Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама



бет27/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86

8.2. Ерекше мұқтаж балалар

8.2.1. Ағымдық жағдай


Мүгедек балалар

Балалар мүгедектігі проблемаларын зерттеу жөніндегі Еуропалық академия балалар мүгедектігінің негізгі көрсеткішін анықтайды, ол 2,5%-ға тең.46 Олардың көзқарасы бойынша, туа біткен ауытқушылықтар мен басқа функционалды бұзылулар бұл көрсеткіш аясында адамдық әртүрліліктің қалыпты көрінісі болып табылады. Егер көрсеткіштер негізгіден жоғары болса, бұл денсаулық сақтаудың жұқпалы аурулар жарақаттар, жеткіліксіз тамақтану, ана, жүктілер, жаңа туған нәрестелердің денсаулығын қорғау сияқты проблемаларына көп назар аудару керектігін дәлелдеуі мүмкін.


Егер көрсеткіш төмен болса, бұл бұзылуларға әлсіз диагностикасын, жатырлық өлім-жітімнің, туу кезіндегі немесе өмірдің бастапқы кезеңіндегі өлім-жітімнің жоғары коэффициентін білдіруі мүмкін – өлім-жітімнің мұндай көрсеткіштері мүгедектік жөніндегі статистикада ескерілмейді, сондай-ақ есепке анықтау мен қоюдағы кемшіліктерді көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, Еуропалық академия сарапшылары мұндай негізгі көрсеткіштерді көбінесе өнеркәсіптік дамыған елдер бойынша деректермен салыстыруға болады деп санайды, аталған көрсеткішті біржақты қабылдау кездеспейді, пікірлер әр түрлі, алайда, мүгедектік коэффициенті мүгедек балаларды қолдау тиімділігінің көрсеткіші саналады.

Қазақстанда 2016 жылдың 1-қаңтарында 18 жасқа дейінгі 75 712 мүгедек балалар тіркелген, бұл 1,4%-ды құрайды (2012 жылы 1,3%). Қазақстандық көрсеткіш негізгіден төмен, бұл бұзылулар диагностикасы, өлім-жітім (жатырлық, нәрестелік), есепке анықтау және қоюмен байланысты проблемалардың болуы туралы айтады. Алайда көрсеткішті өсіріп, негізгіге жақындату дұрыс саналмайды, тек балалар мен отбасылар амандығының барлық сапалы сипаттамаларын жақсарту керек.



Абсолютті сандар тұрғысынан, мүгедек балалардың ең көп саны ОҚО (17286 бала), Алматы облысына (8 396 бала) тиесілі. Өңірлік көріністі алу үшін өңірдің 1000 бала халқына шаққандағы балалар саны көрсеткішіне бағытталған жөн. Осыдан, Қазақстанда 1000 бала халқына 13,9 мүгедек бала келеді. Тіркелген балалар мүгедектігінің ең көп саны Қызылорда (1000 балаға 15,7 жағдай), СҚО және Маңғыстау облыстарына (1000 балаға 15,4 жағдай), ОҚО (15,2) тиесілі. Кейбір өңірлердегі балалардың аз үлесі балалар мүгедектігінің аз саны туралы айтады, бұл дәлірегі анықтау мен тіркеудің жеткіліксіздігінің көрсеткіші.
40-диаграмма. Мүгедек балалардың саны, 2016 ж.басы



Дереккөз: ҚР ДСӘДМ , ҚР ҰЭМ СК. 1000 бала жасына сан авторлармен есептелінді.
Мүгедек балалар санының абсолюттік деректері халық санының көрнекі артуын көрсетеді, егер 2012 жылы 65 844 бала тіркелсе, 2016 жылдың басында 75 712 бала.
41-диаграмма.2012-2015 жж. аралығында мүгедек балалар са нының өзгерісі



Дереккөз: ҚР ДСӘДМ, ҚР ҰЭМ СК.
Төрт жыл ішіндегі динамикада (2012-2015 жж. арасында) балалар саны 15%-ға (немесе 9 868 балаға) артты. Өсімнің ең жоғары көрсеткіштері Астана (48,2%), Маңғыстау облысы (28,9%), Алматы (27,2%), Жамбыл облысында (20,0%) байқалады.

32-кесте. 2012-2015 жж. Аралығында облыстар бойынша мүгедек балалар санының өзгерісі

 

2012

2015

%-дық өзгеріс

Ақмола

2434

2585

6,2

Ақтөбе

2502

2908

16,2

Алматы

7581

8396

10,8

Атырау

2419

2846

17,7

ШҚО

4401

4760

8,2

Жамбыл

4441

5330

20,0

БҚО

2525

2545

0,8

Қарағанды

4669

4884

4,6

Қызылорда

3823

4444

16,2

Қостанай

2275

2478

8,9

Маңғыстау

2813

3626

28,9

Павлодар

2690

2660

-1,1

СҚО

2092

2103

0,5

ОҚО

14617

17286

18,3

Алматы

4116

5237

27,2

Астана

2446

3624

48,2

Қазақстан

65 844

75 712

15,0

Дереккөз: ҚР ДСӘДМ, ҚР ҰЭМ СК.
Мүгедек балалар санының көбеюі Қазақстандағы мүгедек балалардың абсолютті және салыстырмалы санының өсімін ғана емес, сондай-ақ балаларды анықтау, тіркеу және алдағы қорғау жағдайларының артуын білдіреді. Мүгедектікпен байланысты әлеуметтік стигма төмендегеніне қарамастан, мүгедек балаларды кем есептеудің белгілі бір дәрежесі сақталады. Балалардың белгілі саны «жасырын мүгедектікке» ие, және олардың мүгедек ретінде тіркелмегені туралы сандық емес дәлелдер қатары кездеседі. Себептері: баланың ата-анасы немесе баланың өзі «мүгедек» мәртебесін ұзақ уақыт қабылдамауы; медициналық тексеруден өту және МӘС қорытындысын алу қызметінің географиялық және әлеуметтік-экономикалық қолжетімсіздігі ауыл тұрғындары үшін өзекті; кешіккен диагностика; әлсіз хабардарлық.

Бала мүгедектігінің жалпы құрылымында көшбасшы нозологияларға келесілер жатады: дамуында туа біткен кемістіктер - 30%; жүйке жүйесінің ауралары - 28,6 %; психикасы бұзылу және мінез-құлықтың ауытқуы - 15,8%.47 Осыдан, фертильді жастағы барлық әйелдерге, әсіресе жүкті әйедерге, сондай-ақ бүлдіршін жастағы балаларға (аурулардың ерте диагностикасы) скрининг өткізудің сандық және сапалық жағдайын нығайту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет