44-бап. Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары
1. Жекелеген өңірлердің (облыстың немесе осы облыстың шекарасынан аумақтық тұрғыдан шықпайтын агломерациялар аумақтарын қоса алғанда, оның қандай да бiр бөлiгiнiң) аумақтарын ұйымдастыру (игеру, жайғастыру, құрылыс салу) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасы негiзiнде жүзеге асырылады.
Кешендi схемалар Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына және тиiстi аумақтық дамудың аймақаралық схемасына сәйкес әзiрленедi.
2. Аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мемлекеттiк қала құрылысы саясатының мақсаттарын сол аймақтың аумағындағы әлеуметтiк-экономикалық, өндірiстiк-шаруашылық және табиғи-климаттық жағдайларды, оны аймақтарға бөлуді ескере отырып айқындайды, сондай-ақ:
1) жайластыру жүйелерiн жетiлдiрудiң;
2) елдi мекендердi, өндірiстiк, көлік, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың;
3) аумақтарды табиғи және антропогендiк, техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғаудың;
4) қала құрылысы құралдарымен және әдiстерiмен экологиялық жағдайды жақсартудың;
5) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектiлердi сақтаудың негiзгi бағыттарын белгiлейдi.
Аумақтарды пайдалануға қойылатын шектеулердi ескере отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және оларды пайдаланудың интенсивтiлiгi анықталады.
3. Кешендi схемаларда осы өңірдегі елдi мекендердiң, қала маңы аймақтарының шекараларын белгiлеу, резервтiк аумақтарды қоса алғанда, аумақты кешендi дамыту үшiн ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар қамтылуға тиiс.
4. Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5. Аймақтар аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын бекiту осы заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |