47-бап. Елдi мекендердiң бас жоспарлары
1. Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Елдi мекендердiң бас жоспарлары қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамытуды кешендi жоспарлауды айқындайтын және аумақты ұйымдастырудың бекiтiлген бас схемасы мен аймақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасына сәйкес әзiрленетiн негiзгi қала құрылысы құжаты болып табылады.
Тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елдi мекендер белгiленген тәртiппен бекiтiлген, қолданыстағы бас жоспарлармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендерде негiзгi қала құрылысы құжаты ретiнде осы қонысты дамыту мен оған құрылыс салудың белгiленген тәртiппен бекiтiлген схемасы (бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы) болуы мүмкiн. Шағын елдi мекендердiң құрамын, күтiп ұсталуын, дамытудың және оған құрылыс салудың схемаларын әзiрлеу мен келiсу тәртiбiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган анықтайды.
3. Бас жоспарда:
1) әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар ескерiле отырып, елдi мекеннiң аумағын дамытудың негiзгi бағыттары;
2) осы аймақтардың аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу және пайдалануды шектеу;
3) елдi мекеннiң құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы;
4) жердi басымдықпен иелiктен айыру және сатып алу аймақтары, резервтiк аумақтар;
5) аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар;
5-1) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көліктік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;
6) елдi мекендi тұрақты дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де шаралар белгіленедi.
4. Тарихи қала құрылысы жағынан құнды елдi мекендi дамытудың бас жоспары тарихи-сәулеттiң тiрек жоспары ескерiле отырып әзiрленуге және оған тарихи құрылыс аймақтары мен ескерткiштердi қорғау жобалары қоса тiркелуге тиiс.
5. Елдi мекеннiң бас жоспары жаңа бас жоспар бекiтiлгенге дейiн не қолданылып жүрген бас жоспарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде енгiзiлген өзгерiстер бекiтiлгенге дейiн қолданылады.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |