Бағдарламада алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі бағыттары, жолдары және тиісті шаралар Бірінші бағыт Мемлекеттік тілді меңгеру Мақсаты: «Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің басты факторы» Нысаналы индикаторлар: мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың «Қазтест» жүйесі бойынша емтихан тапсыру нәтижелері бойынша 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%); мемлекеттік тілді В-1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%). Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды көздейді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін анықтайды.