Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


-мақсат. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру



бет16/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
988 қаулы
сынып минездеме
2-мақсат. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында ғылымға арналған шығыстарды жалпы ішкі өнімнен 1 %-ға дейін ұлғайту көзделген. Оның ішінде 0,34 %-ын республикалық бюджет қаражатынан және бірлесіп қаржыландыру есебінен, 0,66 %-ын жеке инвестициялар қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарлануда. Ғылымды мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту 2021 жылдан бастап қаржыландыруды бөлу тетіктерін реформалаудан кейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Бұл ретте 2025 жылы бірлесіп қаржыландыру үлесі ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 1 %-ды, ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде 1 %-ды, ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде 50 %-ға дейін құрайды.


Тұтас алғанда, ғылымға арналған шығыстарды 2025 жылы ЖІӨ-ден

1 %-ға дейін жеткізу үшін барлық мемлекеттік емес көздерден ғылымды қаржыландыруды ұлғайту шаралары қабылданатын болады.

Атап айтқанда, бизнестің ғылымға инвестиция салуға мүдделілігін арттыру үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру (халықаралық патенттерді алу, жаңа технологияларды әзірлеу) жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұдан басқа уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың өндіруге арналған шығыстарының бір пайызының қаражатын бөлу процесін бақылау тетіктері әзірленетін болады.


Міндеттер:

5.2.1. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту

Жас ғалымдарды қолдау гранттық қаржыландыруға арналып өткізілетін конкурстар шеңберінде, сондай-ақ тікелей жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар ішінде жүзеге асырылатын болады. Жас ғалымдарды барлық кезеңдерде белсенді қолдау PhD мен тағылымдамаларға арналған гранттар санын ұлғайту, жас ғалымдар топтары үшін ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыру үшін шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.


Жастарды ғылымға белсенді тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығы құрылады, ал ғылымды танымал ету және жас ғалымдардың санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіледі, ғылыми-танымал журналдар жасалады және ғалым кәсібінің беделін барынша насихаттау жүзеге асырылады.


Мемлекеттік ғылыми ұйымдардағы жаңа кадр саясатының мақсаттары

(1) стратегиялық HR-менеджментті енгізу, (2) лауазымдардың жаңа архитектурасы, (3) бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеу болып табылады.

Үш бағыт: ғылыми әлеуетті дамыту, кадр резервін күшейту және көшбасшыларды дамыту бойынша стратегиялық HR-менеджментті енгізу жөніндегі жұмыстар кешені жүргізілетін болады. Бұл ретте ғылыми ұйымдарды трансформациялау корпоративтік басқаруды, икемді қаржыландыруды және басқарушылық дербестікті енгізу жолымен жүргізілетін болады.


Ғылыми ұйымдардың кадрлық және басшылық құрамын қайта даярлау және шетелдік табысты ғалымдарды ғылыми ұйымдарға тарту бағдарламалары іске асырылады, сондай-ақ басшылық құрамның резерві қалыптастырылатын болады. Ғылыми ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындау кезінде нақты өлшенетін өлшемшарттармен ашық конкурс рәсімдерін енгізу жоспарланып отыр.


Ғылыми қызметкерлер шетелдік сарапшыларды тарта отырып, ғылыми жобалар бойынша өтінімдер дайындаудың кәсіби дағдыларына оқытудан өтеді.


Мемлекеттік ғылыми ұйымдарда жоғары ғылыми жетістіктерді ынталандыруға, жас таланттар мен неғұрлым нәтижелі ғалымдарды ғылымға тартуға және орнықтыруға үлкен назар аударылатын болады. "Ғылыми тәлімгер/Научный наставник" институты енгізілетін болады, бұл жас ұрпақ пен тәжірибелі ғылыми қызметкерлер арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Магистратура және PhD докторантура бағдарламалары ағылшын тілінде академиялық сауаттылыққа оқыту, ғылыми зерттеулер әдіснамасы бөлігінде жетілдірілетін болады. Докторанттарға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураны бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде диссертация жұмысын тегін аяқтау және оны қорғау мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ постдокторантура бағдарламасы, бірінші кезекте, зерттеу жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда дамитын болады.


Лауазымдардың жаңа архитектурасын енгізу халықаралық практикаға сәйкес келетін лауазымдарды енгізуді көздейді.


PhD докторы дәрежесін дербес беру бойынша ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының тәжірибесі зерделенеді, бұдан әрі осы тәжірибені басқа жоғары оқу орындарына трансляциялау жөнінде шаралар қабылданатын болады. PhD докторанттарының жарияланымдарына қойылатын талаптар, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бөлігінде дәрежелер беру қағидалары жетілдірілетін болады; сондай-ақ шетелдік дипломдарды автоматты түрде тану өлшемшарттары қайта қаралады.


Ғалымдардың жалақысын арттыру жөніндегі шаралар қайта қаралатын болады. Базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі шығыстарды жоспарлау кезінде зерттеу тобының құрамындағы әрбір позиция үшін жалақының ең төменгі және ең жоғары мөлшерін белгілей отырып, еңбекақы төлеу нормативтері енгізілетін болады. Ғалымның жеке жетістіктеріне және оның зерттеу тобының немесе құрылымдық бөлімшенің құрамындағы ұжымдық жетістіктеріне байланысты жалақыға үстемеақы белгілеу жүйесі әзірленетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет