5.2.2. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру
Цифрландыру трендтерін ескере отырып, ғылыми инфрақұрылымды жаңарту және жаңғырту жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады.
Ғылым инфрақұрылымын жаңғырту (күрделі жөндеу жүргізу, жабдықтарды жаңарту, веб-ресурстарды, ғылыми ұйымдардың ақпараттық жүйелерін әзірлеу, лицензиялық бағдарламалық қамтылым, GLP, GSP халықаралық сертификаттау және стандарттау жүргізу) және ғалымдардың цифрлық дағдыларын дамыту (сертификатталған тренингтер) шаралары пысықталатын болады.
Ғылымды цифрландыруды дамыту мақсатында Қазақстан ғылымының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылатын болады. Жүйенің мүмкіндіктері ғалымдардың өзекті дербес бейіндерін құруға және қолдауға, әрбір ғалымның мемлекеттік көздерден қаржыландырылатын зерттеулерге қатысу тарихын қалыптастыруға, оңтайлы ғылыми әріптестікті ұсынуға, қаржыландыруға өтінімдер мен ғылыми зерттеулер туралы есептерді жіберуге, сараптамадан өту мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді есепке алу, ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу және т.б. бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер автоматтандырылады. Енгізу нәтижесінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы артады.
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде ҒЗТКЖ, өнеркәсіп, технологиялар арасындағы байланыстар бойынша деректер базасы қалыптастырылады, сондай-ақ Қазақстан қосылған ЭЫДҰ-ның құқықтық құралдарының қағидаттары, атап айтқанда, мемлекеттік қаражат есебінен алынған деректерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша енгізіледі. Қазақстанның білім беру саясаты және ғылыми және технологиялық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитеттеріне қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық үйлестірушінің жұмысы жалғастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |