге атысқа әзірлігі туралы баяндайды.

Бас төрешінің командасы бойынша нысана көтеріледі.

Есептоп командирі № 9 нысана бойынша ПКТ зеңбірегінен жаттығу орындайды (танкігеқарсы қол граната атқышы), атыс алшақтығы – 300-400 м, оқ-дәрі саны – жарқырап ұшатын 12 патрон.

Есептоп командирі атысты аяқтағаннан кейін қарудан оқ алады және бас төрешіге қарудан оқтың алынғаны туралы баяндайды. Шығындалмаған оқ-дәрілер арбитрға тапсырылады.

Бас төреші іс қимылды жалғастыруға нұсқау береді.

Айыпақы: тимеген нысанға – бір айып шеңбері.

Миноатқыш есептобы қозғалысты жалғастырады, , "Белес" және "Жолтабан көпір" кедергілерін бағындырып екінші айналымға шығады.
2-ші айналым: 2Б11 миноатқыштан атыс тапсырмаларын орындау.

Орындау тәртібі.

Есептоп командирі № 2 белгіленген учаскеде сүйретпені тоқтатады. Есептоп командирі жаяу жүреді және миноатқышты атыс позициясына бұрады.

Механик-жүргізуші сүйретпеде өз орынын алады. Миноатқышты жауынгерлік жағдайға ауыстырғаннан кейін командир арбитрға атысқа әзірлігі туралы баяндайды.

Арбитр атысқа әзірлігі туралы бас төрешіге баяндайды.

Миноатқыштан оқ ату жертасадан жүргізіледі, атыс кезінде миноатқыш есептобы жабдықталған тасада жатады (ату тек баусыммен іске асады). Жаттығу 15 метр радиуспен шеңбер бойынша орындалады, шеңбердің ортасында № 8 нысана орналасқан (өсім пішіні), атыс қашықтығы– 1000-1500 м, оқ-дәрі саны – 3 мина, штаттық тығындаудың атыс позициясында.

Әрбір атыстан кейін есептоп командирі арбитрдың үзілуі бойынша бақылау нәтижесін баяндайды. Шеңберге немесе сызыққа мина түскен кезде, сондай-ақ минаны шығындағаннан кейін есептоп командирі арбитрға миноатқыштың оғы алынғаны туралы баяндайды және миноатқыш есептобы сүйретпеге миноатқышты тиеуді бастайды. Есептоп командирі бас төрешіге миноатқыштан оғы алынғаны және қозғалысқа әзірлігі туралы баяндайды. Бас төреші қозғалысты жалғастыруға команда береді.

Айып: әрбір ақаулық үшін – бір айып шеңбері.

Миноатқыш есептобы қозғалысты жалғастырады.


3-ші айналым: РПГ-7В граната атқыштан және АК-74 автоматынан оқ ату.

Орындау тәртібі.

Есептоп командирі белгіленген орында № 3 учаскеде сүйретпені тоқтатады. Миноатқыш есептобы жаяу жүріп, атыс үшін атыс алаңынан орын алады (механик-жүргізушіден басқа).

Оқ-дәрілік (нысанашының көмегімен) және и снарядтық қаруды оқтайды және есептоп командиріне атысқа әзірлігі туралы баяндайды.

Есептоп командирі атыс позициясындағы арбитрға атысқа әзірлігі туралы хабарлайды және есептоп мүшелерімен атысты басқаруды жүзеге асырады.

Арбитр бас төрешіге баяндайды. Бас төрешінің командасы бойынша бір мезгілде екі нысанда көтеріледі.

Жаттығуды орындайды:

1. РПГ-7В тізеден граната лақтыру –№ 12 нысана бойынша (танк), атыс ұзақтығы – 250-300 м, оқ-дәрілер саны – 2 граната, штаттық тығындаумен ашық атыс алаңында.

2. АК-74 автоматымен жатып – № 8 нысана бойынша (өсім пішіні), атыс алшақтығы – 250-300 м, оқ-дәрілер саны – жарқырап ұшатын оқпен 4 патрон, ашық атыс алаңында. Магазинді өздігінен оқтайды. Атыс режімі атқыштың таңдауы бойынша.

Мақсатқа тигізген кезде, сондай-ақ оқтаушы оқ-дәріні шығындағаннан кейін снарядтаушы есептоп командиріне қарудан оқтың алынғаны туралы баяндайды. Есептоп командирі арбитрға қарудан оқтың алынғаны туралы баяндайды, ал арбитр бас төрешіге. Шығындалмаған оқ-дәрілер арбитрға тапсырылады.

Миноатқыш есептобы сүйретпеде өз орынын алады және есептоп командирі бас төрешіге қозғалысқа әзірлігі туралы баяндайды. Бас төреші қозғалысты жалғастыруға команда береді.

Айып: әрбір тимеген нысанаға – бір айып шеңбер.

Үшінші шеңберді аяқтап, мәре жарнасымен қиылысқаннан кейін есептоп командирі бас төрешіге мәреге келгені туралы баяндайды.

Бас төреші уақыт санауды тоқтатады және есептоп командиріне сүйретпені белгіленген орынға қоюға команда береді.

Айып:

– кедергіні айналып өткені үшін – бір айып шеңбер;



  • «Мина-жарылғыш бөгетті жолтабан өткелі» кедергісіне минаны соғып кеткені үшін – бір айып шеңбер;

  • қозғалтқышты тоқтатқаны және «Бөгет» кедергісін бағындыру кезінде сырғанағаны үшін – бір айып шеңбер;

  • «Жолтабан көпірі» кедергісінен қашқаны үшін – бір айып шеңбер;

  • кедергіні бағындыру немесе қозғалыс бағдарында әрбір соғылған кедергі үшін – 10 секунд айып уақыт.



ЕКІНШІ КЕЗЕҢ. «ТҮНГІ СПРИНТ»

Бағдардың ұзақтығы 4 км (2 шеңбер 2 км) түнде:

– 1-ші шеңберде – 2Б11 миноатқыштан атыс тапсырмасын орындау. Мақсаттың жарығын Д-30 қарудан бөлімшелер тағайындаған жүзеге асады;


  • 2-ші шеңберде – РПГ-7В граната атқыштан және АК-74 автоматынан атыс, түнгі көздегіштерді қолдана отырып.

Екінші кезеңде орындау бірінші кезеңнің шарттарына сәйкес.

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ. «ЭСТАФЕТА»

Бағдар ұзақтығы 6 км (3 шеңбер 2 км).

Мақсаты: Конкурстың 4 үздік командасын анықтау.

Мәре бір мезгілде.

Екі миноатқыш есептоп бір сүйретпеде қатысады, бір миноатқышпен атады.

Үшінші кезеңды орындау тәртібі бірінші кезеңнің шартына сәйкес.



Орындау ерекшеліктері:

Учаскеде эстафетаны беру алаңы бар, мәреден 50 м қашықтықта орналасқан;

3-ші шеңберді өткеннен кейін бірінші миноатқыш есептоп мәре сызығының алдына тоқтайды, механик-жүргізуші қозғалтқышты өшіреді, миноатқыш есептоп командирдің командасы бойынша есептоп штаттық орынынан кетеді және эстафета тұрған алаңға жүгіріп екінші миноатқыш есептопқа қозғалады;

эстафета бірінші миноатқыш есптоптың барлық номірлері екінші миноатқыштың есептобының қолына тигізген кезде берілді деп есептелінеді;

эстафетаны қабылдағаннан кейін екінші миноатқыш есептоп жүгіріп мәре сызығына барады, сүйретпедегі штаттық орынын алады, механик-жүргізуші қозғалтқышты от алдырады, есептоп командирі бас төрешіге қозғалысқа әзірлігі туралы баяндайды.

Бас төреші екінші миноатқышқа қозғалуға команда береді.



ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ. «ЭСТАФЕТА. МӘРЕ»

Мақсаты: Конкурстың команда-жеңімпазын анықтау.

Қатысады: 4 үздік команда.

Төртінші кезеңнің орындалу тәртібі үшінші кезеңнің шартына сәйкес.


4. Кезеңдерде орындары, Конкурста қорытынды орындарды анықтау тәртібі

Қорытынды орындар кезеңді өту уақытына байланысты анықталады.

Үздік миноатқыш есептоп бірінші және екінші кезеңдегі орын қосындысы бойынша анықталады. Орында бір қосынды кезінде бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша үздік миноатқыш есептопқа беріледі.

Үздік команда төртінші кезеңнің нәтижесі бойынша анықталады.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жеңімпаздарды және жүлделілерді марапаттау Конкурс кезеңінің қорытынды хаттамаларсы негізінде Конкурстың жабылу салтанаты барысында салтанатты түрде жүзеге асады.



№1қосымша

№ 2 қосымша



Нысана үлгілері

(өлшемдері сантиметрмен көрсетілген)





Өсім пішіні (№ 8 нысана)


Танкігеқарсы қол гранатоатқышы (№ 9 нысана)



Танк (№ 12 нысана)

№3 қосымша




№ 4 қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет