Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы



бет65/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
63-бап. Құрылыс жобасы

      1. Жаңа үйлер мен ғимараттардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылыс жобасы (жобалау-сметалық құжаттамасы) объектінің орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзділігін, құрылыс жүргiзу және құрылысы аяқталған объектiні пайдалануға тапсыру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдеу шешімдері мен өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс.

      Құрылыс жобаларына жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде орындалған және:

      1) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеуге немесе ғимараттар мен құрылысжайларды реставрациялауға;

      2) пайдаланылатын объектілерді реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға немесе техникалық қайта жарақтандыруға;

      3) авариялық үйлер мен ғимараттарды бұзуды қоспағанда, өз ресурсын тауысқан бөлшектенетін объектiлердi кейiннен кәдеге жаратуға;

      4) құрылысы тоқтатыла тұрған аяқталмаған объектілерді консервациялауға (консервациядан алуға) арналған жобалау-сметалық құжаттама да жатады.

      2. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылыс жобасының жобалық шешiмдерi мен көрсеткiштерi оны iске асыру кезiнде мiндеттi болып табылады.

      3. Құрылыс жобасы:

      1) тапсырысшы бекiткен, жобалауға берілген тапсырмалар, жер учаскесiн (алаңдарды, трассаларды) таңдау мен бөлу (пайдалануға берiлген рұқсат) жөніндегi материалдар, объектiнi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық талаптары, инженерлiк iзденулердiң, тапсырысшының жобалау алдындағы қызметiнiң нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы деректердiң нәтижелері негiзiнде;

      2) құрылыстағы инвестициялардың заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге, техникалық-экономикалық есептерге), ал қажет болған жағдайда жобада қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың мердiгермен келiсiлген тiзбесiне сәйкес;

      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес;

      4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді.

      Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша құрылыс жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.

      Бекiтiлген қала құрылысы және (немесе) сәулет жобалары болған жағдайда құрылыс жобасын әзірлеуге арналған бастапқы құжаттама оларда қабылданған шешімдерге сәйкес келуге тиіс.

      4. Осы Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда нобай (нобайлық жоба) құрылыс жобасы болып табылады.

      5. Бекiтiлген құрылыс жобасына құрылыс-монтаж жұмыстары барысында өзгерiстер енгiзу тәртiбi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган заңдарда белгiлеген тәртiппен бекiтетiн мемлекеттiк, авторлық және техникалық қадағалау жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV, 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет