15.3. Көлік-трассологиялық сараптама Көлік-трассологиялық сараптама көліктің жаяу жүргіншіге, қоршаған өзге де объектілерге зақым келтіруден пайда болатын іздерді зерттеумен айналысады. Аталған сараптама классификациялық міндеттерді шешуге бағытталған, оның ішінде көліктің дөңгелегімен немесе өзгеде жұлынған детальдарымен қалдырылған із бойынша көліктің моделін, түрін анықтайды.
Диагностикалықжәнеситуациялық міндеттер – соқтығысу жерінің қозғалыс бағытын анықтау, соқтығысу бұрышын анықтау т.с.с. бұл міндеттер сот көлік-трассологиялық сараптамасы бойынша дайындығы бар сарапшы-автотехникпен жүргізіледі.
Идентификациялық міндет– көліктің ізі, өзара контактілеу іздері, бөлініп қалған детальдары бойынша көлікті теңдестіруге бағытталған. Аталған зерттеулер криминалист-трассологтармен кейде криминалист-материаловедтермен жүргізіледі.
Көлік дөңгелектерінің іздерін зерттеу кезінде келесі классификациялық сұрақтар шешілуі мүмкін:
ұсынылған іздер көлік құралы дөңгелегімен қалдырылған ба ?
жеңіл немесе жүк құралымен із қалдырылды ма, көліктің моделі (мотоцикл, велосипед т.с.с.) ?
шинаның моделі;
қай детальмен (бөлшек) із қалдырылды ? т.с.с.
Диагностикалық міндеттерді шешу үшін қойылатын сұрақтар:
КҚ қай бағытта қозғалды ?
КҚ тоқтату немесе бұрылыс жасады ма ?
із қалдырған шинаның ақауы (дефект) бар ма ? (ақауы, дәрежесі)
іздердің пайда болу механизмі қандай ? (сырғу, соғу)
көлікте қалдырылған іздер басқа көлікпен соқтығысудан пайда болған жоқ па ?
Ситуациялықміндеттерді шешу үшін қойылатын сұрақтар:
жәбірленушінің денесіндегі зақымдар КҚ-ң қай бөлшектерімен қалдырылды ?
соқтығыс болған кезде жәбірленушінің орналасқан жері (салон, кузов т.с.с.);