34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері
1. Мердігер (бас мердігер) тапсырыс берушіден:
1) жасалған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайлар ұсынуды;
2) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
2. Мердігер (бас мердігер):
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық (кiру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлері мен нысандарын жүзеге асыруға;
3) атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуге;
4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтарды) уақтылы жоюға;
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сауалы бойынша орындалып жатқан (орындалған) құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;
7) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың нұсқауларын орындауға;
8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына кедергі келтіруге және араласуға жол бермеуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 6-тарау 34-3-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |