«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Өрт-техникалық сараптама



бет79/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105
Байланысты:
treatise8925

16 тақырып. Өрт-техникалық сараптама

Өрт-техникалық сараптаманың зерттеу объектілері термикалық зақымға ұшыраған ортаның орны, термикалық от әсеріне ұшыраған заттар мен материалдар, механизмдер мен құрал-жабдықтар, сол сияқты фактілі деректер, оның ішінде оқиға болған жерді қарау туралы, тергеу экспериментінің хаттамалары, суреттер мен сызбалар т.с.с. заттай объектілер өрт туралы мәліметтің тасушысы болғандықтан тергеушімен алынады немесе объектілердің ірі габаритті болуына қатысты суретке түсіріліп сарапшыға жіберіледі немесе сарапшымен сол жерде зерттеледі.


Аталған сараптаманың заты өрт-техникалық сараптаманың әдістерімен өрттің пайда болу себебін (өрттің пайда болу жағдайын) анықтайтын кешен болып табылады. Өрт-техникалық сараптаманың заты өрт болғанға дейін және кейін объектілердің күйін, оның орын алуына себеп болған жағдайлар туралы мән-жайларды жатқызамыз. Сараптама өрт, кісі өлтіру, ұрлық т.с.с. фактілерге қатысты жүргізіледі. Сол сияқты, залалды өтеуге қатысты азаматтық істер бойынша тағайындалады.
Аталған сараптаманың келесі түрлері бар, олар:

  • Жанудың ошағын және таралу бағытын анықтау сараптамасы.

  • Электр қондырғылардың өрттің пайда болуына қатысты байланысын анықтау сараптамасы.

  • Әр түрлі жылу көздерінің өрттің пайда болуына қатысты байланысын анықтау сараптамасы.

  • Материалдар мен заттардың өз-өзінен жану мүмкіндігін анықтау сараптамасы.

  • Жануды үдеткіштердің болуына қатысты өрттің байланысын анықтау сараптамасы.

Аталған сараптаманың міндеттерін (барлық міндеттер диагностикалық-ситуациялыққа жатады) шешу үшін келесі жағдайларды анықтау қажет, олар:

  • өрттің ошағын және өрттің таралуын, оның таралу уақыты мен ұзақтығын;

  • жылуберу мен қызу жабдықтарының техникалық күйін, электр құралдар, өрт зонасында орын алған механизмдер, объектілердің өртпен өзара байланысын;

  • қысқа тұйықталудың пайда болуын;

  • қатты қызған беттерден әр түрлі тұтану және энергияның әсерінен жанар майлардан жануы т.с.с.

Сараптаманың міндеттеріне сол сияқты лауазымды тұлғалардың, өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар әрекеттерін зерттеу де жатады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет