Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы


-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою



бет9/9
Дата27.02.2020
өлшемі0,8 Mb.
#58695
1   2   3   4   5   6   7   8   9
90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім

қабылдайды.

Ескерту. 90-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

91-бап. <*>



Ескерту. 91-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

92-бап. <*>



Ескерту. 92-бап алып тасталды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi

1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.

2. Саяси партияның сайлау қоры:

1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;

2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.



Ескерту. 92-1-баппен толықтырылды - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

93-бап. <*>



Ескерту. 93-бап алып тасталды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

93-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясын өткізу тәртібі

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау Республика Президенті шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізіледі.

2. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына аумағында сессия өткізілетін, Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі дауыс беруге дейін он күннен кешіктірмей дауыс беру өткізілетін орын туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.

3. Сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізілетін үй-жайда Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.

4. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясының өткізілгендігін куәландыратын құжат аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылатын сессияның хаттамасы болып табылады.

5. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін сессия жабылады.



Ескерту. 93-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

94-бап. Партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау

1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

2. Партиялық тізімдер бойынша сайлаудың нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде белгіленеді, олар сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Сайлау нәтижелері туралы хаттама жасалады.

3. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.

Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

94-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.

2. Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі дауыстарды санау хаттамасын жасайды, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария етіледі және сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

3. Дауыстарды санау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.

Ескерту. 94-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

95-бап. Мәжiлiс депутаттарының сайлауы кезiнде қайта дауыс беру

1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін бұзушылық орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық

сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қайта дауыс беруді тағайындайды.

2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде сол партиялық тізімдер бойынша, сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

Ескерту. 95-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

96-бап. Мәжiлiс депутаттарын қайта сайлау

1. Егер партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылған болса, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайта дауыс беру сол сайлау

учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі.

2. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса не бастапқы сайлауды өткізу кезінде адам сайланбай қалған жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.

3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей немесе Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мерзімде өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларының қысқартылған мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

4. Қайта сайлауды өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

Ескерту. 96-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

97-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау

1. Республиканы тұтас алғанда Мәжiлiс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде анықтайды.

2. Алып тасталды - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.

97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің қорытындыларына қарай бөлу

1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жеті және одан да көп процентін алған әрбір партиялық тізім үшін біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Жеті проценттік кедергіден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті процентін тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партиялардың партиялық тізімі жіберіледі.

Екі саяси партияға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді.

Жеті проценттік кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан партиялардың тізімімен алынған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

Жеті проценттік кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан саяси партия кемінде екі мандат алады.

4. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген іс-әрекеттен кейін бөлінбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргізіледі. Бөлінбеген мандаттар осы баптың 3-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігіне (қалдығына) ие болған партиялық тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тіркелген партиялық тізімге беріледі.

Осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезінде бөлінбеген мандаттар дауыс беру қорытындысы бойынша жеті проценттік кедергіні еңсерген партиялық тізімге беріледі.

5. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы осы Конституциялық заңның 89-бабының 4-тармағына сәйкес партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде саяси партияның басшы органы алынған депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындамаған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен партия алған депутаттық мандаттарды бөлу мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тіркелген тізімдерге сай жүзеге асырылады.

6. Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен саяси партияның тізіміне енгізілген кандидаттар арасынан саяси партияның басшы органы осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындайтын келесі кандидатқа беріледі.

Тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос қалады.

Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш және саяси партияның басшы органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме бере отырып, кандидаттардың партиялық тізімдегі кезектілігін өзгертуге құқылы.



Ескерту. 97-1-баппен толықтырылды - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

98-бап. Мәжiлiс депутаттарын тiркеу

Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді.

Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

99-бап. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткiзу

1. Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.



Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

100-бап. Конституциялық Кеңестiң Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы

1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжiлiс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжiлiс депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағында партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы бұл әкімшілік-аумақтық бөліністердің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

4. Конституциялық Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы оны жарамсыз деп тану және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды.



Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.

13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының


сайлауы

101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау

1. Мыналар:

1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы, заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, кезектi сайлауды;

2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;

3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутат сайлауын тағайындау үшiн негiз болып табылады.

2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.

3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығының, мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімінің негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.

4. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссиясы тағайындайды.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.

Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары басқа күнге тағайындауы мүмкін.

5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмі жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.

6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар

Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.

Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуды белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және

өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады.

2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестік не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.

3. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiк жоғарғы органының шешiмi:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.

4. Азаматтардың мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.

5. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнде кандидат болып ұсыныла алмайды.

6. Сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, депутаттыққа кандидаттар ұсыну, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне бiр ай қалғанда аяқталады.

7. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiсті округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.

8. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркеу

1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

РҚАО-ның ескертпесі!

1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелердің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

Бұл ретте салық қызметi органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәліметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшінде беруге мiндеттi.

2. Қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, тиiстi сайлау округi бойынша кандидат ұсыну жөнiндегi отырысы хаттамасының үзiндiсi;

2) азаматтың өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiктен осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

4) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

РҚАО-ның ескертпесі!



5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған жағдайда жүргізіледі.

3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар:

1) осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер бар болған ретте жүзеге асырылады;

3) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

РҚАО-ның ескертпесі!



4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат болған ретте жүзеге асырылады.

4. Тiркеуге мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.

5. Мәслихат депутаттығына кандидаттар тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына табыс етiледi.

6. Округтiк сайлау комиссиясы:

1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi баспасөз құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып тiркеу туралы хабар жариялайды;

2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;

3) мынадай жағдайда:

кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;

кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

кандидат сайлау алдындағы үгітті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;

кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;

сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;

РҚАО-ның ескертпесі!

3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгі анықталғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.

7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмнiң жойылуына қоғамдық бiрлестiк немесе кандидаттың өзi аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа жетi күн мерзiм iшiнде шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде шешiм шығарады.

8. Мәслихат депутаттығына кандидатты тiркеу, егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгiленбесе, сайлау күнiнен екi ай бұрын басталып, сайлау күнiне жиырма бес күн қалғанда аяқталады.

Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

105-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Мәслихат депутаттығына кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгі кезеңде округтiк сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын қайтып ала алады.

2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктiң, қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнің жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс берiп, мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi немесе кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.



Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.

106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

Кандидаттың сайлау қоры:

1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;

2) кандидатқа өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген, жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгі жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс қаражаттан;

3) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының үш жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.



Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

2. Мұндай жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.



Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.

2. Мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде округтiк сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Мәслихат депутаттары сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылып, сайлау өткiзiлген күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiлетiн хаттама жасалады.

3. Дауыс беру нәтижесi мен сайлау нәтижесiн анықтаумен байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

109-бап. <*>



Ескерту. 109-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады.

4. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды.

2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледі.

3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тiркеу

1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайланған мәслихаттар депутаттарын тiркейдi.

2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы округтiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, мәслихат депутаты сайлауын жарамсыз деп тануы және мәслихат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл орайда мәслихат депутаттығына кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн iшiнде шешiм қабылдайды.



Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

113-бап. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткiзу

1. Мәслихаттар депутаттарының қайта сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы осы Конституциялық заңда мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Мәслихат өкiлеттігінің конституциялық мерзімiнiң аяқталуына бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.



Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi


өзiн-өзi басқару органдарына сайлау


Ескерту. 14-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау

1. Мыналар:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға;

2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс.

Сайлауларды өткiзу тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды.

3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.



Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

115-бап. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне қойылатын талаптар

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлану құқығы болуға тиiс.

Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiндегi сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде:

1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады;

2) округтiк сайлау комиссиясының қызметiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы атқарады;

3) сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда болады.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiмдi жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

3. Азаматтар жиналысының шешiмi:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.

5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды.

6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi.

7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады.

8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.

9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.



Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

РҚАО-ның ескертпесі!



1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкілеттi мемлекеттiк органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы және мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.

Бұл ретте салық қызметі органдарынан кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.

2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:

1) азаматтар жиналысының хаттамасы;

2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi;

3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

4) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

РҚАО-ның ескертпесі!



5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

5) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.

3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мына құжаттар:

1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

3) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

РҚАО-ның ескертпесі!

4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.

5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.

6. Аумақтық сайлау комиссиясы:

1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;

3) мынадай жағдайда:

кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажеттi құжаттарды табыс етпеген;

кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

кандидат сайлау алдындағы үгiтті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi жүргізген;

кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;

сот кандидат пен оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;

РҚАО-ның ескертпесі!



3-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.

7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмiнiң жойылуына азаматтар жиналысы немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап үш күн iшiнде шағым жөнiнде шешiм шығарады.

8. Кандидатты тiркеу сайлау күнiнен жиырма күн бұрын басталып, оған он үш күн қалғанда аяқталады.

Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44; 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы мүшелігіне кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кезеңде тиiсті аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.

120-бап. <*>



Ескерту. 120-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелiгіне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол бір айдан аспауға тиiс.

2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.



Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.



Ескерту. 122-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау

1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.

2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.



Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

4. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



Ескерту. 124-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.

1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.

2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.

126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.

2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.



Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзу

1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы өкiлеттігiнің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзімi аяқталуына бір жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзілмейдi.



Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді -ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

128-бап. <*>

Ескерту. 128-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртiбi

1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.

2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi.

3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртiбiмен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.

4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.

5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi.

6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.

7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.

Ескерту. 129-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

130-бап. <*>



Ескерту. 130-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi

Республика Конституциясында көзделген, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң қолданысқа енгізілгеннен кейiн тағайындайды.

Ескерту. 131-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

132-бап. <*>



Ескерту. 132-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы

Осы Конституциялық заң:

1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;



2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет