Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет


Ыстық тамақ ұйымдастырылған мектептер саны



бет5/7
Дата10.06.2017
өлшемі2,17 Mb.
#18775
1   2   3   4   5   6   7

Ыстық тамақ ұйымдастырылған мектептер саны


Ыстық тамақпен тегін тамақтандыру Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының барлық бастауыш сыныптарының оқушыларына ұйымдастырылған.







Ыстық тамақ ұйымдастырылған мектептердің саны

Күнкөрісі төмен отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамту %

2005 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін тамақтануды ұйымдастыруға бөлінетін шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес бес есеге ұлғайтылды. 2010 жылы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жаппай оқу қорынан 2,9 млрд. теңге (2005 жылы – 518,5 млн. теңге) бөлінді.

Мектептері жоқ елді мекендерде тұратын 24 649 (2009 ж. 26 458, яғни 71,6%) немесе 76% оқушыларды білім беру құқығымен қамтамасыз үшін мектепке тасымалдау ұйымдастырлған. Білім беруге арналған құқықты қамтамасыз ету үшін мектеп жоқ елді мекендерде тұратын 24 649 (2009 ж. 26 458, яғни 71,6%) немесе 76% мектепте тасу ұйымдастырылды.



Мектепте тамақ беруді жаңғырту және балаларды мектепке дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру мәселелері

-Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Балаларды ең үздік қамтамасыз ету үшін республикада аз қамтылған отбасылардың балаларына тұрақты көмек көрсетілуде.

2011 жылы аз қамтылған отбасылар білім беру ұйымдарының деректері бойынша бір жүз елу мыңға жуық, оларда үш мыңнан астам бала бар.

2011 жылы «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларының барысында әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын 386 мың балаға 2 млрд. теңге сомаға жуық көмек көрсетілді (2010 жылы – 374 655 мың балаға жуық 1,7 млрд. теңге сомаға).



Жаппай оқу қорына әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге аударымдардың сомасы 7 млрд. теңгені құрады немесе мектепті күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7% (2010 жылы – 505 млрд. теңге немесе 1,7%).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының
4-тармағына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарын білім алу кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.

Техникалық және кәсіптік білім
Техникалық және кәсіптік білім жүйесі (ТжКБ) тұлғаның мүддесін қанағаттандыруда, нарықтық еңбек сұранысында, экономика және әлеуметтік саласының даму перспективасында басты рөл атқарады.

2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, мемлекеттік статистика деректері бойынша, 896 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары қызмет етеді, оның ішінде 325 кәсіптік лицей, 571 колледж. Оның ішінде 176 немесе 19,6% ауылдық жерлерде орналасқан.

ТжКБ оқу мекемелерінде 600 751 адам адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 41,6% құрайды.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 185 мамандық және 495 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Оқу орындары «ҚазМұнайГаз», «Қазақмыс», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазинжиниринг», «Қазақалтын», «Азия Авто», ENRC, «Қазэнерджи» ақционерлік қоғамдары және т.б. жұмыс берушілермен 17,5 мыңнан астам келісім-шарт жасасты. 2011 жылы ғана кәсіпорындар өндірістік тәжірибие өтуге 150 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынды. Материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға 200 млн. теңге сомасына көмек көрсетілді, кәсіпорындар есебінен 4 мың адам оқыды,3 мыңы шәкірт ақы алады.

2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ТжКБ-ді маңызды жаңарту қарастырылған, оған 2015 жылға дейін 90 миллиард теңгеден астам бөлінді.


Білім беру жүйесін ақпараттандыру
Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2010 жылы 18 оқушыға бір компьютерден келді,ал 2011 жылы бір компьютерге 16 оқушыдан келеді.

Бүгінгі күні білім беру ұйымдарының 50% интерактивті кабинет және мектептердің 98%-ы Интернетке, оның ішінде 34%-ы кең жолақты Интернетке қол жеткізді.

Мектептерде «Он-лайн жүйесінде оқыту» жобасы енгізілген. Апта сайын республикадағы ең үздік мұғалімдер он-лайн сабақтар,семинарлар өткізеді.

www.sabak.kz білім беру порталы қызметжасайды.

Бүгін мүмкіндігі шектеулі 9300 бала денсаулығына байланысты мектепке бара алмайды. Биылғы жылдан бастап мемлекет жыл сайын осы санаттағы 3 000 балаларны қашықтан оқыту бағдарламаларымен компьютерлермен, интернетпен камтамасыз етуде. Үш жылда бұл мәселе шешіледі, оған 5,6 млрд.теңге бөлінді.

Қазіргі таңда пәндердің 95 пайызы цифрлық форматына көшірілді.

Соңғы 5 жылда 11 мыңға жуық мектептегі информатика мұғалімі дайындалды.

Білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында «e-learning» электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады.

«E-learning» электрондық оқытуды 2015 жылы – 50%, 2020 жылы – 90% пайдалану жоспарланып отыр.

Алға қойған мақсаттарқа жету балалардың оқу сапасын ұлғайтады.

Ашық қолжетімділіктегі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру контентімен толық қамтамасыз ету (қандай да болмасын ақпараттық ресурсты – мәтін, графика, музыка, бейне, дыбыс және т.б. толтыру немесе ұстау) жоспарланып отыр. Оқу үрдісіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықпен жарақтандырылатын болады: жаңа үлгідегі компьютерлер, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және басқалары.

«Е-learning» шеңберінде орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру контентіменкамтамасыз ету соңғы үш жылғам жоспарланып отыр.

Мемлекет 2012 жылы мектептік пәндер бойынша 5 мың ресурс құруға, 2 мың ТжКО пәндері бойынша 2 млрд. теңгеден астам көлемінде қаржы бөліп отыр.


Қосымша білім беру
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымды бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.

2010-2011 оқу жылында республикада балаларға арналған 620 қосымша білім беру ұйымы, оның ішінде оқушылардың шығармашылық дамуын қамтамасыз ету үшін 27 мемлекеттік емес, 324 мемлекеттік музыкалық және көркемсурет мектебі, 163 оқушылар сарайы, 54 техникалық, экологиялық және саяхаттық станциялар қызмет істейді.

Әр бесінші оқушы қосымша білім беру ұйымында білім алады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өңірлерді дамытудың стратегиялық жоспарларына оқушыларды қосымша біліммен қамту деңгейін арттыру бойынша индикаторлар енгізілді. Қосымша білім беру ұйымдарының санын көбейту жоспарлануда. 2011 жылы Астана қаласында Оқушылар шығармашылығы сарайының құрылысы аяқталады.

Соңғы жылдары білім беру ұйымдарында мектептік спорттық секциялар санының арту тенденциясы байқалуда. Спорттық секцияларды ашу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде республиканың мектептерінде екі жылда олардың саны 1500 бірлікке жетті. Қазіргі уақытта, оқушылардың 21,8 пайызы қосымша біліммен қамтылып отыр.


Репатрианттар (оралмандар) мен мәжбүрлі

түрде қоныс аударғандардың білім алуы
2011-2012 о.ж. республикадағы білім беру ұйымдарында 24 725 -репатриант-оқушы (оралмандар), оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің 9 658 – бастауыш, 11 379 - негізгі, 3 679 – жоғарғы сатыларын және 9 – балалық шағынан бастап инвалид бала оқиды.

Оның ішінде ең көп бала саны Оңтүстік Қазақстан (6 010), Алматы (4 578), Жамбыл (4 477), Шығыс Қазақстан (3 909), Маңғыстау (1 204) облыстарында тұрады. Қазіргі таңда барлық мектеп жасындағы репатриант балалар (24716), тек балалық шағынан бастап инвалид 9 баладан басқасы, оқумен қамтылған.

Республиканың жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарында таяу және алыс шетелдерден келген оралман оқушылар үшiн олардың бiлiмiндегi кемшіліктерді жою және бiлiм бағдарламаларына бейiмдеу мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар өткiзiледi, арнайы көшу бағдарламалары көзделген.

2011-2012 оқу жылында кәсіптік және техникалық білім ұйымдарында 2 480, оның ішінде кәсіптік лицейлерде 739, мемлекеттік және жеке колледждерде 1 741 оралман оқиды.

Соңғы үш жылда ең көп оралмандар келесі елдерден келді:Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан, Монғолиядан, Қытайдан, Ресейден, Қырғыстаннан.

2011-2012 оқу жылында кәсіптік және техникалық білім ұйымдарында Өзбекстаннан – 1199, Қытайдан – 444, Монголиядан – 389 келген оралмандар оқиды.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелеріне оралмандарды оқуға қабылдау жалпы негізде типтік үлгі ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Білім алушылар Қазақстан Ресупбликасы азаматтарымен тең барлық жеңілдіктермен және құқықтарымен қамтылған: жатаханада тегін тұру, тамақтану, кітапхана қорын пайдалану, қалаған факультативтер, үйірмелер, секцияларға қатысады, сабақтан тыс іс-шараларға белсене қатысады

Оқытушылар, бөлім меңгерушілері, өндірістік оқыту шеберлері оқитын оралмандарға оқу жағдайы мен өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Мемлекет Қазақстан Республикасының саны аз халқы мен этникалық топтарына жәрдем көрсетеді, олардың мәдениетін, ұлттық ерекшелікті сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі саясатты жүргізеді.

Республиканың білім беру ұйымдарында негізгі ережелердің бірі ретінде ана тілін үйренуде ұлттық саны аз топтардың құқықтарын іске асыру орындалуда.

Азшылық топ ұлттарына республикада ана тілін оқуға мүмкіндіктер жасалған.

Бұдан басқа, олардың оқу-тәрбие процесіне зардапсыз кірігуі, қазақ және орыс тілдерін меңгеруі мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативтік сағаттар ұйымдастырылады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының есептік мәліметтері бойынша 2011-2012 оқу жылының

басында республиканың 108 жалпы білім беретін мектебінде 18 563 оқушы жеке пән ретінде 15 ана тілінде: неміс – 623, поляк – 970, корей – 156, дунған – 9 766, курд – 1 092, түрік – 4 158, татар – 343, азербайджан – 377, ұйгыр – 343, шешен – 296, грек – 85, армян – 25, иврит – 10, украин – 319, белорусс - 5 оқушы оқиды.

Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік іс-шаралар: мерекелік бағдарламалар, конкурстар, КТК, дискотекалар, көркемдік жұмыстар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізіледі. Мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде оқушылар мен студенттердің 50-80%-ы қамтылады

Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерін оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыруға қатыса алады. ҰБТ қорытындылары бойынша бітірушілердің орта мектептен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсуге құқығы бар.
IV. Балалардың денсаулық сақтауға құқықтарының

қорғауды сақталуы туралы
Баланың денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету мақсатында балаларға тегін медициналық қызмет көрсету, педиатриялық қызмет жүйесі сақталып, жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 445 бұйрығымен Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балалар мен емдік тағамның мамандандырылған өнімдері рецептімен тегін берілетін аурулардың түрлерінің және тұрғындардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді.

Қазақстан Республикасында халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ЖІӨ 1,9 пайызынан 2010 жылы – 2,7 пайызына дейін көбейді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған қазақстандықтар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту бағытының арқасында елде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсару үрдісі байқалып отыр.

Мәселен, өлімнің азаюы байқалады, халықтың табиғи өсімі артты.




Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері ( 2010 - 2011 жж. қаңтар-тамыз айдағы)
















1000 адамға

Облыстардың атауы

Табиғи өсім

Туу



Өлім-жітім

2010ж

2011ж

2010ж

2011ж

2010ж

2011ж

Қазақстан Республикасы

13,44

13,56

22,53

22,54

9,09

8,98

Ақмола

5,12

5,10

16,91

17,69

11,79

12,59

Ақтөбе

14,62

14,64

23,10

22,24

8,48

7,60

Алматы

12,74

16,27

21,45

24,46

8,71

8,19

Атырау

20,29

20,73

28,05

28,09

7,76

7,36

Шығыс Қазақстан

4,31

3,91

16,39

16,19

12,08

12,28

Жамбыл

17,99

19,29

26,16

27,10

8,17

7,81

Батыс Қазақстан

9,00

9,34

18,74

19,19

9,74

9,85

Қарағанды

5,83

5,76

17,44

17,34

11,61

11,58

Қызылорда

20,50

21,79

27,47

28,56

6,97

6,77

Қостанай

2,49

2,01

14,39

14,23

11,90

12,22

Маңғыстау

25,58

24,26

31,98

29,55

6,40

5,29

Павлодар

5,52

5,57

16,45

16,83

10,93

11,26

Солтүстік Қазақстан

0,71

0,54

13,23

14,42

12,52

13,88

Оңтүстік Қазақстан

24,03

25,46

30,32

31,97

6,29

6,51

Астана қаласы

19,28

20,21

24,18

24,65

4,90

4,44

Алматы қаласы

18,95

9,27

27,37

17,58

8,42

8,31

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері

Сонымен қатар, республикада бала және ана өлімі өзекті мәселе болып қалуда.

Бүгінгі күні Қазақстанда 4 млн. астам бала туатын жастағы әйелдер тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 30%-ын құрайды.

Ана өлiмi – жүктiлiк, босану және босанғаннан кейiнгi кезеңдегi асқынудан қайтыс болған әйелдердiң саны. Ана өлімінің көрсеткіштері тұрақсыздығымен сипатталады.

Қазақстанда ана өлімі, ең алдымен, негізгі үш себеппен: акушерлік қан кетумен, экстрагениталийлік аурулармен мен түсіктерден кейінгі асқынумен негізделген. Бұл жағдайлар өзара тығыз байланысты әрі әйелдер өлімінің себептері болып табылады.


2010-2011 жылдардың 9 айында бала және ана өлімінің көрсеткіштері


Облыстар атауы

тiрi туған 1000 балаға шаққанда болған балалардың саны.



тiрi туған 100 000 анаға шаққанда қайтыс болған аналар саны.




2010 ж.

2011 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қазақстан Республикасы

17,1

14,9

25,3

17,1

Ақмола

14,7

17,8

0

23,3

Ақтөбе

16,7

10,7

45,5

15,2

Алматы

16,3

14,8

18,5

22,1

Атырау

17,7

17,2

18,2

0

Шығыс Қазақстан

22,6

18,5

28,4

23,5

Жамбыл

17,3

16,9

34,5

24,9

Батыс Қазақстан

14,6

11

0

0

Қарағанды

15,4

11,8

5,6

11,0

Қызылорда

20,9

18,3

40,2

7,0

Қостанай

14,7

13,8

20,3

20,8

Маңғыстау

18,7

16,4

8,9

8,4

Павлодар

14

13,9

21,7

10,4

Солтүстік Қазақстан

15,7

12,3

32,0

0

Оңтүстік Қазақстан

20,1

16,8

26,6

17,2

Астана қаласы

13,2

11,5

8,3

14,1

Алматы қаласы

13,5

13,6

25,5

14,6















Нәрестелер өлiмінің көрсеткіштеріндегі осыншалық қомақты айырманың себебі тірі туу мен өлі туудың халықаралық өлшемдерінің енгізілуі болып табылады. Бұл ретте ұлдар арасындағы өлім қыздарға қарағанда жоғары, ал 5 жасқа дейінгі балалардың арасында нәрестелер өлімі ауылдық жерлерге қарағанда қалалық мекендерде 6,8%-ға жоғары.

Тірі бала табудың халықаралық өлшемдеріне көшумен 2008 жылы
2010 жылдың қорытындылары бойынша ана өлімінің көрсеткіші 27%, сәби өлімі 20% азайды. 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жүктілік деңгейі 1,1% (4 205 оқиға) және түсік тастау 4,5% (133 мыңнан астам), 3,1% дейін (106 мыңнан астам) азайды.

2010 жылы барлығы 368 957 бала туу тіркелді, оның ішінде 15-18 жастағы жасөспірім қыздарда – 4 205, бұл 1,1% құқрайды.

2010 жылы түсік тастаудың жалпы санының 3,1 пайызын жасөспірім қыздар (18 жас және одан кіші) арасындағы түсіктер құрады, 2007 жылы – 4,5 пайыз (түсіктер барлығы – 133 097).

Әйелдер мен балаларға жоғары дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері Астана қаласында дүниежүзілік стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы 500 төсектік Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы мен 300 төсектік Республикалық балалар оңалту орталығы жұмыс істейді.

Сонымен бірге Алматы қаласындағы Республикалық «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасында балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Жыл сайын ем қабылдайтын 5 мың пациентке ортопедиялық, урологиялық-нефрологиялық, неврологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен бірге экологиясы жайсыз өңірлердің балаларын тексеру мен емдеу, мүгедек балаларды ұзақ мерзімді кезең-кезеңмен оңалту жүргізіледі.

Алматы қаласының Педиатрия мен балалар хирургиясы, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталықтарында онкогематологиялық патологияны емдеу бөлімдері жұмыс істейді. Алматы қаласында 2011 жылдың аяғына қарай онкогематологиялық бөлім 80 төсекке дейін кеңейтіліп, жұлын салу бөлімі ашылады.

Балаларға кардиохирургиялық көмекті дамыту шеңберінде 2011 жылдың аяғында жоғарыда аталған ғылыми орталықтарда балалар кардохирургиялық бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.

Шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балалар мен әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігі үшін республикада бірқатар жылдардан бері жылжымалы бала-әйел консультациялары ойдағыдай жұмыс істеуде. Сонымен бірге 2010 жылдың аяғында республиканың жетекші республикалық клиникаларымен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық құрылды.

2010 жылы жаңа әлеуметтік жоба іске асырыла бастады – 2 мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Денсаулық» пойызы жолға шықты. 2011 жылы тағы бір пойыз жолға шығады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауын дамытудың «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (БМСК) жетілдіру және оның қолжетімділігі, ана, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау жөніндегі басымдылық бағыт одан әрі жалғастырылды, оның шеңберінде 2011 жылдан бастап БМСК ұйымдары деңгейінде арнайы әлеуметтік қызметкерлерді енгізу жоспарлануда, бұл балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 50 жылжымалы медициналық кешенді іске қосы жоспарланып отыр, олардың қазірдің өзінде 11-і жұмыс істейді, мұнда терапевттер, гинекологтар, педиатрлар, стоматологтар медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, экспресс-зертханалық диагностика, УЗ-зерттеулер жүргізіледі.

Балаларға егу Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енеді, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және халық үшін міндетті болып табылады. 2008 жылдан бастап профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді, балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.

2011 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында өткен халықаралық конференцияда әмбебап йодтауға қол жеткізген ел ретінде Қазақстанға елдің жалпыға бірдей йодтауға және халықтың тағамында йод тапшылығын жоюға қол жеткізуі туралы халықаралық сертификат тапсырылды. Йод жөніндегі ресурстық зертханалардың халықаралық желісінің үйлестіру комитеті мүшелерінің ұйғаруынша және Денсаулық сақтау министрінің қолдауымен Қазақ тағамтану академиясының йод зертханасы Орталық және Шығыс Еуропа өңірі мен ТМД елдері үшін Өңірлік ресурстық зертхана болып таңдап алынды.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 160-бабын іске асыру мақсатында 2011 жылдың өткен кезеңінде Мемлекеттік санитариялық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық органдары ЮНИСЕФ-пен және Қазақстан астық өңдеушілері мен наубайханашыларының одағымен бірлесіп ұнды міндетті түрде фортификациялау және ұндағы фортификанттарды анықтау бөлігінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Қолданылып жатқан шаралар бидай ұнын фортификациялау жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді, өйткені олар темір тапшылығы анемиясымен ауруды азайтуға және алдын алуға жәрдемдеседі.

Білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау, әділет министрліктері мен ЮНИСЕФ баланы қорғау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуын жақсарту, тамақтануды жақсарту және микронутриенттік ауытқулардың алдын алу мәселелері бойынша 2010-2011 жылдарға арналған екіжылдық жұмыс жоспарына қол қойды.

Алматы қаласындағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы экологиясы жайсыз Семей және Арал өңірлерінен келген балаларды тексереді, емдейді және кезең-кезеңмен оңалтады.


Қазақстан Республикасындағы балалардың

иммунопрофилактикасы бойынша іс-шаралар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы егу халық үшін міндетті болып табылады. Егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасында балалар қауымын егу тегін медициналық көмектік кепілді көлеміне енеді және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Бүгінгі күнге халықты иммунизациялау саласындағы мемлекеттің нысаналы саясатының арқасында елде полиомиелит, сіреспемен, дифтериямен ауыру жойылды, көкжөтелмен ауыру тым сирек кездесетін болды, «В» вирус гепатитімен ауыру, паротит індетіне шалдығу азайды. Қызылша мен қызамықты элиминациялау жөніндегі БДҰ бағдарламасын іске асыру одан әрі жалғасуда, сондай-ақ елдің полиомелиттен құтылған ел мәртебесін қолдау жөнінде жұмыс жүргізілуде, Қазақстанда 2008 жылдан бері профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді.

Ерте жастағы балалардың өлімі мен ауруға ұшырауын азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылдың аяғынан бастап жекелеген өңірлерде балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Республикада ерте жастағы балаларға осы инфекцияға қарсы жаппай егу жөніндегі іс-шаралар 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына енгізілді.
Жасөспірімдердің денсаулығы
Балалардың ауруларын уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін республикада жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қаралуға тиесілі балалардың 98,6% профилактикалық медициналық тексерумен қамтылды. Балалардың 26%-ынан ауытқу анықталды, олардың ішінде 68% науқас сауықты, балалардың 15% диспансерлік есепке алынды.

Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелерін талдау 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда көзінің көруі нашарлаған балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (18%-ға азаю), сөйлеуінде ақауы барлардың (24%-ға), сколиозы барлардың (24%-ға), мүсінінің бұзылуының (2 есеге) азаю үрдісі байқалғандығын көрсетті.



Балалардың ауруы қарқын алуда, әсіресе, жаңадан пайда болулар (1,8 есеге), дамуында туа біткен ақауы барлар (18 %-ға), жұқпалы аурулармен ауру салдарынан (20%-ға), жүйке жүйесінің аурулары (14%-ға), сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары (16%-ға) өсті.
0 14 жастағы балаларды профилактикалық тексеру және олардың нәтижелері





2007

2008

2009

2010

Қаралған балалардың барлығы, мың

3 713,9

3 583,1

3 804,9

3 814,5

Балаларды қарау кезінде анықталды:













құлақ естуінің нашарлауы













барлығы, мың

9,8

8,7

9,3

8,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,3

0,2

0,2

0,2

көз көруінің нашарлауы













барлығы, мың

82,7

77,9

86,1

83,5

қаралғандардың ішінде пайызбен

2,2

2,2

2,3

2,2

сөз сөйлеуінде ақауы барлар













барлығы, мың

23,7

19,3

20,0

18,1

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,6

0,5

0,5

0,5

сколиозы барлар













барлығы, мың

17,1

16,2

14,6

13,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,5

0,5

0,4

0,3

мүсінінің бұзылуы













барлығы, мың

36,6

32,0

24,9

18,4

қаралғандардың ішінде пайызбен

1,0

0,9

0,7

0,5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет