№ 18 Дәріс. Эмбрионды трансплантациялау технологиясы. • Ресейде зародыштарды трансплантациялау бойынша облыстық орталар құрылды және оларда тұрақты бұзаулар - транспланттар алады, олар Воронежде (Ю.А. Скрипицин, 1992), Тулада (19878), Омбыда (Т.А. Авдеева, 1994) және басқалары.Суперовуляцияның қазіргі әдістері аналық жыныс бездерінде пайда болатын аналық жыныс клеткалардың санын 10-20 есеге көбейтуге мүмкіндік береді: саулық пен сиырда 25-ке; мегежіндерде 40-45-ке: биелерде 5-ке: егеуқұйрықтарда 90-ға дейін Англияда 1983 жылы сиырдан бір ретте 27 зародыш алып, сосын оларды рецепиентке отырғызып 19 бұзау алынды. Зародыштарды ұзақ сақтау олардың қорын құру (зародыштардың банкін) мүмкіншілік береді. Етті тұқымды малдардың зародыштарын сүтті сиырларға отырғызу етті бұқамен сондай сиырларды ұрықтандыруға қарағанда артықшылыгы жоғары, өйткені ол қара малдың етін көбейтуге ықпал жасайды.
• Әрбір жатыр мүйізіне бір бірден зародыш отырғызу арқылы егіз алуға болады.Зародышты отырғызу әдісін физиологияның, буаздылықтардың патологиясын және түрлік гибридизацияның көп сұрақтарын оқуға қолдануға болады. Мысалы, саулықтарға ешкінің зародыштарын отырғызғаннан кейін лақтар, ал ешкілерге саулықтардың зародыштарын трансплантациялаудан кейін - қозылар туады.
• Негізгі трансплантацияның элементі ол денісау донор және рецепиенттер, толық азықтармен қамтамасыз етілген, жақсы ұсталынған болу керек.
Трансплантация жұмыстарын келесі үлгіде жүргізіледі:
- донор және реципиенттерді іріктеу
- донорларда көптік овуляция (суперовуляция) тудыру және оларды ұрықтандыру
- донорлардан зародыштарды алу.- зародыштарды бағалау, культивациялау және сақтау
- реципиенттің жыныс циклының донордың жыныс циклымен синхрондау.-зародыштардың рецепиент организміне морула немесе бластула стаысында отырғызу.
Донорларды таңдау Донорларды таңдау көптеген жағдайларда донор сиыр ретінде потенциальды (күшті) асыл тұқымды бұқа шешелерін таңдайды.
• Донорларды таңдау тұқымды шаруашылықтарда, негізінен сүт өнімділігі жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда жүргізіледі.
Трансплантациялау тәжірибесінде бұқа шешелері тобына бөлінген донор сиырларды таңдап, бағалауды екі кезеңде өткізеді. Бірінші кезеңде сүт өнімділігі мен майлылығы деңгейінде бағаланады, екінші кезеңде желін мен емшек пішіні, сүт беру қасиеті, резистенттілігі, сүйек, тұяқ беріктілігі, типі, ұдайы өндіру сапалары ескеріледі.
• Қой шаруашылығында да донорларды жоғары өнімді аналықтардың қатарынан таңдайды. Бұл кезде жоғары жүн қырқылуы, тірі салмағы тәрізді көрсеткіштер ескеріледі.
• Донорларды дайындау жұмысын трансплантациялаудан 2 ай бұрын бастайды. Бұл кезде қозыларды бөліп, мал дәрігерлік санитарлық өңдеу жұмыстарын өткізеді.
• Микроэлементтер мен витаминдер қосып, азықтандыру сапасын жоғарылатады.
• Суперовуляцияны тудыру
• Полиовуляцияны индуцирлеу (тудыру). Донорларды таңдаған соң, көптік овуляцияны индуцирлеуге кіріседі. Бұл үшін буаз биенің қағанағын өндіретін гонадотропин немесе ауылшаруашылығы малдарының гипофизынан алынатын гипофизарлы гормондар ФСГ қолданылады.
• Осы гонадотропиндерді қолдану арқылы сиырлардың 70%-да суперовуляция тудыруға болады. Яғни, суперовуляцияны өткен 30%-ды гонадотропин белсендіруіне әсер етпейді. Овуляцияның орта есептегі саны 8-10-ға тең. СЖК гонадотропинінің оптимальды мөлшері 2500-3000 ӨБ. Оның мөлшерін көбейткенде овуляцияланбаған фолликул саны ұлғаяды.
• Суперовуляцияның жоғарғы әсері эстральды циклдың 10-17 күн аралығында ГСЖК және 48 сағаттан кейін сары дене регрессиясын, жыныс күйіті мен овуляцияны тударатын эстрофан егуінен туады. Эстрофан еккен соң, 48 сағат бойы 98% донор сиырларда барлық эструс белгілері бар суперовуляция өтеді. Бұндай технологиядан соң орта есеппен 10 овуляция, ал ұрықтандырылғаннан кейін аналық жыныс клеткасының 80%-дың ұрықтану болатыны дәлелденген.
• Осы гонадотропиндерді қолдану арқылы сиырлардың 70%-да суперовуляция тудыруға болады. Яғни, суперовуляцияны өткен 30%-ды гонадотропин белсендіруіне әсер етпейді. Овуляцияның орта есептегі саны 8-10-ға тең. СЖК гонадотропинінің оптимальды мөлшері 2500-3000 ӨБ. Оның мөлшерін көбейткенде овуляцияланбаған фолликул саны ұлғаяды.
• Суперовуляцияның жоғарғы әсері эстральды циклдың 10-17 күн аралығында ГСЖК және 48 сағаттан кейін сары дене регрессиясын, жыныс күйіті мен овуляцияны тударатын эстрофан егуінен туады. Эстрофан еккен соң, 48 сағат бойы 98% донор сиырларда барлық эструс белгілері бар суперовуляция өтеді. Бұндай технологиядан соң орта есеппен 10 овуляция, ал ұрықтандырылғаннан кейін аналық жыныс клеткасының 80%-дың ұрықтану болатыны дәлелденген.
• Донорларды ұрықтандыру.Суперовуляция нәтижелері донорлардың тиімді ұрықтануы арқылы анықталады. Донор сиырларды ұрықтандыруға қолданылатын бұқа ұрығына қойылатын талап, басқа сиырларды ұрықтандыруға қолданылатын ұрықтарына қарағанда жоғары болуы керек. Бұндай бұқалардың ұрығының ұрықтандыруға жарамдылығы 70% астам болуы керек. Қолдан ұрықтандыру уақтылы өткізу үшін бұқа ұрықтарының ұрықтандыруға жарамдығы ғана емес, сонымен қатар күйітінің уақытын да анықтау қажет.
• Суперовуляция кезінде овуляцияға ұшыраған аналық жыныс клеткаларының саны көбеюіне байланысты, әр мөлшерде кемінде 50 млн үдемелі қозғалыстағы ұрықтар болуы мүмкін. Донор сиырларды қолдан ұрықтандырудың жоғары тиімділігі ректоцервикальды әдіс арқылы жүзеге асырылады, бұл әдіс донордың жыныс жолдарының жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді.
• Қолдан ұрықтандыру өткізілген күнді ұрықтандырылан күн деп санайды. Бұл күнді нольмен белгілейді де, осыдан бастап эмбрион дамуын санаққа алады.
• Зародыштарды алу.Аналық жыныс клеткалардың ұрықтануы аналық жыныс түтікшесінде өтеді. Пайда болған өскіндер бөлінеді және олардың көпшілігі ірі қара малда жатыр мүйізіне 4-ші күнде түседі. Бірінші ұрықтандырғаннан кейін сиырлардың зародыштарын 7-8 күнде, саулықтардікін 5-6 күнде алу тиімді. Зародыштарды алу үшін хирургиялық емес және хирургиялық әдістерді қолданады.
• Донор сиырды сойған соң эмбрионды жуып алу Бұл әдіс соңғы жылдары сиырларға қолданылып жүр. Аналық жыныс клеткаларының овуляция мен ұрықтандырудан кейінгі 4-ші күні жыныс түтігінен жатыр мүйізіне өтетіні белгілі.
• Осыған қарай қолдан ұрықтандырудан 3 күннен соң эмбриондарды жыныс түтікшесін жуып алуға болады. Оларды жуып алу үшін 20 мл Дюльбекк ортасы қажет. Бұлай эмбриондарды алу әдісі ауылшаруашылық саласында қолданылады.
• Б) Эмбриондарды хирургиялық әдіспен алу (зертханалық жануарлар және ұсақ мал). Қой, ешкі, мегежіндерде тек лапоротомия тәсілін ғана қолданады. Себебі бұл жануарлар сиырларға қарағанда өте ұсақ.
• Эмбрион жуып алатын ерітінділер өте көп. Бірақ негізгі екеу: ол фосфорлы буфер ерітіндісі және ТСМ-199 фосфорлы-буфер ерітіндісі жазбаша дайындалынады. Бұлар бөлме температурасында екі апта ішінде қолданылады.
• Екінші ерітінді ТСМ-199 өз стандартымен эмбрион көшіруге арнайы шығарылған.
• Эмбриондарды жуып алғаннан кейін оларды бағалайды.