4-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ
18-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiсаласындағы лауазымды адамдар мен мемлекеттiк басқару органдары
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы реттеудi жүзеге асыратын, сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын атқаратын лауазымды адамдар мен мемлекеттiк басқару органдары:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiмен сабақтас болып табылатын мәселелер бойынша өздерiнiң арнаулы өкiлеттiктерi шегiнде өзге де орталық атқарушы органдар;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары болып табылады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |