43-бап. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзiрленедi, екi және одан көп облыстың (не олардың бөлiктерiнiң), агломерациялардың, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің шекараларын есепке алмай, әлеуметтiк-экономикалық немесе экологиялық аудандардың аумақтарындағы өзара келiсiлген (шоғырландырылған) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн қызмет етедi және:
1) жоспарланатын аумақты аймақтарға бөлудi;
2) аумақты қала құрылысына игеру мен дамытуды;
3) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндiргiш күштердi, көлiк, инженерлiк, әлеуметтiк және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру мен орналастыру жүйесiн кешендi дамыту жөнiндегi шараларды;
4) табиғатты ұтымды пайдалану, ресурстармен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды айқындайды.
5) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Аумақты дамытудың аймақаралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлескен тапсырысы бойынша әзiрленедi.
3. Аумақты дамытудың өңіраралық схемасын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
4. Тараптар бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде әзiрленген және мүдделi тараптар бекiткен аумақтық дамудың мемлекетаралық схемалары Қазақстан Республикасы мен шектес шет мемлекеттер аймақтарының аумақтарында өзара келiсiлген (үйлестiрiлген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi үшiн негiз болып табылады.
Аймақты дамытудың мемлекетаралық схемаларын әзiрлеудi, келiсудi және бекiтудi, сондай-ақ оларды iске асыруды қатысушы мемлекеттер тарапынан қолдау жөнiнде шаралар қолдану тәртiбi халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |