5.1. Отбасы және балалар
«Отбасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылады және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы».
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, 16.3 бап
Мемлекет отбасының негізгі рөлін мойындай отырып, отбасын және отбасындағы балаларды қолдау жөнінде іс-шаралар өткізеді. Жағымсыз көріністерді жою, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында «ҚР-да отбасылық қатынастарды моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары» қабылданды. Отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау, жастарды қолдау, кәрілікті лайықты қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар қарастырылған.
Қазақстанда бірнеше жылдар бойына екі және одан да көп балалары бар отбасылардың саны артуда, бұл отбасын, ана мен баланы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың нәтижесін білдіреді.
ҚР ҰЭМ СК30 үй шаруашылықтарын іріктемелік тексеру нәтижелері бойынша 2015 ж. 18 жасқа дейінгі балалары бар үй шаруашылықтарының орташа мөлшері 4,4 адамды құрады, бұл үй шаруашылықтарындағы балалардың орташа саны – 1,9. Тексерілген үй шаруашылықтарының іріктемелік жиынтығының ішінде31 18 жасқа дейінгі балалары бар үй шаруашылықтарының саны 53,6% құрайды. Балалары бар үй шаруашылықтары келесі түрде бөлінген: 44,6% отбасында бір баласы
(48% - 2010 ж.), 33,8% екі баласы (33% - 2010 ж.), 14,5% үш (13% - 2010 ж.), 7,1% төрт және одан көп балалары (6% - 2010 ж.) бар.
2010 және 2015 жж. салыстыру трендтің отбасыдағы балалардың саны баяу, бірақ артқанын дұрыс көрсетеді.
23-диаграмма. Үй шаруашылықтарының балалар саны бойынша бөлінуі
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Көп балалы отбасылар
Қазақстандағы көп балалы аналардың саны 2015 жылы 232 159 (216 639 – 2013 ж.) құрайды, 2013-2015жж. серпінінде бұл сан 7%-ға өскен.
Қазақстанда көп балалық аймақтық ашық көрінген мінезге ие болады — көп балалық дәстүрлі жоғары деңгейлі 5 облыстар бөлінеді: ОҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау. Олар жалпы алғанда көп балалы аналардың жалпы санынан алғанда 71,8% көп балалық көрсеткішті береді.
25-кесте. 2013-2015 жж. өңірлер қимасындағы көп балалы аналар бойынша деректер*.
|
2013
|
2014
|
2015
|
Үлес, %, 2015 жыл
|
Ақмола
|
4 405
|
4 725
|
4 670
|
2,0
|
Ақтөбе
|
7 155
|
7 706
|
7 800
|
3,4
|
Алматы
|
22 645
|
24 612
|
24 893
|
10,7
|
Атырау
|
8 841
|
9 705
|
9 926
|
4,3
|
БҚО
|
4 121
|
4 352
|
4 292
|
1,8
|
Жамбыл
|
20 913
|
22 355
|
22 531
|
9,7
|
Қарағанды
|
7 631
|
8 218
|
8 292
|
3,6
|
Қостанай
|
3 504
|
3 641
|
3 581
|
1,5
|
Қызылорда
|
16 960
|
17 887
|
17 722
|
7,6
|
Маңғыстау
|
12 124
|
13 639
|
13 959
|
6,0
|
ОҚО
|
85 482
|
88 117
|
87 578
|
37,7
|
Павлодар
|
2 992
|
3 222
|
3 210
|
1,4
|
СҚО
|
2 425
|
2 464
|
2 372
|
1,0
|
ШҚО
|
7 508
|
8 171
|
8 238
|
3,5
|
Астана қ.
|
4 745
|
5 885
|
6 803
|
2,9
|
Алматы қ.
|
5 188
|
6 582
|
6 293
|
2,7
|
Қазақстан
|
216 639
|
231 281
|
232 159
|
100
|
* Көрсеткіш: Бірге тұратын кәмелетке толмаған 4 және оданда көп балалары бар, арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын аналардың саны. ҚР ДСӘДМ деректері бойынша.
Дереккөз: «Қазақстанның ер-азаматтары мен әйелдері». ҚР ҰЭМ СК статистикалық жинағы. Астана 2015ж
Толық және моно ата-аналы отбасылар
Толық және моно ата-аналы отбасыларында тұратын балалар бойынша ресми статистиканы ҚР ҰЭМ СК халық санағының деректері бойынша береді. Соңғы санақ 2009 жылы өткізілді, сәйкесінше бұл тарауда сол мезгілдегі өзекті деректер келтірілген, бірақ мәселелер жиынтығының жалпы түсініктерін алу үшін оларды қарауға болады, себебі өткен жылдарда отбасылар, балалар, отбасылардағы ажырасулар саны бойынша көрініс түбегейлі өзгерген жоқ.
Статистикаға сәйкес толық отбасылар балалы отбасылардың ортақ санының 72,3% құрайды. Қалғандары бұлар ата-анасының біреуімен, немесе ата-анасыз отбасылар. Ажырасулар, некесіз туулар, жесірлік салдарынан моно ата-аналы отбасыларда тұратын балалардың саны айтарлықтай жоғары, орта есеппен 21,5% ата-анасының біреуімен, сонымен қатар 15,1% тек аналарымен, 6,4% әкелерімен тұрады.
24-диаграмма. Үй шаруашылықтарында тұратын балалардың отбасылық жағдайы, %
Дереккөзк:2009 ж. халық санағының деректері. ҚР ҰЭМ СК
Еуропадағы отбасылар құрылымының жағдайы туралы ақпараттық деректер ұқсас көріністі көрсетеді, сондай-ақ отбасының өзгеруінің заманауи үрдісі туралы айтады. Инноченти Зерттеу орталығының (ЮНИСЕФ) деректері бойынша Еуропа елдеріндегі 80%-ға жуық балалар ата-аналарының екеуімен тұрады. Деректер айтарлықтай сәйкес келмейді: Грекия мен Италияда 90%-дан жоғарыдан, Ұлыбританияда 70%-ға дейін. Балалардың 9%-дан азы Бельгия, Греция, Италия, Португалия және Испанияда бір ата-анамен тұрады, бұл көрсеткіш Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 15%-ға дейін артады. Австрия, Чехия Республикасы, Франция, Германия, Венгрия, Нидерланд, Польша және Швейцарияда балалардың 10%-дан 15%-ға дейіні бір ата-анамен тұрады.32
Ажырасулар
Қазақстанда отбасының бұзылуы қалыпты жағдай бола түсуде, соның ішінде балалары бар отбасыларға да. Елде ҚР СК ресми деректеріне сәйкес әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады.
ҚР ҚСжАЕК деректері бойынша 2016 жылдың 9 айында азаматтық істерді қарайтын сот органдары балалары кәмелетке толмаған отбасылардың ажырасу туралы 24 614 талабын қанағаттандырды (2015 жылы 35 727). Егер балалары бар үй шаруашылықтарында орта есеппен 1,9 бала деп есептесе, онда 2016 жылдың 9 айында толық емес отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалар санатына шамамен 46 766 балалар ауысты.33
26-кесте. Балалары кәмелетке толмаған отбасыларындағы ажырасу туралы мәліметтер
|
Балалары кәмелетке толмаған отбасыларындағы ажырасулар
|
2015
|
2016 жылдың 9 айы
|
Ақмола
|
1639
|
1027
|
Ақтөбе
|
1687
|
1271
|
Алматы обл.
|
3489
|
2725
|
Атырау
|
1117
|
743
|
БҚО
|
1159
|
938
|
Жамбыл
|
2038
|
1424
|
Қарағанды
|
3254
|
2187
|
Қостанай
|
2071
|
1477
|
Қызылорда
|
1379
|
1062
|
Маңғыстау
|
1043
|
783
|
ОҚО
|
3519
|
2464
|
Павлодар
|
2076
|
1359
|
СҚО
|
1340
|
964
|
ШҚО
|
3164
|
2317
|
Астана қ.*
|
2700
|
1746
|
Алматы қ.
|
4052
|
2127
|
Қазақстан
|
35727
|
24614
|
Дереккөз:ҚР БП ҚСжАЕК * Бас әскери прокуратураның деректері бойынша 1 ажырасу есепке алғанмен.
Ажырасулардың себептері және балалар (әлеуметтік зерттеу бойынша)
Ажырасулар күнделікті құбылысқа айналуына жаһандық себепті мамандар отбасы құндылығының төмендеуі деп атайды. Сарапшылардың пікіріне сәйкес ажырасулар ерлі-зайыптылар отбасылық өмірге психологиялық және тәжірибелі түрде дайын емес отбасыларда кездеседі. Мәселені қарапайым қазақстандықтардың көзімен талдау бірінші кезекте ажырасу отбасындағы өзара түсіністіктің бұзылуымен және дене зорлы-зомбылығын қолдануымен уағдыланғанын көрсетті, сұралған сауалнамаға жауап берушінің 75% егер отбасында өзара түсінушіліктің бұзылу жағдайына байланысты өміріне келтіретін қауіп болса, ажырасу мүмкін деп санайды, 29% махаббаттың жоқтығы туралы, 25% ерлі-зайыптылардың ортақ өмірді қабылдамауы туралы айтады. Сонымен қатар материалдық қиындықтар да себеп болып табылады: жұмыстың, тұрғын үйдің, табыстың жоқтығы.
Ажырасу кезінде ең басты зардап шегетін бала, ол отбасының ажырасуын бәрінен көп уайымдайды. Жоғарыда айтып кеткендей, 2016 жылы ажырасу салдарынан 46 766 шамасындай балалар бір ата-анасыз тәрбиеленеді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша сұрауға қатысқан балалардың
3,6%-ы ата-аналарының ажырасуы өз өмірінде кездескен маңызды мәселелердің бірі екенін көрсетті (0-17 жас аралығындағы балалардың ресми санына қайта есептегенде бұл 196 576 бала). Мұндай мәселелі балалардың ең үлкен үлесі Астанада (6,2%), ШҚО (6,5%), Қарағанды облысында (6%),
СҚО-да (5,4%).
Ата-ана құқықтарынан айырылу
Отбасындағы жағымсыздықтың алдын-алу бойынша жұмыстардың жүргізіп жатқанына, мектеп психологтары мен инспекторлардың, сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтардың атқарған жұмыстарына қарамастан басты мәселе ата-ана құқықтарынан айырылу және оның шектетілуі болып қалады. Біз жыл сайын ата-ана құқықтарынан айырылған, не шектелген
2 мыңға жуық отбасыларға ие боламыз. Ата-аналардың бала тәрбиелеу құқықтарынан айыру, бірақ кейде баланы отбасындағы жағымсыздықтан және зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатындағы мәжбүрлі және жалғыз ақырғы шара болып табылады.
ҚР ҚСжАЕК деректері бойынша 2016 жылдың 9 айында балаларды тәрбиелеу құқығынан айыру туралы қанағаттандырылған талаптардың саны 1530 (2015 ж. 1749), ата-ана құқықтарының шектетілуі 173 ( 2015 ж. 236) құрады. Олармен салыстырғанда балаға деген құқығын толық қалпына келтірген отбасылар саны өте аз, бар болғаны 53, бірақ дегенмен олар бар, отбасыға оның мәселелеріне көңіл аудара отырып, нақты қолдау көрсетілген жағдайда, қалпына келтірулерді бірнеше есе арттыруға болатындығын айтады.
Ата-ана құқықтарынан айырылудың көп мөлшері ОҚО (196), ШҚО (187), Павлодар (183), Қарағанды (172), Алматы облыстарында (118), Алматы (125), Астана (100) қалаларында байқалады.
27-кесте. Ата-ана құқықтарынан айырулар, шектетілулер, қалпына келтірулер туралы мәліметтер, саны
|
Ата-ана құқықтарынан айыру
|
Құқытарының шектетулері
|
Құқықтарын қалпына келтіру
|
2015
|
2016 ж. 9 айы
|
2015
|
2016 ж. 9 айы
|
2015
|
2016 ж. 9 айы
|
Алматы
|
121
|
78
|
11
|
9
|
8
|
5
|
Ақтөбе
|
76
|
44
|
0
|
0
|
4
|
1
|
Алматы
|
153
|
118
|
13
|
10
|
6
|
5
|
Атырау
|
38
|
32
|
12
|
3
|
2
|
0
|
БҚО
|
33
|
30
|
12
|
8
|
7
|
0
|
Жамбыл
|
37
|
35
|
3
|
1
|
1
|
3
|
Қарағанды
|
174
|
172
|
32
|
29
|
10
|
6
|
Қостанай
|
111
|
90
|
16
|
10
|
1
|
1
|
Қызылорда
|
36
|
35
|
3
|
5
|
0
|
1
|
Маңғыстау
|
27
|
29
|
5
|
2
|
0
|
0
|
ОҚО
|
165
|
196
|
1
|
0
|
0
|
1
|
Павлодар
|
206
|
183
|
109
|
72
|
19
|
14
|
СҚО
|
77
|
76
|
1
|
2
|
4
|
2
|
ШҚО
|
192
|
187
|
5
|
9
|
6
|
8
|
Астана қ.
|
128
|
100
|
10
|
4
|
4
|
5
|
Алматы қ.
|
175
|
125
|
3
|
9
|
0
|
1
|
Барлығы
|
1749
|
1530
|
236
|
173
|
72
|
53
|
Дереккөзк: ҚР ҚСжАЕК
Достарыңызбен бөлісу: |