"Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына; 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына; 2010 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді. Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделіп, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаны іске асырудың нәтижелі болуы жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігі қамтамасыз етілген жағдайда қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және негізгі бағдарламалық іс-шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері