Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-2-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны және оны жүргізу мерзімдері



бет67/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

64-2-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны және оны жүргізу мерзімдері

      1. Құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама қаралып отырған жобаны әзірлеу құнына шығындарды жатқыза отырып, сараптамаға тапсырыс берушілер мен сараптама ұйымдары жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.

      2. Қаржыландыру көзiне қарамастан, мемлекеттiк сараптама ұйымы салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.

      3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары салалық сараптамалардың қатысуымен орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптамалық ұйымның арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді.

      Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен объектілердің құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құннан төмен болмауға тиіс.

      4. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі мен ұзақтығы (мерзімдері) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен айқындалады және құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметінің барлық субъектілері үшін бірыңғай болып табылады.

      Ескерту. 64-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет