4-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi
Қазақстан Республикасының аумағында адамның мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.
Азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғаларға, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiне қатысты жұмыстар (қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының аумағында орындау құқығы заңдарда белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.
5-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi
1. Мыналар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы;
2) облыстардың, аудандардың аумақтары;
3) елдi мекендердiң және олардың бөлiктерiнiң аумақтары;
4) функционалдық аймақтар;
5) тиесiлi технологиялық және инженерлiк жабдықтарымен ғимараттардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын объектiлер;
6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар;
7) мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарих және мәдениет, табиғи және қалалық ландшафт жылжымайтын ескерткiштерi.
2. Қалалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері ретінде:
1) ірі қала (халық саны 500 мыңнан көп);
2) үлкен қала (халық саны 100 мыңнан 500 мыңға дейін);
3) орташа қала (халық саны 50 мыңнан 100 мыңға дейін);
4) шағын қала (халық саны 50 мыңға дейін) болып бөлінеді.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |