Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету



бет18/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
988 қаулы
сынып минездеме
5.2.3. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету

1. Ғылым нәтижелілігін арттыру


Ғылым, технологиялар, инновациялар саласындағы болашақ көкжиегін анықтау және болжау жөніндегі әлемдік практиканы ескере отырып, форсайт-зерттеулер мен әртүрлі ғылыми бағыттардағы өзекті ғылыми үрдістерге мониторинг жүргізілетін болады. Форсайт және талдау нәтижелері бойынша нақты нарық қажеттіліктеріне бағдарланған ұзақ мерзімді кезеңге арналған басым ғылыми бағыттардың, пәнаралық ғылыми бағдарламалардың, түйінді өнімдердің, қызметтердің, технологиялардың өзектендірілген тізбесі қалыптастырылатын болады.


Ғылым нәтижелілігін арттыру жөніндегі шаралар кешені қабылданатын болады. Ол үшін ҒЗТКЖ-ның түпкілікті нәтижелілігіне және индустрия мен бизнес тарапынан ғылыми нәтижелердің қажеттілігін арттыруға бағытталған тиімділіктің негізгі көрсеткіштері әзірленеді және енгізіледі. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін тұрақты бағалау жүргізілетін болады.


Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін басылымдарға қойылатын талаптар, атап айтқанда міндетті "көрмей" рецензиялау, қажетті техникалық стандарттарды сақтау, редакциялық алқалар мен рецензенттердің деңгейін арттыру және т.б. қайта қаралатын болады. Ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру нәтижесінде қазақстандық 50 ғылыми журнал халықаралық ғылыми деректер базаларында индекстелетін болады.


Ғылыми зерттеулердің басым міндеттерін шешуге мемлекеттік қаржыландыруды бағдарлау үшін нормативтік құқықтық актілерге ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға қойылатын талаптарды нақтылау, сондай-ақ олардың арасындағы нақты шектеуді белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.


2021 жылдан бастап гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар жыл сайын өткізілетін болады, бұл әрбір мамандандырылған ғылыми бағыт шеңберінде перспективалы идеялардың көп санын қолдауды қамтамасыз етеді, ғылымға мемлекеттік қаржыландыруды жоспарлы түрде ұлғайту үшін жағдай жасайды, кадрлардың ғылыми ортадан кетуін қысқартады.


Елдің жетекші университеттерінің базасында ҒҒТҚН және технологияларды коммерцияландыру офистерін дамыту саясаты жалғасатын болады.


Мүдделі бизнес-әріптестер тарапынан қолданбалы ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру практикасы жалғасатын болады. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары үшін жобаны іске асыруға бизнестің қосқан үлесінің болуы туралы талаптар жобаның жалпы құнынан 50%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады.


Бұған қоса ғылымды өңірлердің жергілікті міндеттерін шешуге бағдарлау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға ғылыми зерттеулерді қосымша қаржыландыру, оның ішінде зерттеулерді гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде не басқа да көздерден бірлесіп қаржыландыру жөніндегі өкілеттіктерді беру мәселесі пысықталатын болады.


2. Ғылымды мемлекеттік қаржыландыруды тиімді және ашық бөлу және ғылыми ұйымдарда жоспарлау жүйесін жетілдіру


Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында ғылымға арналған шығыстарды жалпы ішкі өнімнен 1 %-ға дейін ұлғайту көзделген. Ғылымды мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту 2021 жылдан бастап қаржыландыруды бөлу тетіктерін реформалаудан кейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Бұл ретте мемлекеттік емес көздерден ғылымды қаржыландыру үлесі 2025 жылға қарай 35 %-ға дейін ұлғайтылатын болады.


(1) Ғылыми ұйымдарды дамытуды ұзақ мерзімді жоспарлау, (2) ғылыми зерттеулердің тұтастай алғанда ғылыми ұйымдарды дамытумен өзара байланысын қамтамасыз ету және (3) ғылымды мемлекеттік қаржыландыруды пайдаланудың айқындылығын арттыру мақсатында ғылымды мемлекеттік қаржыландыруды қамтитын мынадай үш деңгейлі жүйені енгізу қажет:


1) 10 жылға арналған миссия, пайымдау және стратегия;


2) 5 жылға арналған даму бағдарламасы (нақтыланған стратегия);


3) жыл сайынғы қызмет жоспарлары.


Ұлттық ғылыми кеңестерді іргелі және қолданбалы зерттеулерге бағдарлау жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.


3. Ғылымды интернационалдандыру


Ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық қазақстандық ғылыми қызметкерлердің ірі шетелдік зертханалық кешендерде жұмыс жүргізетін халықаралық ұжымдарға қатысуын көздейді. Ғылыми ұйымдардың халықаралық ғылыми орталықтармен стратегиялық әріптестігі жалғасатын болады.


Ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау үшін жетекші шетелдік ғылыми орталықтар мен университеттерде жұмыс істейтін отандастарды тарту үшін арнайы бағдарламалар әзірленетін болады.


Халықаралық зерттеулерді гранттық қаржыландыруға жекелеген конкурстар көзделетін болады, бұл ғылыми қызметкерлердің өндірістік және нәтижелі қызметке деген ынтасын, кәсіби өсуі мен ұтқырлығын арттыруға алып келеді.


Халықаралық ғылыми гранттар мен жобалар туралы ақпараттың интернет-платформа – агрегаторын құру аяқталатын болады, 2020 жылдың соңына дейін оған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің барлық аккредиттелген субъектілері үшін қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады.


Қазақстандық ғылымның әлемдік ғылыми қоғамдастыққа кірігуін тереңдету мақсатында халықаралық зерттеулерге арналған гранттарға қосымша ғалымдарды ағылшын тіліне, жоғары технологиялық ортада жұмыс істеуге және халықаралық және шетелдік қорлар қаржыландыратын ғылыми зерттеулерге өтінімдер беру рәсімдеріне оқыту жалғастырылатын болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет