35. Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қазақ КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қазақ КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.
1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденциясы) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шартта Дербес Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар үкімет органдарын және басқару құрылымын, жаңа Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту алға қойылды. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді. Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачевті жақтаушылар бұл құжатта қарама-қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қаупінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.
Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді деп сескенді. Жаңа шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, оппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, КСРО ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.
1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачевті денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице–президент Г.И.Янаевтың тағайындалғанын мәлімдеді.
Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примьер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы билік өкілдері тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономикалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу.ТЖМК КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.
КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев елдегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төңкеріс. Қырымда демалып жатқан КСРО Президенті Михаил Горбачев бұл оқиғадан бейхабар еді.
ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртүрлі болды.
Қырғызстан, Украина өз аймақтарында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономикалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.
Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Мәскеудегі тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.
1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.
1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке ұшырады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», «Семей ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.
Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партияны тарату туралы шешім шықты.Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.
ТМД-ның құрылуы 1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - деп атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.