Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Отбасыларының әл-ауқатына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру оларды одан әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін басты шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар аударылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының үлесі соңғы жылдар ішінде ЖІӨ шамамен 0,1%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (одан әрі – ЭЫДҰ) мүшесі болып табылатын елдерде - ЖІӨ-ден 1%-дан 2%-ға дейін.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік шығыстар жыл сайын артуда.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға шығыстардың үлесі 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге таяу өсті және білім беруге жалпы шығыстардан 7,9%-ды құрады.
Мемлекеттік балалар бақшаларына орын алу үшін кезектілік туралы деректердің динамикасы халықтың мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне сұранысы жыл сайын артып отырғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын жою мақсатында 2010-2014 жылдарға арнайы салалық
Достарыңызбен бөлісу: |