Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары



Дата08.02.2022
өлшемі202,8 Kb.
#123513
Байланысты:
ХІТ-21-05 Турсин Жақсыгүл тарих 10 апта үй жұмысы


Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы мен жолдары
Дайындаған: Турсин Жақсыгүл Тобы: XIT 21-05 Қабылдаған: Еришева Толқын

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына айрықша мән береді. Мұны Елбасының халыққа арнаған Үндеулерінен де байқауға болады. Яғни, өзінің баяндамаларының барлығында әрқашан да елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығын айрықша атап өтіп отырады. Сондықтан, елдік ұстанымға сай, еліміздегі барлық этностар арасында достық қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруі және әртүрлі діндер арасында өзара түсіністіктің орнауы берік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқан.
Қазақстандық қоғам бүгінде 140 конфессия мен 40-тан астам конфессия өкілдері тұратын этносаралық және конфессияаралық плюрализм мен толеранттылықтың бірегей үлгісі болып табылады.
Біздің елімізде әрбір адамның кез келген дінді ұстану немесе ешбір дінді ұстанбау құқығын 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы 15 қаңтарда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы"Қазақстан Республикасының Заңы қамтамасыз етеді.
Бүгінде Қазақстан дінаралық үнқатысу орталығы ретінде әлемге танылып отыр. Оның айқын дәлелі үздіксіз, Астанада араға үш жыл салып, 2003, 2006 жылдары және 2009, 2012, 2015 жылдары тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері дәлел бола алады.
Бұл шараларға сол жылдары әлем елдері жоғары баға беріп, Қазақстанның жағымды бет-бейнесін қалыптастыруға себеп болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.
Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.
15 жылдың ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығын сақтауда – еліміздегі әртүрлі конфессиялардағы халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі басты мәселе саналады. Елімізде 820-ға жуық этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар Бейбітшілік және келісім сарайы мен облыстық Достық үйлерінде орналасқан.
https://melimde.com/
https://assembly.kz/analitika/
http://www.ankpvl.kz/kaz/about
https://atamuraweb.kz/
Пайдаланылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет