Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Қазақстан Қайта құру жылдары (1985-1991 жж.). М. С. Горбачевтің Реформалары. Идеология мен саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер



бет34/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

32. Қазақстан Қайта құру жылдары (1985-1991 жж.). М. С. Горбачевтің Реформалары. Идеология мен саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер.
Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО-да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер болды. Бұл идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Қайта құрудың басы деп 1987 жылды саналады, себебі 1987 жылдың қантар айындағы ЦК КОКП пленумында «қайта құру» саясаты мемлекттің дамуының бастапқы бағыты деп жарияланған. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Кеңес саяси жүйесіне реформа.
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.
КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы Республикалары, Украина, Қырғызстан).
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.
КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі соққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сүлейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.
1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.
Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15 одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген қазақ мектептер жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола алмады. 1979 жылы Целиноград қаласында жастар шеруі Кеңес үкіметі билігіне қарсы болды. Ал келесі ірі наразылық 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды.
1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республикалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады.
1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнаткан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет