60-1-бап. Құрылыстағы баға белгілеу
1. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар:
1) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен объектілер құрылысын салуға арналған шығындарды жоспарлауды;
2) техникалық-экономикалық негіздемелердің дұрыстығын және мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражаты есебінен салынатын объектілер құрылысының сметалық құнының айқындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
2. Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар:
1) экономикалық жағдайлардың дамуын ескере отырып қолданыстағы сметалық нормаларды талдауды және жаңартуды;
2) құрылыс өндірісінің жаңа тиімді технологияларының сметалық нормаларын әзірлеуді;
3) құрылыс материалдарының, бұйымдардың, жабдықтың ағымдағы бағаларын мониторингтеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңартуды қамтиды.
Ескерту. 9-тарау 60-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |