БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Ашық сабақ
қаңдай болу керек
және не үшін керек?»
Дайындаған: Н.А. Сатин
2014-2015 оқу жылы
Мектептегі сабақ-оқушының өмірінің негізгі бөлімі, сондықтан дұрыс қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасауды талап етеді. Мектеп қабырғасынаң оқушының жан-жақты білімді тәрбиелі болып шығуы – мұғалімнің қаңдай болуы керек екендігін ойландырады.Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдерден өз кәсіби шеберліктерін шындауды, жаңартуды талап етеді. Мұғалім теорияны практикамен байланыстырып, ғылым мен практиканың озат іс-тәжірибелерін ардайым күнделекті сабақтарындапайдалануы қажет.
Мұғалімнің негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетіндамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу. Осы мақсаттарды іске асыру барысында мектепте көптеген игі істер атқарылады.
Жас мамандарға көмек көрсету, сабақтарына қатысып, талдау жасау, бағыт бағдар беру, жаңа технологияны іс- тәжиребеге еңгізіп, оны ортаға салу, пікір алмасу.
Осы мақсаттарды тоқсан сайын мұғалімдердің «ашық сабақ» беруі жоспарланады.
Өздеріңе шеберліктеріне, іскерліктеріне қарай мұғалімдер жаңа технологияны қалай пайдаланады, ашық сабақта көрсетуге тырысады. Көрсетілген ашық сабақтар дәрежесі қаңдай, одан басқа мұғалім өзіне қандай сабақ алады? Яғни ашық сабақтар қаңдай болу керек және не үшін керек? Сұрағы туады. Көрсетілген ашық сабақ сонымен бірге мұғалімнің 45-минутты тиімді, дұрыс пайдалана білуін көрсетуі.
Соңдықтан ашақ сабақ бермес бұрын мұғалімнің жан-жақты дайындығы, практика-жүзінде тәжірибесініңбелгілі бір дәрижеде қалыптасуы, жинақталуын керек етеді. Яғни мұғалімнің ашық сабаққа дейін ізденуі, тәжірибе жинақтап, өз шеберлігін жетілдіруі қажеттілігі туады.
Сабақтың үнемі белгілі бір тәртіппен өтуі. Мысалы: үй тапсырмасын тексеру, өткенді тексеру, жаңа мәлімет беру оны бекіту және қайтадан үйге тапсырма беру-осындай өзгеріссіз өтілетін сабақтар оқушы қызығушылығын жоғалтады. Сабақта өзі жұмыс істемеген оқушының сол сабақты меңгеру дәрижесі де төмен болмақ. Біздің соңда міндетіміз оқушының өздігінен білімді игеру тәсілдірін меңгеруі, сол мақсатты жұмыс ұйымдастыру, соның ішінде оқушының жүмысы-бірінші орында. Жеке жұмыс, екі оқушының, бірнеше оқушы топпен жұмысы- еңбек ету жолы, өзі еңбектеніп нәтижесіналуы, оқушы үшін берері көп. Яғни нәтижесі де баянды болмақ. Біз көрсететін ашық сабағымызда міне осы мәселеге көп көңіл аударымыз керек. Оқушы жұмысын қйымдастыру, оныңжолдары. Нәтижесі, тиімділігі.
Еңбегіне қарай оның бағасының да әділетті, дұрыс болатынына сенуімізге болады.
Мектепте соңғы жылдарда тәжірибелерін ортаға салып, жақсы нәтиже көрсете білген мұғалімдеріміз бар. Сол себепті еңбегіңе қарай, жемісін көретінімізге сенуге болады.
Ашыө сабақтар соңдай еңбектеріміздің кілті. Дұрыс ұйымдастыралған, басқаға өнеге болатын ашық сабақтар өткізе алатын дәрежеге жете білулеріңізге сәттілік тілеймін
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар!»
АБАЙ
Ашық сабақ
Өткізген: Н.А. Сатин
Түпкі мақсат: Эпосты жырды бала тіліне Жақын тілментүсіндіру, оның халық өнеріне деген сүйіспеншілігінен қызығушылығын арттыру
Сабақ мақсаты: батырлар жырының мәнің манызын ашу, жырдағы жағымды, жағынсыз кейіпкерлердің мінезін ажырату.
Сабақ түрі: Бекіту сабағы.
Оқушылар сабаққа кіреді, орындарына отырадыСабақ ән айтуға арналған жатығулардан басталады
Жаттығу 1 айтылады созылып
Жаттығу 2 айтылады көңілді
Сабақ «Жыр деген не?» - деген сөзге жауап беруден басталады. Оқушылар «жыр», «жыршы», «жырау», «эпос» деген сөздерге анықтама түсінік беру. Өтіп жатқан «Алпамыс батыр» жыры әрі қарай жалғасады.
Алпамыстан қорыққан Тайшық ханға көмекке Мыстан кемпір келеді. Мыстан кемпір жағымсыз кейіпкер ол зор жауыздықтың, қастандық иесі.
Мыстанның алдағанына сенген Алпамыс құрығына түсіп қалар.
-Бірақ Алпамыс үнемі алғандыққа салынбайды-ол ақылды, он саусағынан өнер тамған шебер. Сырнай мен қызы Қарағөзайымның көмегімен Алпамыс зынданнан жеңіп, хан мен мыстаннан кегін алады.
4. Жыр мен соңына дейін кітаптан танысу. Арманыны жеткен Алпамыс батыр жырынан біз не білдік?
- Жағымды кейікерлерді ата:
Алпамыс, Гүлбаршынсұлу, Байбөрі, Аналың, Құлтай, Жәдігер, Шұбар ат
Жағымсыз кейіпкер:Мыстан кемпір, Ұлтан, Барамша
Соңымен Алпамыс кім? /батыр, ержүрек, отан, қорғаушы, ақылды, шебер/
Соңымен: Батырлар жыры дегеніміз батырлар ерлігін жырлайтын, өз оқиғасынан алынған 7-8 буынға құрылған, белгілі бір саранмен айтылатан жыр. Жырда «сөз» негізгі болып саналады, ал жырдың әуені тақпақ сазды негізінде құрылып, өлең мәтініне сай орындалып отыра алады.
Кітаптан «Бастау»-ды айтып естірту»
«Байбөрінің сөзі» кітаптан оқушылармен орындау
5.Міне балар сендер енді «жыр» деген үлкен ұғымды естіп, оқып, түсінік білдіндер. «Алпамыс батыр» жыры сияқты қазақ жырлар көпболған. Олар халыққаүлкен қазына, рухани азық болған. Осы эпостың жырлар 2 түрге бөлінер болған: 1- лира-эпостық; 2-Батырлар жыры. Лиро-эпостық жыр дегеніміз ғашықтық тақырыбына құрылған жыр, яғни жігітпен қызға арналған. Мысалы: «Қах Жібек» жыр, «Айман-Шолпан» жыры
6. «Алпамыс батыр» жыры, 35 б. жаттау
Жаттығу орындау. Музыкалық сауат
7. Ното ұзақтықтарын қайталау
Бүтін нота: 1-еу,2-еу,3-еу,4-еу
Жартылық нота:1-еу,2-еу
Төрттік нота:1-еу
Сегіздік нота:1
8. Ән үйрену: И. Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда»
«Домбырасыз ән қайда?»
Музыкасын жазған: И.Нүсіпбаев
Сөзін жазған: Х. Талғаров
1.Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қомбаған
Қ-сы: Домбырасыз ән қайда,
Домбырасыз сән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма
2.Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жансып деп
Елге күйін арнаған
Абай, Жамбыл, сал Біржан
Таңғалдырып ән салған
Жүрегіңді жандырған
Естіген жан тамсанған
9. Қорытындылау: Сұрақ-жауап
Әннің нота жазбасында қаңдай нотаұзақтықтары кездеседі ?
10. Бағалау.
11. Үй тапсырмасы: «Домбырасыз ән қайда?» әннің сөзін қайталау.
Музыка
Ашық сабақ
Тақырыбы: «ХАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗ КҮЙІМДІ»
Өткізген: Н.А. Сатин
Сабақ тақырыбы: «ХАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗ КҮЙІМДІ»
Сабақтың мақсаты:
Құрманғазының мұрагері Динамен кездесуі туралы мағлұмат беру, жаңа ақпараттар еңгізу.
Атақты күйшілер туралы білімдерін кеңейте түсу, сөздік қорларын молайту
Өнерді нәсихаттай отырып оқушыларды өнерге баулу, әсемдікке бейнелеу
Көрнекті құралдар: Құрманғазы мен Динаның портреттері, домбыра, ұнтаспа, слайдтар, интерактивті тақта, соқпалы музыкалық аспаптар.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: кірістірілген
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезені: 1.Күй әуенімен, оқушылар кіріп, отырып, орындарына жайғасады
2. Кіріспе:
-Қайырлы күн балалар. Отырындар
- Балалардың амандасу:
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Балалар бүгін музыка сабағына қаңдай музыкамен кіріндер, қаңдай музыкалык аспаптың үні естіліп тұрды?
Дұрыс домбыра- қағып шертіп ойнайтын ішекті музыкалык аспап. Домбыра дегенде ең бірінші ойымызға не түседі, балалар?
Күй. Ал күй дегеніміз не?
Күй домбырада ойналатын музыка
Балалал домбырада, қобызда, сыбызғыда қазақтың музыкалық аспаптарында орындалатын әуен сазды күй деп атайды.
«Екі ішектің бірі қатты, бірін сәл-сәл кем бұра».
«Қазақ нағыз қазақ емес, қазақ деген- домбыра», деп Қ. Мырзағалиев домбыраға арнап өлең жолдарын жазған
3.Ал, қазір, балалар, мен сендерге домбыра туралы «Қос ішек» атты аңыз әнгімелепберем.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, сол аңшы жігіт биік таудын қиясын, қалын қарағайдын арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бір күні жолы болып, биік таудын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарыпалып тастайды.
Содан арала алайлар өткенде аңшы жігіт аң атуға баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, қулағына бір ызындаған дауыс естіледі. Барып қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарта-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Сол ішектен ызындаған дыбыстың шығып тұрғанын аңғарады
Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе, ызындап, жаңға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып, жылағандай болып аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын», деп ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып келсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтың аспабына айналады.
Ал, осы домбыраның құдыреті үшін бізге жеткізген Құрманғазы Сағырбайұлы (суреті ілінеді).
«Домбыра мұнша шешен болды неге? Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің. Саусағым тиіп кетсе ішегіңе», деп Қасым Аманжолов ағамыз осы өлең жолдарымен ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы шығармашылығының сырын, болмыс сипатын толық бейнелеген.
Күй атасы Құрманғазы теңдесі жоқ ұлы күйші,19 ғасырдың аса көрнекті композиторы. Құрманғазы 1823 жылы Батыс Қазақстан обылысы, Жаңақала ауданы, Жиделі ауылында дүниеге келген. Жас кезеңнен домбыраға құмар, өнерге ықыласты болған. Алғашқы ұстазы Ұзақ. Құрмнғазы – күй өнері арқылы әділетсіздікпен теңсіздікке қарсы күрескен дара тұлға. Оның : «Сары арқа», « Балбырауын», «Адай», т.б. көптеген күйлері асыл тундылар. Дүние жүзіне әйгілі болған Құрманғазы атындағ халық аспаптары оркертрі, күй атасының ардақты атын өнер шыңдарына көтеруде.
Күй тыңдау: «Балбырауын». Күйдің тарихы:Немістің Браун дегн графтың баласына Құрманғазыны шақыртып, домбыра ойнатып, қонақтарды таң қалдырмақшы болады. Брауннның баласына арнап Құрманғазы «Балбырауын» күйін шығарады.
Балалар көз алдарыңа не елестеттіңдер? Қандай әсер алдыңдар?
Қорыту: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап.
«Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім».
Мұқағали Мақатаев
Достарыңызбен бөлісу: |