Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi



бет4/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясы объектiлерi:

      1) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне;

      2) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне;

      3) ерекше реттеудi және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететiн жекелеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiне;

      4) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне бөлінеді.

      2. Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектілеріне:

      1) экологиялық апат және (немесе) төтенше жағдайлар аймақтары;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

      3) су қорғау аймақтары мен белдеулері;

      4) тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын бірегей және сирек кездесетін ландшафтық объектілері бар аумақтар;

      5) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтік мақсаттағы аумақтар;

      6) қала маңындағы аймақтар;

      6-1) агломерациялар аумақтары;

      7) режимдік аумақтар аймақтары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше реттелетін аймақтарға жатқызылған өзге де аумақтар жатады.

      3. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне:

      1) Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық маңызы бар қалалар;

      2) халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын қалалар;

      3) курорттық қалалар мен кенттер;

      4) тарихи, мәдени құндылықтар не қорғалатын ландшафтық объектiлер бар елдi мекендер, олардың бөлiктерi немесе оған iргелес жатқан аумақ, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктердегі қоныстар;

      5) әскери қалашықтар, шекара заставалары және өзге де жабық объектiлердегi қоныстар;

      6) ерекше (төтенше) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлары бар аудандарда, сондай-ақ экологиялық және техногендік зілзалалардан не өзге де қолайсыз құбылыстар мен процестердің әсер етуінен зақымданған аймақтарда орналасқан елді мекендер жатады.

      4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:

      1) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерi;

      2) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi;

      3) адамның өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға көрiнеу қауiп төндiретiн объектiлердi қоса алғанда, арнаулы мемлекеттiк немесе шаруашылық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ғимараттар;

      4) мүгедектердің тұруына, келіп-кетуіне және жұмыс істеуіне арналған үй-жайлар мен ғимараттар жатады.

      4-1. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары бойынша айқындайды.

      Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін әрбір құрылыс объектісі бойынша ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспары бекітіледі.

      5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.12. N 38 , 2006.12.11. N 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 180-IV ; 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет