Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерiжөніндегi уәкiлеттi органның құзыретi



бет16/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

20-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерiжөніндегi уәкiлеттi органның құзыретi

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органның құзыретiне:

      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу;

      1-1) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      1-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      1-4) аумақты дамытудың өңірлік схемаларын әзірлеу және келісу;

      2) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6-1) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6-2) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      6-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      6-4) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      6-5) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;

      6-6) Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңартып отыру;

      6-7) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      7) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      8) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      10) алып тасталды

      11) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылық ету;

      11-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      11-2) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзiрлеу және бекiту;

      11-3) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын әзiрлеу және бекiту;

      11-4) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11-5) қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11-6) бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту тәртібін айқындау;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      11-7) тармақша 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-баптан қараңыз).

      11-7) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;

      11-8) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11-9) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;

      11-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11-11) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларын бекіту;

      11-12) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      12-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;

      12-3) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      12-4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;

      13) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      13-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер беру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру;

      14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      14-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

      15-1) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      16) алып тасталды

      17) алып тасталды - 2006.01.10 N 116 Заңымен.

      18) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау;

      18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;

      19) техникалық регламенттердi әзiрлеу;

      19-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

      20) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      21) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      22) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      22-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;

      22-2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      23) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;


      23-1) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      23-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді көрсетудің қағидаларын бекіту;

      23-3) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізудің қағидаларын бекіту;

      23-4) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      23-5) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту;

      23-6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту;

      23-7) техникалық регламенттерді бекіту;

      23-8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту;

      23-9) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту;

      23-10) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      23-11) құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту;

      23-12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау және іс-қимылдарын үйлестіру;

      23-13) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу;

      23-14) құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекiту;

      23-15) жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту;

      23-16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, бекіту, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою;

      23-17) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту;

      23-18) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      23-19) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      23-20) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      23-21) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      23-22) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;

      23-23) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;

      23-24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      23-25) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;

      23-26) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;

      23-27) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      23-28) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      23-29) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;

      24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.12 N 38, 2006.01.10 N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.21 N 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 180-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 N 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет