Қазақстан Республикасындағы тiл туралы


-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері



бет21/22
Дата04.06.2020
өлшемі41,62 Kb.
#72265
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Тіл туралы Заң тарау баптары

25-5-бап. Ономастика жұмысының критерийлері

      Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері:

      1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;

      2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік;

      3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру;

      4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;

      5) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да адамдардың есімдерін беру болып табылады.

      Ескерту. 5-тарау 25-5-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 72-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



26-бап. <*>

      Ескерту. 26-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

6 тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет