3-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТI
СУБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI
14-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорыннан (қол жеткiзiлуге шек қойылған ақпараттарды немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негiздеменi дайындауға, құрылыстағы инвестициялар негiздемесiне, аумақты игерудi жоспарлауға және (немесе) онда құрылыс салуға, объектiлердi жобалау мен салуға, сондай-ақ оларды кейiннен пайдалануға қажеттi ақпаратты (мәлiметтердi, деректердi, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұрауға және алуға;
2) қала құрылысы регламенттерi, сервитуттар немесе өзге де нормативтiк талаптар (шарттар, шектеулер) шегiнде меншiкке сатып алынған не иеленуге, пайдалануға берiлген жер учаскелерiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;
3) кәсіби қоғамдық ұйымдар құруға құқығы бар.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2014 N 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |