Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар



бет42/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
35-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

      1) алып тасталды

      1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;

      1-2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтағы объектілердің құрылысына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары;

      2) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері жатады.

      4) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.

      3. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерiне:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылу себептерiн анықтау және оларға талдау жасау;

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi жол берген мемлекеттiк нормативтер мен талаптардың (ережелердiң, шектеулердiң) бұзылуын, сондай-ақ олардың зардаптарын жоюға бағытталған әсер ету шараларын өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолдану;

      3) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу кiредi.

      4. Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тиiстi сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарының өкілеттiктерi шегiнде белгiленедi.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV , 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет