Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары



бет12/16
Дата21.04.2017
өлшемі3,04 Mb.
#14296
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

124-іс-шара

Жастар арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу



млн.

тг.


*

ЖАО, БҒМ
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

15,9

23,0

23,0

ЖБ

007

015


Іс-шара орындалды

Жергілікті орындаушы органдардың ақпараттары бойынша 2016 жылы аймақтарда жоо-лар, ТжКББ студенттерін тарту арқылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Жоғары оқу орындарында және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында үнемі спорттық түрлері бойынша спартакиада, турнирлер сияқты спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Мысалы, Астана қаласында 2016 жылғы 17-18 қыркүйек аралығында Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда «ЖАСSTAR» спорт фестивалі өтті. Бұл шара барысында үстел теннисі, футзал, кроссфит, армрестлинг, street ball, шахмат бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Іс шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды көпшілік спортпен шұғылдануға тарту.

Алматы обласындағы барлық облыстық колледждерде «Денсаулық» фестивалі аясында «Біз денсаулықты бағалаймыз», «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – тәні сау!» іс-шаралары ұйымдастырылды. Бұдан басқа облыстық жазғы спартакиадасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында 40-дан астам спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атырау облысында спорттық үлттық түрлерін насихаттау аясында студенттер арасында еркін күрес, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, шахматы, үстел теннисі сияқты жарыстар ұйымдастырылды. Мұндай іс-шараларға 5000-нан астам адам қатысты. Бұдан басқа колледж студенттері арасында баскетболдан - «Алтын доп», ауыр атлетикадан - «Толагай» жарыстары ұйымдастырылып өтті. Жарыстарға 3000-нан астам студент тартылды.

Бастыс Қазақстан облысныда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында арқан тарту, асық ату ұлттық ойындары, қол күресі, спорт эстафетасы сияқты жарыстар өтті. Орал қаласының Политехникалық колледжінде «Әрқашан мықты, сауатты бол» ұранымен флеш-моб өтті, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бетшелер таратылды.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барлық аймақтарда аймақтық және республикалық БАҚ-тарда кеңінен ақпараттық сүйемелдеумен өтті.





125-іс-шара

Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді құнарлы тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыру






*

ЖАО
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан


талап етілмейді













Іс – шара орындалды

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқушыларының тамақтану мәдениетін қалыптастыру үшін 2016 жылғы сәуірінде онкүндік аясында «Дұрыс тамақтану – дені сау ұлттың болашағы» дивизімен мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, пікірталас, дебат, дәріс сабақтар ұйымдастырды. ТжКБ оқу орындары стендтерінде «Салауатты тамақтану», «Салауатты өмір салты» және т.б. тақырыпта стендтер мен баннерлер орналастарылған.



3.5-міндет. ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру



126-іс-шара

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әзірлеген модульдік білім беру бағдарламаларын ТжКБ барлық жүйесіне тарату






*

БҒМ, ЖАО, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

2600 ИРҚ модульдық білім беру бағдарламаларын оқу бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

ТжКБ оқу орындарында қолдану үшін 2016 жылғы мамыр және 1 шілде аралықтарында 3 тілде 5 модулдық бағдарламалар өңірлерге жолданып, www.edu.gov.kz. сайтында жарияланды.




127-іс-шара

Менеджмент саласында ТжКБ ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру



млн.

тг.


*

БҒМ, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (келісім бойынша)
2016

жылдардағы

IV тоқсан


33,3

23,6

23,6

РБ

223

Іс-шара орындалды

БжҒМ мен «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ арасындағы 2016жылғы 16.06. № 133-ГЗ келісімшарт негізінде ТжКБ ұйымдарының 300 басшысы біліктілік арттыру курсынан өтті.






128-іс-шара

Турин процесі шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру бойынша зерттеулер



млн.

тг.


*

БҒМ, «АТО» АҚ
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

39,2

39,2

39,2

РБ

203

109


Іс-шалар орындалды

2016 жылы Турин процесс бойынша Ұлттық есеп әзірленді, ол ЕБҚ (Бишкектегі Орта-Азия өнірінің өнірлік семинары) эксперттық бағадан өтті.

2016 жылғы 18 қарашада есеп жұмыс тобының мүшелері, халықаралық үйымдардың (ЕБҚ 3 өкілі, Еуропалық одақ, Британ одағы, GIZ), мемлекеттік органдардың және академиялық қоғамдастықтың өкілдері қалқылап, бекіту үшін ұлттық деңгейде таныстырылды.

Ұлттық есеп ЕБҚ сайтында 2017 жылғы бірінші жарты жылдығында жарияланатын болады және 2017 жылды 8-9 маусымда ЕБҚ халықаралық конференциясында ресми түрде ұсынылады.





129-іс-шара

ТжКБ барлық ұйымдарында қамқоршылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру






*

ЖАО
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Қазіргі уақытта 529 ТжКБ колледждерінде қамқоршылық кеңестер қызмет көрсетуде, ол колледждердің жалпы санының 64,7%-ын құрайды.

Ағымды жылда колледждердің қамқоршылық кеңестері матеиалдық-техникалық базасын нығайту, демеушілік көмек қаражатының жұмсауы, студенттердің ата-аналарынан түскен, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру іс-шараларды, өндірістік практиканы өткізуге көмек көрсету, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу, қылмыс азайту, түлектерді жұмысқа орналастыру.

Қамқоршылық кеңестің мүшелері оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуде, колледждердің МТБ нығайтуға, оқу процессіне жұмыс берушілерді тарту үшін жағадайлар жасауға, және т.б. қатысты.

ТжКБ ұйымдары жұмысының алқалылығын және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ТжКБ ұйымдарының жоспарын және бюджетті орындауға жауапты тиісті бөлімшілер басшыларының есептері тұрақты түде тындалады.

Жұмыс 2017 жылы жалғасатын болады.



4.1-міндет. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды



130-іс-шара

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты еңбек нарығының талаптарына және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес жыл сайын қалыптастыру



млн.

тг.


*

БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, МСМ, ИДМ,

ЖАО



89 606,8

89616,3

89616,3

РБ

204

100


Іс – шара орындалды

Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру экономика салаларының өтінімдеріне негізделеді, өңірлік қажеттілік пен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму Стратегиясын және т.б. стратегиялық құжаттарды қамтамасыз етуді ескереді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысымен бекітілді.




131-іс-шара

Кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы көлеміндегі ұлғайтуды ескере отырып, магистратура мен докторантураның үлесін жыл сайын бекіту



млн.

тг.


*

БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, МСМ, ИДМ
2016-2018 жылдардағы II тоқсан

101,2

101,2

101,2

РБ

204

100


Іс – шара орындалды

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысымен бекітілген.

2016 жылы магистратура бойынша кадрлар даярлауға 7429 орын бөлінді (2015 жылы – 7241), докторантурада – 628 орын (2015 жылы – 623). Магистратурада орындарды көбейту 188 орын, докторантурада – 5 орынды құрайды.




132-іс-шара

11 базалық және басқа ЖОО-ларда ИИДМБ қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді магистратураға мемлекеттік тапсырыс орналастыру



млн.

тг.


*

БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, МСМ, ИДМ
2016-2017 жылдардағы II тоқсан

486,4

486,4

486,4

РБ

204

100


Іс – шара орындалды

2016-2017 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 418 қаулысымен бекітілді.

2016 жылы магистратурада кадрлар даярлауға 7429 орын бөлінді, соның ішінде бейіндік магистратурада ИИДМБ шеңберінде кадрларды дайындауға 2800 орын бөлінді.




133-іс-шара

Шетелдік әріптес ЖОО-лармен бірлесіп, инновациялық технологиялар мен Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізе отырып, білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, оның ішінде ИИДМБ басым салалары үшін ағылшын тілінде әзірлеу және бағалау



млн.

тг.


*

БҒМ, АШМ, ИДМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы II тоқсан

1 435,7

1 435,6

1 435,6

РБ

204 103

Іс – шара орындалды

ИИДМБ басым салаларының мамандықтары бойынша бейіндік магистратураның 24 білім беру бағдарламалары ҚР БҒМ 2016 жылғы 19 сәуірдегі №286 бұйрығымен бекітілді.

Ол үшін РБ 962 138 000 теңге бөлінді.

ҚР БҒМ 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №542 «2016 жылы ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы» бұйрығымен бакалавриаттың ИИДМБ басым салаларының 6 мамандығы және ЖМЦ 4 педагогикалық мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді.

Ол үшін РБ 308 510 000 теңге бөлінді.

Бір білім беру бағдарламасы шеңберінде Базалық және бейіндік пәндер цикл бойынша 5 оқулықтарды әзірлеумен басылымға шығару қарастырылған. Олүшін РБ 165 000 000 теңге бөлінді.

Қазіргі таңда ЖОО өтінімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары оқуорындары қауымдастығы арқылы (мемлекеттік сатып алу тәртібі) жүзеге асырылатын ағылшын тіліндегі 50 оқулықтың тізімі қалыптастырылды. Осы тізім 2016жылғы 26 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиевамен бекітілді.

ҚР Жоғары оқу орындар қауымдастығы ағылшын тілінде оқулықтарды әзірлеу мен басылымға шығару үшін шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізуде.

Жалпы 2016 жылы білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, оның ішінде ИИДМБ басым салалары үшін ағылшын тілінде әзірлеу және бағалауға 1 435 648 000 теңге бөлінді.




134-іс-шара

11 базалық ЖОО жанынан ИИДМБ басым бағыттары бойынша 48 жаңа зертхананың жұмыс істеуі



млн.

тг.


*

БҒМ, АШМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2017 жылдардағы II тоқсан

2300,0

2300,0

2300,0 

РБ

(ҰҚ)



204 105

Іс – шара орындалды

2016 жылы ИИДМБ басым бағыттары бойынша 11 базалық ЖОО-ларда 24 жаңа зертханалар құрылды. Ол үшін 2,3 млрд. теңге бөлінді:

1. Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ: Кіріс бақылау жинақтаушы және робототехникалық құрылымның тәжірибелік өндіріс зертханалық кешені, Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялар зертханасы;

2. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ: Индустрияға арналған жаңа наноматериалдар технологиясы және наноматериалтану зертханасы, Индустрияға арналған жасыл энергетиканың зертханасы;

3. Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰЗТУ: Химиялық синтездеу және мұнай өндіру зертханасы, Машина жасаудағы сандық технологиялар зертханасы, Электрондық құрылғыларды монтаждау және жобалау зертханасы;

4. ҚазҰАУ: Табиғи қорларды басқару және агроэкожүйені тұрақты дамыту зертханасы, Жасыл биотехнология және жасушалық инженерия зертханасы;

5. Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ: Минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеу мен өндірудің инновациялық технологиялар зертханасы, Өндірістегі мехатроника мен автоматтандыру;

6. М.Әуезов ат. ОҚМУ: Керамика, шыны және бетон зертханасы, Ет, балық, жеміс және көкөністерді қайта өңдеу технологиялар зертханасы, Бейорганикалық қышқылдар және тұздар технологиялар зертханасы;

7. ҚарМТУ: Инновациялық дәнекерлеу технологиялар зертханасы, Тау-металлургия кешеніндегі метандық энергетика зертханасы,

8. С.Торайғыров ат. ПМУ: Мұнай өнімдерінің физико-химиялық зерттеулер зертханасы, Металлургияда физико-химиялық және металлографикалық зерттеулер зертханасы,

9. А. Байтұрсынов ат. ҚМУ: Инновациялық инжиниринг зертханасы, Өсімдік шикізаттарынан дайындалған өнімдерді сараптау зертханасы;

10. С.Сейфуллин ат. ҚАТУ: Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ғылыми-эксперименттік платформа, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ғылыми-эксперименттік платформа,

11. АМГИ: Виртуалды кенорын зертханасы, Мұнайды және мұнай өнімдерін зерттеу зертханасы.

Зертханалар тізімі ҚР БҒМ 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 278 бұйрығымен бекітілді.





136-іс-шара

Педагогикалық мамандықтарға оқуға түсудің жаңа өлшемшарттарын енгізу тетігін әзірлеу






*

БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, МСМ
2016 жылғы ІІ тоқсан

талап етілмейді













Іс – шара орындалды

Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрлар сапасын күшейту мақсатында педагогикалық мамандықтарға түсудің жаңа талаптарын енгізу тетіктері дайындалды, атап айтқанда, жоғары оқу орнына педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау үшін арнайы емтихан енгізілді. Министрлік педагогикалық мамандықтар үшін арнайы емтихан өткізудің технологиясын әзірледі. Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер 20 маусымнан 18 тамызға дейінгі кезеңде арнайы емтихан тапсырды. Бұл емтихан жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен қабылданды.

Арнайы емтихан «өтті» / «өткен жоқ» принципі бойынша бағаланды. Арнайы емтиханды тапсыруға 47,5 мың талапкерлер өтініштер берген, оның ішінде 47,4 мың адам педагогикалық мамандықтарға түсуге жіберілген.

Ақпарат ҚР Үкіметіне 2017 жылғы 20 шілдедегі № 1-697-Д/14-3/693П хатпен жолданды.





140-іс-шара

Докторантурада кадрлар даярлауға, оның ішінде ақылы негізде даярлауға қойылатын талаптарды жетілдіру және ел ғалымдарының ғылыми мансабын дамытуға бағытталған постдокторлық бағдарламаларды енгізу бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің МЖС-на өзгерістер мен толықтырулар енгізу






*

БҒМ, ЖОО- лар

(келісім бойынша),

ҒЗИ

(келісім бойынша), ДСӘДМ, АШМ, МСМ


2016 жылғы IV тоқсан

талап етілмейді













Іс – шара орындалды

ҚР Үкіметімен 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына PhD доктордың мансаптық өсіміне бағытталған постдокторантура түсінігін, сондай-ақ докторантурада ақылы түрде білім алу мүмкіндігін енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.





141-іс-шара

«Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» – «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру



млн.

тг.


*

БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІІІ тоқсан

1040,3

1040,3

1040,3

РБ

204

100


Іс – шара орындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысына сәйкес «Серпін» жобасы аясында 3162 білім беру гранты бөлінді (педагогикалық мамандықтарға- 1000, техникалық-1717, ауыл шаруашылығы-345, медицина-100).

Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс ЖОО бойынша орналастырылады. 1040,3 теңге игерілді.




142-іс-шара

Қазақстан Республикасының аумағында «Назарбаев Университеті» ДБҰ түлектерінің жұмыспен өтеу мәселесін пысықтау






*

БҒМ, «Назар­баев Университеті» ДБҰ

(келісім бойынша)


2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді













Іс – шара орындалды

Общее количество выпускников программ бакалавриата и магистратуры за 2015 (447 человек) и 2016 (621 человек) годы составляет 1068 человек. Из 1068 выпускников 518 трудоустроены, из которых 506 чел. работают на территории Республики Казахстан, 376 - поступили в магистратуру, 15 - поступили в докторантуру.

Общее количество выпускников программ бакалавриата и магистратуры за 2015 (447 человек) и 2016 (621 человек) годы составляет 1068 человек. Из 1068 выпускников 518 трудоустроены, из которых 506 чел. работают на территории Республики Казахстан, 376 - поступили в магистратуру, 15 - поступили в докторантуру.

Кроме того, в настоящее время рабочей группой, созданной в Университете, ведется работа по доработке предложений касательно отработки выпускников Университета на территории РК. При подготовке предложений рабочей группой принимаются во внимание:

1) специальность и потенциал выпускника, большинство которых получают приглашения и полный стипендии для обучения на магистратуре и/или докторантуре в ведущих зарубежных университетах;

2) важность и необходимость прохождения выпускниками программы докторантуры обучения на программах постдокторантуры, которое является необходимым компонентом для полной подготовки к научно-преподавательской деятельности;

3) наличие уже заключенных со студентами договоров на обучение по состоянию на 1 января 2017 года.




143-іс-шара

Ұлттық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілік моделін әзірлеу мәселесін пысықтау






*

БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, МСМ
2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді













Іс – шара орындалды

Министрлік Қазақстан Республикасының ұлттық ЖОО бәсекеге қабілеттілігі үлгісін әзірлеу бойынша ҚР ұлттық ЖОО өкілдерінен Жұмыс тобын құрылды.

Осылай, әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттер призмасы арқылы және ұлттық ЖОО қызметінің бағыттары арқылы әлемдік кеңістікте жайғастыруға, сондай-ақ еліміздің имиджін жайғастыруына бағытталған «Қазақстан Республикасының ұлттық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігі үлгісі» жобасы әзірленді.

Аталған үлгі 2016 жылғы 3 қарашада өткен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды және талқыланды (хаттама №3).

Отырыс қорытындылары бойынша осы үлгіні пысықтау және жауапты ретінде Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ және әл-Фараби ат. ҚазҰУ анықтау деген шешім қабылданды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдаманың шеңберінде ҚР ұлттық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігі үлгісі қарастрылған.

Осы тұжырымдамада жоғарыда аталған ұсыныстар ескерілді.

Бүгінгі таңда аталған тұжырымдама мемлекеттік органдармен келісілді және мақұлдау үшін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне жолданды.

Қазақстан Республикасы ұлттық ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілік үлгісін толық іске асыру ос заң жобасы шеңберінде іске асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет