15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi.
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнiң күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегiн реттеудiң басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленедi.
4. Баланы оның денсаулығына қауiп төндiруi немесе бiлiм алуына кедергi келтiруi не оның денсаулығына және дене бiтiмi, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтiк жағынан дамуына нұқсан келтiруi мүмкiн кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.15 N 253, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |