Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарының нұсқамалары



бет43/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

36-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарының нұсқамалары

      1. Анықталған жолсыздықтарға не мемлекеттiк нормативтерде көзделген талаптардан (ережелерден, шектеулерден), өзге де мiндеттi талаптардан ауытқушылықтарға (сәйкес келмеушiлiкке) байланысты сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерiне (субъектiлердiң атынан өкiлдiк ететiн жауапты адамдарға) нұсқама береді.

      2. Нұсқамаларға қол қою құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға ғана берiледi.

      3. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдары заңдарға сәйкес берген нұсқамалар Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi.

      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет