Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Елдi мекендердiң аумақтарын аймақтарға бөлу



бет54/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

48-бап. Елдi мекендердаумақтарын аймақтарға бөлу

      1. Елдi мекендердiң бас жоспарлары (дамыту және құрылыс салу схемалары) олардың аумақтарын аймақтарға бөлуді көздеуге, жекелеген функционалдық аймақтардың нақты аумағын пайдалану түрлерiн айқындауға, олардың пайдаланылуына шектеу белгiлеуге және:

      1) адам мекендейтiн және тiршiлiк ететiн қолайлы ортаны;

      2) халықтың және өндiрiстiң шектен тыс шоғырлануын болғызбауды;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, қоршаған ортаны ластанудан қорғауды;

      4) тарих және мәдениет ескерткіштері бар аумақтарды қорғауды;

      5) аумақтарды антропогендiк, техногендiк процестердiң және төтенше жағдайлардың қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғауды;

      6) қолайсыз табиғи құбылыстардың әсерiн азайтуды қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстағы ролiне, әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары мен өндiрiстiк-шаруашылық мамандандырылуына қарай қалалар мен селолық елдi мекендердiң аумақтарында функционалдық аймақтардың мынадай түрлерi:

      1) тұрғын аймақтар;

      2) қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақтар;

      3) рекреациялық аймақтар;

      4) инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдары аймақтары;

      5) өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары;

      6) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар;

      7) арнаулы мақсаттағы аймақтар;

      8) режимдiк аумақтар аймақтары;

      9) қала маңындағы аймақтар;

      10) санитариялық-қорғаныш аймақтары;

      11) резервтегi аймақтар (қала құрылысы ресурстары) белгiленуi мүмкін.

      4. Тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) рекреациялық аймақтардың аумағы, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының аймақтары бөлінген шекараларда болуға және мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігі ескеріле отырып, жайластырылуға тиіс.

      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет