Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті қойды.
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41-бап) және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес белгіленген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президентті жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
ҚР-ның Конституциясында Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы белгіленді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Президенттікке үміткер адам міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін белгілейді.
Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді.
ҚР-ның Конституциясы бойынша Кез келген ұлттың мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматы Қазақстан Республикасы Президенті бола алады.
Президент лауазымына үміткерге қойылатын тағы бір талап - үміткер жеке бір табынушылыққа қызмет етпеуі тиіс. Мұндай талап Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипатынан туындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Президент сайлауының негізгі құқықтық бастауын белгілейді. Президенттің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясы Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 проценттен астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 процентінен астамын алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңы Президент сайлауы тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейді.
ҚР-ны Конституциясы бір адамның Республика Президенттігіне қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайтындығын көздейді. Сонымен бірге Президенттік лауазымға қатарынан екі рет сайланған азамат болашақ Президент лауазымына сайлану үмітін жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентті сайлаудың негізгі құқықтық бастамасы белгіленген. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы жүргізілмейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот мүшелерінің қатысуымен салтанатты жағдайда халыққа ант бергеннен кейін қызметіне кіріседі.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi мемлекеттегi президенттiк басқару нысанының мазмұнымен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi.
Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі.
Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің өкілеттік мерзіміне Сенаттың он бес депутатын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды.
ПрезиденттіңҮкіметке қатысты өкілеттігі.
Президент Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде оның енгізген ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды.
Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі.
Президент Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін қызметке тағайындайды; Конституциялық заңға сәйкес оларды мерзімінен бұрын қызметінен босатады.
Президенттің_Соттарға_және_судьяларға_қатысты_өкілеттігі.'>Президенттің Соттарға және судьяларға қатысты өкілеттігі.
1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады; 2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Президенттің әкімдерге қатысты өкілеттігі.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдерін қызметке тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының келісімімен тағайындайды; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады.
Президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі.
Президент республиканың Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы болып табылады.
Президенттің құқықшығармашылығы.
1995 жылғы ҚР Конституциясы Президентке:
1) тікелей заң шығармашылығы өкілеттігін берді.
2) өзінің құқық шығармашылығы өкілеттігін берді.
3) жанама заң шығармашылығы өкілеттігін берді.
Достарыңызбен бөлісу: |