Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары



бет14/16
Дата21.04.2017
өлшемі3,04 Mb.
#14296
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

159-іс-шара

Аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік органдарға, қойылатын талаптарды орнату, танылған аккредиттеу органдарының тізілімін қалыптастыру









БҒМ
2016 жылғы ІІІ тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Аккредиттелген, оның ішінде шетелдік органдарды тану және танылған аккредиттелген органдардың білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығымен бекітілген.





161-іс-шара

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымын Білім беру сыныптауышының халықаралық стандартына сәйкес келтіру









БҒМ, ДСӘДМ, АШМ, МСМ, ІІМ,

Қорғанысмині


2016-2017 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіштерін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды (ҚР БҒМ 2016 жылғы 2 маусымдағы №353 бұйрық).

Аталған жұмыс тобымен Жоғары және жоғары оқу орнына кейнігі мамандықтар Жіктеуішінің Халықаралық білімдістандарттық жіктеуішімен үйлестірілген жобасы әзірленді. Жіктеуіш жобасы 2016 жылғы 12 тамызда Жұмыс тобының отырысында, сонымен қатар 2016 жылғы 3қарашада Республикалық оқу-әдісмтемелік кеңесте талқыланды.

Республикалық оқу-әдісмтемелік кеңестің шешімі бойныша ЖОО-ларға жіктеуіш жобасына ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Қолданыстағы Жіктеуіш жыл сайын ХБСЖ сәйкес жаңарытлынады.

Екінші өзгеріс Қазқстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу жәнемтеорлогия комитетінің 2016 жлығы 26 қазандағы №270-од бұйрығымен бекітілді



4.3-міндет. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау



163-іс-шара

ЖОО-ларда (азаматтық емес ЖОО-ларды қоспағанда) коммерцияландыру офистерін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және басқа да инновациялық құрылымдар құру






*

ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІІ-IV тоқсандар

ЖОО-лар қаражаты есебінен













Информацию по офисам коммерциализации, технопаркам, бизнес-инкубаторам и другим инновационным структурам добавить

2016 жылы ИИДМБ-ның базалық ЖОО-лары Ұлттық қор қаражаты есебінен зертханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізді.

Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ бюджеттен тыс қаражат есебінен зертхана құрып, «Жасыл энергетика» зертханасын құрды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медицина-биологиялық кластер» және «Инновациялық Инжиниринг және ғылымды қажет ететін технологиялар кластері» ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын құру бойынша инновациялық жоспарлар шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастыруда.

Осы құжаттардың қаржылық-экономикалық бөлімдері Қазақстандың Ұлттық банкінің теңгенің еркін курсына байланысты жаңа саясатына байланысты түзетілді.

Нәтижесінде тартылатын инвестиция курсы «Медицина-биологиялық кластер» бойынша 26,7 млрд. теңгеге, «Инновациялық Инжиниринг және ғылымды қажет ететін технологиялар кластері» бойынша 25,4 млрд. теңгеге артты.

Нәтижесінде құнының артуына байланысты жобалар ҚазҰУ-ның Байқау кеңестерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың оң қорытындысын ала алмады




164-іс-шара

ЖОО-лардың үшжақты келісімдер жасау (ЖОО – ғылыми ұйым – бизнес) арқылы ғылыми жобаларды іске асыруға қатысуы






*

ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы ІІ-IV тоқсандар

үшжақты келісімдер шеңберінде













Информация не соответствует пункту




166-іс-шара

Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу ИИДМБ-2 базалық ЖОО-ларында оқытуға және өндірістен тәжірибелі мамандарды тарту









ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы II-IV тоқсандар

ЖОО-лар қаражаты есебінен













Іс-шара орындалды

Бүігнгі таңда базалық ЖОО-лар ынтымақтатсық туралы 78 шетелдік ЖОО-лармен шарттар жасасты. Шетелдік ЖОО-лардың сарапшылармен, сонымен қатар жұмыс берушілердің қатысуымен 24 инновациялық, студентке бағытталған білім беру бағдарламалары әзірленді және бекітілді.

Аталған білім беру бағдарламалары заманауи технологиялармен жұмыс жасау мен оларды өндіріске енгізу үшін қажетті практикалық дағдыларды, сыни тұрғыдан ойлауды және құзыреттерді дамытуға бағытталған. Білім беру бағдарламалары ИИДМБ-2 нақты жобаларының және өндірістің қажеттіліктеріне сәйкес икемді білім беру траекторияларын қамтиды.Базалық ЖОО-лар дәрістерді оқу, дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету үшін шетелдік серіктес ЖОО-лардан ғалымдар тартылды.

Осылай қазіргі таңда 11 базалық ЖОО-лар АҚШ, Швециядан, Польшадан, Ұлбыританиядан, Ресей Федерациядан, Малайзиядан 199 шетелдік ғалым шақырылды



4.4-міндет. ЖОО-ларда білім алатын жастарды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру



168-іс-шара

Студенттік өзін-өзі басқаруды енгізу, студенттерді академиялық, зерттеу қызметіне және ЖОО-ны алқалық басқару органдарына тарту






*

БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

ЖОО-да Жастар кеңесі құрылды. Жастар кеңесінің құрылымында 100 астам қызығушылық бойынша клубтар табысты түрде жұмыс атқаруда: тіл дамыту, бизнес икемдерін дамыту, интеллектуалдық және дискуссиялық бағыттар бойынша, сән театры, заманауи билер бойынша клуб, көңілділер және тапқырлар клубы, құқықтық тәртіпті қолдау бойынша «СТОП» клубы және т.б.

Жастар кеңесінің белсенділері факультеттер, жас ғалымдар кеңестерінің, Ғылыми кеңестің және ЖОО-ны ректоратының тұрақты мүшелері болады.

ЖОО-мен студенттерді алқалық басқару органдарына, ғылыми зерттеу жүргізуге, ғылыми байқауларға, соның ішінде шетелдік, қатыстыру жұмыстары жалғастырылады.





169-іс-шара

Студенттерді толеранттылыққа және қоғамдық өмірге тартуға тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру






*

ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Студенттер арасында төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды, соның ішінде дөңгелек үстелдер, конференциялар, форумдар және басқа да мәжілістер.

ЖОО-да төзімділікті қалыптастыру бойынша тәрбиелік жұмысы 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламаны орындау бойынша «Азаматтық-патриоттық білім тұжырымдамасы», «2011-2020 жылдарға тәрбие жұмысының дамуы стратегиялық жоспарының» және жылдық азаматтық-патриоттық, білім және тәрбие, діни экстремизмге идеологиялық қарсы, нашақорлық- уытқұмарлық және салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламарының негізінде атқарылады.

Барлық шаралардың негізіне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен айтылған «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы, Ұлт жоспары «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» алынған. Аталған нормативтік құжаттар Ғылыми кеңестің мәжілістерінде қаралады.

Жалпы, елдің 112 ЖОО-мен студент жастарын тәрбиелеуге бағытталған 400 астам іс-шаралар өткізілді, соның ішінде кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, конференциялар, акциялар өткізілді.




170-іс-шара

Студенттер арасында дебаттық қозғалысты дамыту






*

ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы желтоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

Республиканың ЖОО-ларында қазақ және орыс тілдерінде интеллектуалды дебаттық клубтар жұмыс істейді. Дебатшылардың қатарында 100-ден астам белсенді мүшелер бар, олар жастар парламентінің қатысушылары болып табылады.

Клубтар жыл сайын өзекті мәселелер бойынша республикалық дебаттық турнирлер өткізеді.

Дебатшылар ЖОО-лардағы жастар ұйымдары өткізетін қалалық, республикалық турнирлердің жеңімпаздары мен призерлары болып табылады.





172-іс-шара

ЖОО-лардың спорт клубтарын жекелеген заңды тұлғалар етіп қайта ұйымдастыру мәселесін пысықтау






*

БҒМ ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016 жылғы IV тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

ЖОО-лардың спорт клубтарын жекеленген заңды тұлғаларға қайта құру мәселесі Министрлікпен пысықталды.

«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 135-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Осыған орай, 2016 жылғы мамырда «Ұлттық студенттер лигасы» ЗТБ құрылды, оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Бөкетов атындағы ҚарМУ, Х. Дулати атындағы ТарМУ, ХАТУ, АlmaU, UIB, ҚҚЭУ.





173-іс-шара

Бұқаралық спорт түрлері бойынша студенттер лигаларының жарыстарын өткізу






*

ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы IІ тоқсан

демеушілік қаражат есебінен













Іс-шара орындалды

2015-2016 оқу жылында Ұлттық студенттер лигасының (ҰСЛ) ойындарына Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы ЖОО-лардың жігіттері мен қыздарынан тұратын 33 команда қатысты.

2016 жылы ҰСЛ ойындарының футзалына Көкшетау, Тараз, Өскемен және Семей қалаларының ЖОО-лары қосылды. Сонымен, қатысушы командарлардың жалпы саны 41 ЖОО мен 7 колледжді құрайды. Өңірлік сатыдағы ойындар жоғары оқу орындарының спорт кешендерінің базасында жүргізілді.

2015 жылғы қазанда ҰСЛ-дің баскетбол бойынша топтық ойындары басталды. Ойындарға Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы ЖОО студенттері, құрамында жігіттер мен қыздар бар 20-дан астам команда қатысты.

2016 жылғы сәуірде Алматы қаласында студенттер арасында футзал бойынша ІІ Азия чемпионаты өтті. Елдің намысын Ұлттық студенттер лигасының 2015 жылғы маусымының финалистері мен жеңімпаздары қорғады.

ҰСЛ финалистерінен тұратын Қазақстанның ұлттық құрамасы 2016 жылғы 1-11 шілдеде Бразилияда (Гояна қ.) өткен студенттер арасындағы футзал бойынша XV әлем чемпионатына қатысты. Жарыс нәтижесінде ерлер командасы 8-орынды, әйелдер тобы 10-орынды алды.

Сондай-ақ, ҰСЛ-дің футзал бойынша 2016 жылы Алматыда өткен финал ойындарында 20 ЖОО-дан командалар қатысты. Финал ойындарда жоғарыда аталған ЖОО командалары 4 командадан 5 топта ойнады. Нәтижесінде, финалға 4 команда шықты, жеңімпаз ХАТУ командасы атанды (ТарМПИ – 2-орын, әл-Фараби атындағы ҚазМУ – 3-орын).




174-іс-шара

Студенттік спортты дамыту, 2017 жылғы Универсиадаға қатысу үшін қазақстандық команданы дайындау



млн.

тг.


*

ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2017 жылдардағы IV тоқсан

334,8

334,8

278,4

РБ

204 113

Іс-шара орындалды

2016 жылы қысқы спорттың 12 түрі бойынша 26 оқу-жаттығу жиындары өткізілді, оған 32 ЖОО мен 5 колледжден 137 спортшы қатысты (2016 жылғы 5 мамырдағы № 99 шарт бойынша).

1. Керлинг (Германия, Корея)

2. Шайбалы хоккей (Алматы қ.)

3. Конькимен жүгіру спорты (Германия, Астана қ.)

4. Мәнерлеп сырғанау (АҚШ, Ресей, Алматы қ.)

5. Шорт-трек (АҚШ)

6. Биатлон (Эстония)

7. Шаңғы жарысы (Болгария)

8. Трамплиннен шаңғымен секіру (Германия, Алматы қ.)

9. Тау шаңғысы (Австрия).

10. Фристайл (акробатика) (Щвейцария, Финляндия, Ресей, Өскемен, Алматы ққ.)

11. Сноуборд (Австрия, Алматы қ.)

12. Шаңғымен екі сатылы сайыс (Ресей, Алматы қ.).

Шарт бойынша жалпы сома 334 846 мың теңгені құрайды.

Шығыс – 308 746,9 мың теңге.

Жұмсалмағаны 26 099,0 мың теңге (РБ-ға қайтарылды).

Биатлон, шаңғы жарысы, фристайл могул (спортшылардың Әлем кубогінің сатыларына қатысуы) және шорт-трек (қорғаныс маттарының болмауы) бойынша оқу-жаттығу жиындары өткізілмеді.



4.5-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру



176-іс-шара

ЖОО-лардың топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тарту



млн.

тг.


*

БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2018 жылдардағы IV тоқсан

115,2

115,2

115,2

РБ

204

100



Іс-шара орындалды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджет қаражаттарын шетел мамандарын тартуға үлестіру жөніндегі комиссиясының шешімімен ЖОО-лар ұсынған 22 кандидатурадан 11 шетел маманы іріктеліп алынды.

Нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш. Уәлиханов атындағы ҚМУ, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы МУ, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Халықаралық бизнес университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан-Американдық еркін университеті сияқты 11 ЖОО-ға шетел мамандары шақырылды.

Шетел мамандары 2016-2017 оқу жылының бірінші семестрі бойы ЖОО-лардың топ-менеджментінде жұмыс жасады.

Есептерді талдау шетел мамандарының білім беру бағдарламаларын, бірлескен бағдарламаларды әзірлеуге, семинар, конференция, курстарды, дәрістерді өткізуге және т.б. қатысқандығын көрсетті. Мысалы, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте университеттің «Ғылым және коммерциализациялау» стратегиясы әзірленді, «Ғылыми әзірлемелерді коммерциализациялау жолдары мен тетіктері» тақырыбына Work-shop өткізілді. Қазақстан-Американдық еркін университетінің базасында «Ньютон-әл-Фараби» бағдарламасы бойынша Британ кеңесімен және «Ғылым қоры» АҚ-мен бірге өзара іс-қимыл жасау және кәсіби даму орталығы құрылды. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да Люблинск политехникалық университетімен бірге (Польша) «Мехатроника» магистратурасының, «Ақпараттық жүйелер мен автоматтандыру» докторантурасының бірлескен білім беру бағдарламалары әзірленді.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу-әдістемелік материалдар, оның ішінде аккредиттеуге карт-формалар әзірленді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде халықаралық рейтингтерге қатысу үшін рейтинг көрсеткіштерін жоғарылату бағдарламасы әзірленді.

Сонымен бірге, шетел мамандары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге ұйымдастырған республикалық ауқымдағы іс-шараларына қатысты.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.





177-іс-шара

Жоғары білім берудегі менеджмент бойынша ЖОО-лардың басқарушы құрамының біліктілігін арттыру



млн.

тг.


*

«Назар­баев университеті» ДБҰ (келісім бойынша),

БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)


2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

335,4

335,4

335,4

РБ, ЖОО-лардың бюджеттен тыс қаражаты

224

Іс-шара орындалды

2014-2016 жылдары ЖОО-лардың басқару және академиялық құрамы жыл сайын 100 адамнан Назарбаев Университетінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2014 жылы аталған іс-шараны өткізу үшін 262, 4 мың теңге бөлінді, 2015 жылы – 231, 7 мың теңге, 2016 жылы – 335,4 мың теңге.

Бағдарламаның шеңберінде Жоғары білім беруде көшбасшылық қорында (Ұлыбритания), Рицумейкан Азия-Тынық мұхитының университетінде (Жапония), Пенсильвания университетінің Жоғары білім мектебінде (АҚШ), Наньянг технологиялық университетінің Ұлттық білім беру институтында (Сингапур) тағылымдама ұйымдастырылды.

Бағдарламаның мақсаты ЖОО-ларды басқарудың жаңа моделіне көшу жағдайында тиімді жұмыс жасау үшін ЖОО жетекшілерінде көшбасшылық дағдыларды дамыту болып табылады. Біліктілікті арттыру курстары стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару, университет менеджменті мәселелеріне баса назар аударды.

Сонымен, ҚР БҒМ Назарбаев Университетімен бірге корпоративті басқару принциптерін ендіру үшін жоғары білім беру саласында жетекшілердің жаңа ұрпағын қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде.





178-іс-шара

Азаматтық ЖОО ректорларының жұртшылық алдында жыл сайын есеп беру практикасын енгізу және KPI арқылы ректорлар қызметін бағалау






*

ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

талап етілмейді













Іс-шара орындалды

ЖОО ректорларының халық алдындағы жыл сайынғы есебіне 4 мыңдай азамат, оның ішінде студенттер мен олардың ата-аналары, түлектер, ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың, шетел ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті билік органдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ұлттық ЖОО басшыларына әртүрлі проблемалар бойынша 200-ден астам сұрақтар қойылды, олардың барлығына толық жауаптар берілді. Студенттер баспанасы, жатақханаларда орынның жетіспеуі, оқу ақысын төлеуге жеңілдік, жас отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге көмек ұсыну мәселелері көтерілді.

Есептік кездесулер бұқаралық ақпарат құралдарында: «Хабар», «Қазақстан» арналарының теледидарында, «Tengrinews» және «Алаш Айнасы» интернет порталында, «Шалқар» радиосында, «Жас Қазақ», «Экономика» газеттерінде, университеттердің интернет-ресурстарында жарияланды.

Сонымен, ұлттық ЖОО ректорларының халықпен кездесулерін ұйымдастыру ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын одан әрі жоғарылату мақсатында ой-пікірмен алмасуға тиімді сұхбат алаңы болып табылады.




180-іс-шара

Азаматтық ЖОО-ларда академиялық және басқару дербестігі мәселелері бойынша Назарбаев Университетінің тәжірибесін кезең-кезеңімен енгізу









ЖОО-лар (келісім бойынша)
2016-2019 жылдардағы IV тоқсан

талап етілмейді















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет